Home » Мақалалар » Кемелі мықты мектептің кемеңгері  бола білген — ұстаз бен оқушы

Кемелі мықты мектептің кемеңгері  бола білген — ұстаз бен оқушы

Карбозова Аяужан Жамантаевна
Нұр-Сұлтан қаласы
№ 27 мектеп – лицейінің
оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,
өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.
Ыбырай Алтынсарин.

Дүниеде мамандық атаулының төресі – ұстаздық. Ұстаздың қолғанаты-оқушы. Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.

Ең алғаш басшылыққа келген қадамымды қарамағымдағы ұстаз білімі мен оқушының талабынан бастап бақылап, жақсы нәтижеге жетудің жолын қарастырудан бастадым. Зерттей келе оқытушының білім сапасын арттыра отырып, оқушыларды жан-жақты дамыту керегіне көзім жетті. Оқушыны сабақтан бөлек жан-жақты іс-шараларға қатыстыру арқылы оқушының қабілеті мен қызығушылығын арттыру барысында түрлі іс-шаралар өкізілді.

Айта кететін болсақ, оқушылардың өз Отанына, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту мақсатында  бірінші  Президент мұражайында, «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында 8–сыныппен Асел Қоянбайқызы ашық сабақ өткізді.

Ана мен баланың бір-біріне деген махаббатының қаншалықты терең екенін ұғыну мен  түсіну мақсатында Ұлттық мұражайда  «Анасын сағынған бала» тақырыбында 5-сынып оқушыларына қазақ әдебиеті пәнінен Толқынай Оңталапқызы ашық сабақ өткізіп, оқушылармен пікірталас жүргізді.

Ұстаз біліктілігі мен білімін арттыру мақсатында Сердалы Толқынай Оңталапқызы «Жаңа мектепке –жаңашыл ұстаз» тақырыбында өткен Республикалық конкурсқа қатысып, бас жүлдеге ие болды.

«Тәуелсіз ел жастары» қоғамдық қорының шешімі (1 хаттама) бойынша І Республикалық жас мұғалімдердің мәртебесін көтеру мақсатындағы форумға қатысып, «Үздік жас ұстаз — 2018» төс белгісімен  Бимыкова Асел Қоянбайқызы марапатталды.

Үш тілді дамыту барысында  Қабденов Алмас Серікболұлы химия-биология пәнінен ағылшын тілі курсын аяқтап, қазіргі таңда 8-9 сынып оқушыларына ағылшын тілінде дәріс беруде.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Дарынды оқушылардың қабілетін айқындау, дамыту» жобасы аясында өткен « Физика пәнінің үздік педагогы-2020» атты республикалық байқауға Алимбекова Гауһар Абылхасымқызы қатысып,  I дәрежелі диплом мен «Білім саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Дәл осындай марапатпен «Биология пәнінің үздік педагогы — 2020» атанған Қабденов Алмас Серікболұлы.

2020 жылы білім беру саласында көрсеткен жетістіктері үшін Бимыкова Асел Қоянбайқызы мен Сердалы Толқынай Оңталапқызы республикалық  «Жылдың үздік ұстазы» төсбелгісімен марапатталды.

Еліміздегі пандемияға байланысты қашықтықтан оқыту барысында ONLAIN MEKTEP жобасын жүзеге асыруда қосқан өлшеусіз үлесі және ерен еңбегі үшін арнайы Білім министрінің «Алғыс хаты» және Құрмет грамотасымен Дүйсенбекова Айгүл Сәрсенбекқызы марапатталды.

Сондай-ақ ұстаз ұлағатын ұштастыра білген оқушыларымызда талай республикалық жарыстардан жүлделі болып жатыр. Соның ішінде бірнешеуін айта кететін болсақ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Тарих факультеті, Археология және этнология кафедрасының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасына орай «Ұлы даланың қасиетті құпиялары» атты Нұр-Сұлтан  қалалық мектеп оқушыларының арасында өткен ғылыми жобалар сайысында ІІ дәрежелі дипломмен Жамантай Сәт және ғылыми жетекшісі Бимыкова Асел Коянбайкызы жүлделі орындарға ие болды.

Ақтау қаласында өткен Республикалық «Шешендік өнер» сайысына Есекеева Амина қатысып, «Арнайы жүлде» номинациясымен марапатталып, пән олимпидасы бойынша қалалық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобадан І орын иегері атанып келеді, жетекшісі Сердалы Толқынай Оңталапқызы.

Қазақстан тарихы пәнінен 11- сынып оқушысы Сулейменов Диас ІІІ орын.  Оқ бойы озып келе жатқан шәкіртіміз  Рахметов Ильяс Қазақстан тарихы пәні бойынша аудандық кезеңде І орын, қалалық кезеңінен ІІІ орын, ғылыми жобалар сайысының қалалық кезеңінде ІІІ орынға ие болып келеді.

Қорытындылай келе, мұғалім мен оқушыға қолдау білдіре отырып,

талап пен еңбектің нәтижесінде көптеген  жетістіктерге  жетіп, өз дара жолымды қалыптастырып келемін. Алдағы жоспарларымда әлі талай биікті бағындыруға болатынына сенемін. Себебі мен өз ұстаздарымның білімі мен оқушыларымның қабілетіне сенемін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.