Home » Мақалалар » Тәрбиеші – жан мамандығы

Тәрбиеші – жан мамандығы

Қалмырзаева Таңшолпан Әлімханқызы,
№20 бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі,
Жамбыл облысы,
Тараз қаласы

Адам баласы өмір жолында екі нәрседен қателеспеу керек дейді ғой. Соның бірі мамандық таңдау болып табылады. Ол ең маңызды нәрсе. Мамандық таңдауды еш нәрсемен ауыстыра алмайсың. Сондықтан да, мамандық таңдағанда қолыңнан келетін болашақта алып кетем- ау деген оймен таңдаған жөн деп ойлаймын. Абай атамыз айтқандай: «Неге арналсаң, соны істе» деп, қашанда адам өмірден орнын өз таңдауымен тапқан жөн.Мамандық таңдау деген өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзін араласқын келетін ортаны да таңдау.Менде таңдаған мамандығыммен, мектеп жылдарындағы қызықты сәттермен бөліскім келеді. Мен мектеп табалдырығында оқып жүргенімде бірнеше мамандық иесін таңдаған едім. Әрине ол кезде балалық болған шығар. Дәрігер, әнші,журналист айта берсем көп. Содан, бертін келе он бірінші сыныпқа аяқ басқанымда мамандық таңдау күрделі мәселе екенін түсіндім. Он бір жылдық мектепті аяқтағаннан кейін, Шымкент қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетіне оқуға түстім. Әрине оның алдында не мамандыққа түссем екен деп көп ойлағанымда рас. Өте көп ойландым. Алайда бала күнімнен табиғатым өте тұйық мінезді болатынмын.Көпшіліктің арасында болғанды ұната бермейтін едім. Содан отбасыммен ақылдасып бір мамандықты таңдадым.Бұл мамандық менің табиғатымада жақын болатын.Ол мамандық педагог-психолог мамандығы болатын.Бұл мамандық арқылы мен өзіме де, өзге жанғада пайда әкелетінімді ұқтым. Психолог мамандығы адам жанының емшісі. Дәрігерлер адамды ине егу, дәрі беру арқылы емдесе,психологтар сөз арқылы адам жанына араша бола алады. Мен осы мамандық бойынша университет қабырғасында төрт жыл білім алдым. Жыл өткен сайын бұл мамандыққа деген сүйіспеншілігім артып бар жан-тәніммен сүйіп оқыдым. Әр тәжірибеге яғни түсінікті тілмен айтқанда практикаға барған сайын керемет көңіл-күймен қайтатынмын. Осы мамандықты оқу барысында практикаға мектеп табалдырығынан бастап, студенттерге қызмет көрсету орталығы, психологиялық орталыққа,тіпті әскери базағада бардым. Әр мекемеге барған сайын көп тәжірибе жинадым. Әр мекемедегі адамдар, келетін адамдар ортасы әр түрлі. Оларға мінезіне,темпераментіне қарай қадам жасадым десемде болады.Осылай әр жыл сайын әр түрлі жерге апарып, тәжірибе жинақтауыма себепкер болған ұстаздарыма алғыс айтамын. Солай университет табалдырығында өте жақсы нәтижемен аяқтадым. Дипломды қолыма алған сәттен бастап менде жауапкершіліктің артқанын түсіндім. Маған енді мектеп пен универ қабырғасындай ешкім қамқор болмайтынын ұқтым десемде болады. Мен енді өзге жанға көмек бере алатын рухани жағынан болсын психологиялық жағынан болсын дара тұлға екенімді білдім. Алайда арасында шамалы уақыт жұмыс іздеп жүрдім. Содан Алла тағаланың қалауымен осы Тараз шаһарына жұмысқа келдім. Өз мамандығыммен болмаса да, тәрбиеші болып жұмысқа тұрдым. Бұл мамандыққа амалсыздан қарағаныммен,күн өткен сайын үйрене бастадым. Күнде таңертең жұмысқа келгенде балалардың пәк балғын жүздерін көріп, осы күніме шүкіршілік етемін.Расыменде балалармен жұмыс істеген өте керемет.Олардың күлкісі балдай тәтті,тілдері еріксіз жаныңды баурап алады.Әр күн сайын бақшаға  келгенде бірінші балапандарды күтіп алудан басталады, одан кейін таңғы жаттығу жасатып,таңғы асқа отырғызамын. Содан кейін олардың беті-қолдарын жуып, ұйымдастырылған оқу қызметі бойынша сабақ өтемін. Ұйымдастырылған оқу қызметі таным,  шығармашылық, денсаулық, қатынас деген төрт саладан тұрады. Сабақ өтіп болғаннан кейін балаларды таза ауаға серуенге алып шығамын.Серуенге шыққанда балаларға  қимылды ойын ойнатып,табиғат құбылыстарын бақылау жасап қарауға баулып тәрбиелеймін.Серуеннен келген соң, тазаланып жуындырып түскі асқа отырғызамын.Түскі асты ішкізіп болғаннан кейін қолдарын жуғызып,дәретке отырғызып, пижамаларын кигізіп,ұйқыға жатқызамын.