Үміт Жәңгірова,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ,
Математика мамандығының 1 курс магистрі
”Бала оқытуды жақсы білейін деген адам әуелі балаға үйрететін нәрселерін өзі жақсы білуі керек” –деп ұлы ағартушы А. Байтұрсынов айтқандай оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу — біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру — маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді»- — деген атақты ғалым Д.И. Писарев. Сондықтан, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Қазіргі заманымызда оқушының білім деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің бірі болып отыр. Оқушының білім деңгейін көтерудегі басты тұлға- ұстаз екені бәрімізге белгілі.
Оқушының білім деңгейін көтеру дегеніміз — оқушыны жан-жақты тәрбиелеп, ғылым негіздерінен берік білім беру, болашақ қоғамға пайдалы қызмет ететін азамат етіп шығару. Оқушының бойындағы білімін ары қарай тереңдетіп, жетілдіре түсу. Оқушыларға математикалық жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін – мұғалім. Математика сабағында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
Ақпараттық — коммуникациялық технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай — ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс — әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.
Қазіргі уақытта шағын жинақты мектептерде білім сапасын жақсарту мен қалалық және ауылдық мектептер арасында білім деңгейін теңестіру заманауи білім беру әдістерін пайдалану мен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу арқылы мүмкін. Осыған байланысты, педагогикадағы заманауи тәсілдерге сүйене отырып, шағын жинақты мектептерде білім беру деңгейін арттыру үшін BilimBook білім беру жүйесін пайдалану ұсынылуда. Осы жүйе балалар қолдану үшін арнайы компьютерлік құрылғыда орналасқан және де үш тілдегі заманауи интерактивті оқыту контенттері негізінде әзірленген.
Осы жүйенің әзірлемесі «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық зонасы базасында қазақстандық BilimMediaGroup компаниясымен жүргізіледі. Білім беру жүйесіне арналған компьютерлік құрылғылар өндірісі осы саладағы әлемдік көшбасшыларымен жүзеге асырылады. Барлық бағдарламалық қамтама Microsoft компаниясымен ұсынылған. Содан басқа, бастапқы кезеңде Microsoft халықаралық әзірлеушілермен бірге осындай білім беру жобаларының табысты тәжірибесі негізінде жоба барысын бақылап, Қазақстанда жобаның енгізілуі бойынша консультациялық көмек көрсетеді.
BilimMediaGroupкомпаниясы Қазақстанның көптеген қалаларында «Цифрлық Қазақстан» бірнеше мектепте іске қосты. Осы жоба шеңберінде мектептер жаңа модификацияланған кабинетпен (интерактивті тақта проектормен, сенсорлы ноутбук-трансформер, сейф-шкаф) жабдықталады. BilimBookтрансформер-компьютерінің контентіне 40 000 аса интерактивті сабақ, миллионнан аса видеоанимациялар, 30 000 аса тест сұрақтары кіргізілген. Bilimbook қазақ, орыс, және ағылшын тілдеріндегі 4 білім беру ресурсынан құрылған. Бұл BilimLand – әмбебап білім беру платформасы; iTest – ҰБТ мен ТКТ-ға дайындалуда оңтайлы көмекші құрал болып саналатын виртуалды жаттықтырғыш; iMektep – қазақ тілінде бастауыш мектептің толық бағдарламасы; Twig-Bilim – 1500 жуық қызықты танымдық фильмдерден тұратын кешен.
BilimBook оқуға ынталандыру және танымдық белсенділікті арттыру мақсатында оқушылардың жеке пайдалануы үшін арналған. Мұғалім үшін бұл білім беру процесіне инновациялық педагогикалық технологияларды, әдістер мен моделдерді енгізу құрылғысы.
Жаңа ақпараттық — коммуникациялық технологияларды сабақта пайдаланудың тиімділігі:
- Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
- Ақыл — ойын дамытады
- Шығармашылық белсендігін арттырады;
- Ұжымдық іс — әрекетке тәрбиелейді;
- Тіл байлығын жетілдіреді;
- Жан — жақты ізденушілігін арттырады.
