Home » Жаңалықтар » ЕЛІМІЗДЕГІ 10 ЖОО-ДА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ

ЕЛІМІЗДЕГІ 10 ЖОО-ДА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ

2019 жылғы қараша айының соңына дейін ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы білім беру сапасын қамтамасыз ету Комитетімен еліміздегі 10 ЖОО-да тексеру жүргізілетін болады. Профилактикалық бақылау және бұрын-соңды анықталған бұзушылықтар аталған тексеру жұмыстарының негізі болып табылады.

Бүгінгі таңда 3 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары аяқталуда. Атап айтсақ, «Қайнар» Академиясы, «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты және Азаматтық авиация академиясы.

Заңнаманы өрескел бұзу фактілері анықталған жағдайда, әкімшілік айыппұл салу және білім беру қызметі бойынша лицензияның қолданылуын уақыша тоқтату арқылы әкімшілік істер қаралатын болады.

Қараша айының соңына дейін еліміздегі 7 жоғары оқу орнында тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.