Сол мезетте ұйқыдан тұрғызатын уақытта келіп жетеді. Ұйқыдан тұрғызу барысында төсек үстінде жаттығу жасатамын. Төсектен түскенде де денсаулыққа арналған құралдармен дене жаттығуларын жасатып, бой жазғызамын. Жаттығу жасатып болған соң балаларды тосып, киімдерін кигіземін. Содан кейін бесін асқа отырғызамын. Бесін астан кейін,дербес ойын әрекетіне баулып тәрбиелеймін. Сосын кешкі асқа отырғызамын. Кешкі астан кейін,балаларды үйлеріне шығарып саламын. Күнделікті осы қағидалар мені еріксіз тәрбиеші мамандығының қыр-сырын үйретуге баулыды. Күндер өткен сайын мен пісіп-жетіліп, тәрбиеші мамандығының қыры мен сырын меңгеріп жатырмын.Балабақшаға келу арқылы балаларға көпшілікпен араласуды,топпен жұмыс жасауды,көпшіл болуды үйретеміз. Олар бір-бірімен жақын араласып,ортаға еліп,ашыла бастайды.Шындығына келгенде бала тәрбиенің бастауын ата-анамен қатар,балабақшадан да алады.Ата-ана тәрбиені үйде берсе біз бақшада береміз.Қорытындылай айтқанда біз баланың екінші ата-анасы болып саналамыз. «Тәрбие — тал бесіктен» –дейді ғой. Бала кезінен берілген тәрбие оның болашағына,өмір жолына тікелей қатысты болады. Бұл бәрімізге мәлім дүние ғой.Біз тәрбиешілер осы қағиданы басты козырде ұстаймыз.Сол үшінде балаға барынша жақсы үлгі-өнеге беруге тырысамыз.Шынымды айтсам,өз басым әр баланың болашағына қатты уайымдаймын.Өйткені олар еліміздің болашағы ғой. Әр ата-ана өз баласын бізге сеніп тапсырады.Ал біз сол жауапкершілікті сезінуге тырысамыз. Біз үшін жауапкершілік деген не?Ол балаларға жақсы тәлім-тәрбие беру,оларды пайдалы тағамдермен тамақтандыру,балаларға әртүрлі дүниені таныстырып ой-санасын дамыту,және ең маңыздысы өзі секілді балалармен достастырып,ортаға кіргізіп мінез-құлқын түзету.ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай: «Отанның болашағы, мемлекеттің келешегі жастардың қолында,олардың өрісті ойы,өркенді ісі,табанды тіршілігі тек біліммен ұштасқан біліктің арқасында биік белестерге жетеді». Мен осы жиырмасыншы балабақшада кіші топтарға тәрбиеші болып жұмыс жасаймын.Бұл жерде көптеген балалар келіп тәлім-тәрбие алып жатыр.Олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.Мінез-құлқынан,темпераментінен тағыда басқа да ерекшеліктерін алып қосқанда.Мен үшін балалардың тәтті қылықтарының өзі де бір төбе. Бәрі де талантты, қиялдары ұшқыр, әртүрлі икемдері бар.Әрқайсысының болашағы зор.Мен үлкен үміт күтемін. Еліміздің ертеңі осы балалар.Ежелгі заманнан бері ата-бабамыз тәрбиеге,әсіресе бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген.Ата-бабамыз тәрбиені бесіктен бастап берген.Бала шыр етіп, дүниеге келген сәтінен бастап,оны бесікке бөлеп, бесік жырымен  әлдилеген.Одан кейін шілдехана,бесікке салу, тұсаукесер, сүндет той, тілашар секілді әртүрлі салт-дәстүрмізді дәріптеген. Әр дәстүріміздің өзіндік мән-мағынасы,өзіндік тәрбиесі бар. Салт-дәстүр арқылы да бала бойына рухани,мәдени тәлім-тәрбие беруге болады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай.Салт-дәстүріміздің өзі балаларға үлкен ықпал етеді. Мен осынау мамандыққа қалай, қашан келдім? Соңғы сұрағына нақты жауап бере алмасам да,алғашқы сұрақтың жауабын анық білемін.Поэзия,роман,лирикалық жырлар міне осылардың арқасында менің әдебиетке деген,тілге деген қызығушылығым ояна бастады. Лирикалық жырларды оқыған кезде,сезімталдығымның әсерінен болар, ерекше бір сезімге бөленетін едім.Айналадағы барлық құбылыстар,өзгерістер, қарым-қатынастар барлығыда маған тек жақсы жақтарынан көрінетін. Сонымен қатар, елі қуанса,бірге қуанып,мұңайса,бірге мұңайып өткен ғасыр ойшылдары А.Байтұрсынұлы мен Ы.Алтынсариннен бастап, қазіргі ұрпақтың қамын ойлап,ана тілімізді дәріптеп жүрген Шерхан Мұртаза, Мұхтар Шаханов  және де жақын арада ғана қазақ еліне өзінің үлкен мұрасын қалдырып кеткен  Фариза Оңғарсынова, Мархабат байғұт сынды текті жазушылар мен ғұламалардың айналамдағы мәдениеттілік пен салт-дәстүрді қатаң ұстанатын үлгілі ұстаздарымның арқасында қызығушылығым одан сайын артып,шабытым ұлғая түсті. «Шабытынды шарықтат, сонда ғалам сен үшін бұрын қамал тұрған жерлерден жол ашады»,-деп атақты ағылшын ойшылы  Джозеф Кэмпбэлл айтқандай, адам шын жүрегімен қатты қалаған,талпынған ойы міндетті түрде жүзеге асады деп ойлаймын. Мен өз сөзімнің соңын өзім шығарған өлең жолдарымен қорытындылағым келеді.