Ақпараттық-білім берудегі басты мақсат оқушының өздігінен оқуға талаптандыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету болып саналады. Білім берудің кез-келген саласында «BilimBook»-ты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай логикалық ойлау жүйесін қалыптасыруға, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. BilimBook-ты пайдалану барысында оқушы екі жақты білім алады: біріншісі — пәндік білім, екіншісі — компьютерлік білім. BilimBook-ты пайдалану оқушының өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауына, теориялық білімін практикамен ұштастыруына мүмкіндік береді. BilimBook арқылы оқушы көптеген қосымша материал ала алады, осы алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтайды, өз бетінше жұмыс жасау қабілеті қалыптасады. BilimBook оқушының уақытын үнемдеуіне, бұрынғы алған білімдерін кеңейтуіне мүмкіндік береді. Әрбір оқушы қалаған тақырыптары бойынша тапсырмалар орындап, тестке жауап беріп, қосымша тапсырмаларды орындауға дағдыланады. BilimBook арқылы түрлі суреттер,сызбалар көрсетуге, дыбыс, және музыка тыңдауға болады. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық құралдардың атқаратын рөлі зор. Сабақта электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артқандығы байқалады. BilimBook оқушыға оқу материалын меңгеруге, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік береді. Математика пәніне арналған BilimBook-тың тест бөлімі арқылы оқушы әр тақырып арқылы толық ақпарат алады және білімін тексереді. Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы, кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы немесе тақырыпты қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап берудің тиімділігі бар. Видео — сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды ( фотосуреттер, сызбалар,тарихи мағлұматтар, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Видео — сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьютер және т. б. техникалық құралдардың көмегімен жақсы қабылдайтынын жақсы білеміз. Кез-келген жұмыс нәтижемен өлшенеді десек, презентация жасау және оны сабақ процесінде қолдану да әр мұғалімнің жұмысының нәтижесі деп білемін.
Математика сабағында АКТ-ның келесі түрлерін қолдануға болады:
- Сабақ кезінде жаңа материалды өтуде презентацияны ,видео-сабақтарды қолдану;
- Жаңа сабақты өту кезінде электронды оқулық, интернет материалдарының бірнеше фрагменттерін қолдану;
- Оқыған материалды бекіту немесе білім мен білікті қолдану сабағында.
- түрлі тапсырмаларды орындауда флипчарттарды қолдану;
Әр сабақта компютерлік технология арқылы барынша толық жұмыс істеу мұғалімнен шеберлікті, іскерлікті, өте жоғары ұйымдастырушылықты қажет етеді. Сабақ кезінде ақпараттық — коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы оқушының сабаққа деген қызығушылығын, яғни олардың білім, білік, дағдыларын арттыру мәселесін айтқым келіп отыр.
Мысалы: 8-сыныпта «Пифагор теоремасы» тақырыбын өткенде слайд-презентацияларды қолдану арқылы оқулықтағы тақырыпқа қосымша тарихи мәліметтер, суреттер, қызықты есептерді көре отырып, оқушылар түртіп алу әдісімен жұмыс істейді және берілген есептерді шығаруға, жауабын табуға талпынады. 6-сыныпта «Масштаб» тақырыбын өткенде, презентацияны пайдалана отырып, тақырыпты жеңіл меңгереді, нақты өлшем мен картадағы өлшем ұғымдарын салыстыра отырып жете түсінеді, өмірден мысалдар келтіріп, нақты өлшем мен картадағы өлшем және масштаб берілген жағдайда белгісізді таба білуге дағдыланды. Математика сабақтарында слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, түрлі мысалдар құрастыруға, математикалық сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге қолдануға болады. Математика сабақтарында презентация-слайдтардың көмегімен мысалдарды, есептерді тақтада көрсетуге, түрлі мысалдар құрастыруға, математикалық сергіту сәттерін ұйымдастыруға, бақылау, тест жұмыстарын жазған кезде оқушының білімін тексеруге қолдануға болады. Презентацияны математика сабақтарында жиі қолдану сабақтың сапасын елеулі түрде арттыратыны сөзсіз. Ұлы педагог Ушинский: «Бір рет айтылған әңгіме артынан қайталануы керек. Бұл ұмтылғанды еске түсіру емес, қайта ұмытып кетуді болдырмау » деген болатын. Оқыған материалды бекіту немесе білім мен білікті қолдану сабағында түрлі тапсырмаларды орындауда флипчарттарды қолдану оқушылардың интербелсенді тақта мүмкіншілігін пайдалана білу дағдыларын арттырады. 6 сыныптағы математика сабағында «Ұқсас қосылғыштарды біріктіру», 5 сыныптағы «Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сан» тақырыбы бойынша қайталау сабағында флипчарттарды қолдану оқушылардың қызығушылығын тудырды.Ол қызығушылығын ғана тудырып қоймай, білім қорының толығуына, сондай-ақ ақпараттық сауаттылықтың дамуына мүмкіндік туғызады.
Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Оқушылардың жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелетінін ұмытпауымыз керек.