Home » Балабақша »                   Қолдың ұсақ моторикасын дамыту

                  Қолдың ұсақ моторикасын дамыту

             «Ертөстік тобында» логопедиялық «Қолдың ұсақ моторикасына арналған жаттығулар мен ойындар» тақырыбында  ашық оқу қызметті өтті.Мақсаты: баланың ұсақ қол моторикасын дамыту, ойындар мен жаттығуларды ойнату.

Балалаар ең алдымен бұл ашық оқу қызметінде айнаны қолдану арқылы артикуляциялық жаттығулардан бастады. Одан соң «Түтікше» әдісін өз тәжірибелерінде көрсетті. Одан кейін балалар берілген  жаттығуларды өз еркілерімен орындап шықты.

«Моншақ қып тіз!» атты ойын жаттығуын балалар берілген жіпке қаз – қатар тізді. Ал балалар мозайканың көмегімен жаңбырдың жауғанын, суреттегі жаңбыр тамшыларын бояу арқылы  қызықты тапсырмаларды орындады. Одан соң шнурлы суреттен машинаны құрастырды. «Ағашты өрнектеу» тапсырмасын логопед екі топқа бөлек – бөлек тапсырма берді:1) сулы бояумен мақталы таяқшалардың көмегімен жасады;2) дайын ағаш бейнесін бас бармақтың көмегімен ермексазбен жасады.  Тағы бір қызықты тапсырма балалардың алдарына манка, тары, қарақұмық, күріш, қант, боялған тұз салынған ыдыстарға таратылып, сол ыдысқа алманың бейнесін салды. «Веселая гинастика» сергіту сәтін балалар өте жоғары деңгейде жасады. Жалпы логопедиялық ашық оқу қызметі жоғары деңгейде өтті, балалар өз ойларын ашық айта алды, берілген тапсырмаларды өз деңгейінде орындады.

 

Қостанай облысы Аманкелді ауданы

«Жұпар»  бөбекжай балабақшасының логопеды

Тулегенова Рауан Кенескызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.