Мейірімге толтырған жүректерін,

Тәрбие ғой алғашқы міндеттері.

Сырласындай бола білген бүлдіршіннің

Орындаған барлық асыл тілектерін.

Жас ұрпақтың ең алғашқы ұстазы,

Болса екен деп жақсылыққа ұстамы

Мейіріммен мәдениетке үйретіп,

Кешіргенде қате болған тұстарын.

Тәрбиеші ол бір күннің шуағы,

Балалардың мөлдір тұнық бұлағы.

Мінезімен балалардың жүрегін,

Әсем көркем әрі иманды қылады.

Бар қасиет бір бойынан табылған.

Адалдық пен адамдықтан нәр алған,

Тәрбиеші деген ұстаз ізгі адам,

Күннің алтын шуағынан жаралған.

Бала үшін бәріне де дайынбыз,

Қымбат бізге әрбір асыл ұл мен қыз.

Әр балаға берсек мықты тәрбие

Болар ертең өзіміздің бағымыз.

Сол үшінде ойланайық бәріміз,

Болар елдің болашағы жанымыз.

Арман мақсат айқын болса бүгінде

Ертеңдағы ашық болар жолымыз.

Бірақ қазір жағдай қиын болып тұр,

Теріс жаққа кетіп барад қыз бен ұл.

Ащы шындық болсадағы айтайын,

Бүйте берсек ертеңіміз бұлыңғыр.

Білім менен қатар берсек тәрбие,

Болар еді болашақта өнеге.

Тәрбиені бермейікші білімсіз,

Қас жау қылып адамзатқа өмірде.

Не болсада тәрбиеші деген ұлы тұлғалар,

Бұзықтықпен ұсталып та қалар кейбір балалар.

Сол кездерде күлім көзді мейірімін тартқан,

Осы жазған жыр әнім тек сіздерге арналар.

Бақытты боп жүруші еді,жүруші еді көңілді.

Есінен еш шығармайды бүлдіршіндер өмірді,

Сондай кезде тәрбиеші ұстаздардың арқасы

Жақсылықты асырып,аспаннан нұр төгілді.

Әр күн сайын балаға анасындай қараған,

Сырқаттанып қалса егер, мейірімі тараған,

Тәрбиеші мұғалімдер-орны ерек тұлғалар,

Артық байлық жоқ оларға,тәрбиелеген баладан…

Жаурағанды жылытып,өткізуші еді қыстардан,

Тәрбиеші деген сөз кем емес еш ұстаздан.

Тәрбиесіз берілген білім-адамзатттың қас жауы,

Сондықтан да тәрбиешіні биік қоям басқадан!!!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.