Home » Жаңалықтар » Өскелең ұрпақтың қазақ мәдениетіне жасалған алғашқы саяхаты

Өскелең ұрпақтың қазақ мәдениетіне жасалған алғашқы саяхаты

   2020 жылы 5 ақпанда Нұр-сұлтан қаласы №64 мектеп лицейінде «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында №43, №38, №57, №64 мектептердің ұйымдастырумен «Master art» жобасының аясында суретшілер және мүсіншілермен арт-семинар өткізілді. Кешіміздің қонақтары Қазақстан Республикасының суретшілері академиясының еңбек сіңірген қайраткері Батанов Тілеужан Бағыбайұлы, Еуразия ұлттық университетінің «Сәулет және архитектура факультеті» деканының орынбасары Самуратова Тәттігүл Какенқызы және Нұр-сұлтан қаласы суретшілер одағының өкілі Түсіпханов Ерлан Кеңесбекұлы болды.
Семинар қатысушылары суретшілер мен мүсіншілер одағының мүшелері және Л.Н Гумилев атындағы ЕҰУ «Сәулет және архитектура факультеті», «Шабыт» университетінің студенттері оқушыларға шебер-сыныптарын өткізіп, балаларды эстетикалық құнды туындыларын таныстырып, қоршаған орта әсемдігін балаларға жеткізе білді. Сонымен қатар семинар барысында мектептің оқушылары мен мұғалімдері , №1 өнер мектебінің суретшілері өз шығармышылықтарымен бөлісуге мүмкіндік алды.
Семинар нәтижесінде өскелең ұрпақтың қазақ мәдениетіне жасалған алғашқы саяхаты олардың бейнелеу өнері туралы түсініктерін кеңейтуге және қазақ мәдениетіне деген қызығушылықтарды арттыруға көмектесті деп сенімді түрде айта аламыз.

Ақмырза ӘЛИМАН
«BILIM AINASY»
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.