Home » Балабақша » Мейірімділік әлемі

Мейірімділік әлемі

 «Өзінің ішкі сарайына көз жүгірте білетін әрбір адам – психологияның дап – дайын тұрғын дәрісі»- деп ұлы ұстаз К.Д.Ушинский айтқандай   «Ертөстік» тобына  психологиядан «Мейірімділік әлемі» атты ашық оқу қызметі өтті.

Мақсаты:   Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту; психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластық қарым-қатынасты дамыту.

Ашық оқу қызметі ең алдымен «Қарлығаш пен Дәуіт» атты ертегіні көрумен басталды. Балалар ертегі аяқталған соң  ертегінің мазмұнын өз ойларынша айта бастады, бұл ертегіден кейіпкерлердің мейірімд және көмек қолын созбаған кейіпкерлерге мінездеме берді. Одан соң психолог «Мейірімділік»  туралы түрлі мысалдармен түсіндіріп өтті. Балалардың нақты жауаптарынан соң, «Зейінге» байланысты «Құлақ — мұрын» жаттығуын, «Ойлауға» арналған «Ойлан да аяқта» ойыны, «Қабылдауға» арналған  «Гүл» жаттығуы, «Есте сақтауға» арналған  «Көңілді шеңбер»  жаттығуы ойнатылды.  «Болады-  болмайды» сергіту жаттығуын балалар қолдың көмегімен жасады. Ал интербелсенді тақтаның көмегімен балалар «Жүреміз, отырамыз» атты сергіту сәтін өте көңілді іс – қимылмен көресете білді.

Мейірімділік – анадан бастау алатыны бәрімізге белгілі. Сол себепті «Ана» сөзін асықты қолдану арқылы құрап жазды. «Суретті аяқта» суретін балалар өз еркілерімен орындай білді. Жалпы оқу қызметі өз дәрежесінде өтілді. Балалар өз білімдерін жинақтап тамаша әсерлерін білдіртті.

 

Қостанай облысы Аманкелді ауданы

«Жұпар» бөбекжай балалабақшасының психологы

Тулегенова Рауан Кенесқызы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.