Home » Абай 175 балабақша » Алты Алаштың ардағы

Алты Алаштың ардағы

Алматы қаласы,
Әуезов ауданы
Амирова Толкын Нургазиевна
№13 мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі

                                                

     Қазақ халқы билер мен даналардың шешіміне бас иіп, өздерінің дала заңымен халықты жұдырықтай жұмып ұстап отырған. Еліміздің басынан түрлі қиын замандар өтсе де, ешқашан еңсесін түсірген емес. Биыл Хакім Абайдың 175 жылдығын тойлау мақсатында түрлі іс-шаралар арнайы әзірленген болатын. Дегенмен әлемді шарпыған індет кесірінен кейінге шегерілді. Пандемия дана Абайдың шығармаларын насихаттауға кедергісін келтіре алмайды.

Еліміздің бас басылымдарының бірі, жүз жылдық тарихы бар Егемен Қазақстан газетінің әр санында Абай мұраларына қатысты түрлі тақырыпты қаузайтын мақалалар жарық көрді. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласынан:

«Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы – осы бағыттағы игі бастамалардың бірі. Бұл – сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған қадам. Жалпы кез келген қоғамда ұстаздың орны бөлек. Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Ұстазға құрмет көрсетіп, қадірлеу – бәріміздің міндетіміз. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек.

Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып: «әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды» дейді. Демек, өзімізден озық тұрған жұртпен деңгейлес болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор. Ал қазіргідей жаңа тарихи жағдайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Сонымен қатар ағылшын тілін үйренуге де басымдық беру қажет».

Абай Құнанбайұлы қазақ халқының билік емес, біліммен биікке өрлегенін қалаған. Философиялық көзқарастарына әлем ғалымдары тамсанып тұрып пікір білдіреді. Әрине менің ғана емес белгілі ғалымдарымыздың тұжырымдамасы бойынша тарқататын боламын. «Адамның бір қызығы – бала деген» дейді Абай. Ұрпақ тәрбиесіне қатысты ұлы ойлаларын қағаз бетіне түсіріп, болашақ ұрпаққа өнеге етіп тастап кетті. Бала адам өмірінің ең маңызды бөлшектерінің бірі. Сонымен қатар оған барлық жағдайда жауап беруге міндеттіміз. Оны қалай тәрбиелеу қажет?

  • «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Екіншісі білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дейді».Бұл да Абайдың сөзі. Осы екі типтегі баланы қайтсек адам қылмақ керек?

Абай өзінің оныншы қара сөзінде Біреулер құдайдан бала тілейді. Ол баланы не қылады? Өлсем орнымды бассын дейді, артымнан құран оқысын дейді, қартайған күнімде асырасын дейді. Осыдан басқасы бар ма?Балам орнымды бассын демек не сөз? Өзіңнен қалған дүние иесіз қалар дейсің бе? Қалған дүниенің қамын сен жемек пе едің? Өліп бара жатқанда өзгеден қызғанып айтқаның ба? Өзгеге қимайтұғын сенің не қылған артықша орның бар еді? Баланың жақсысы — қызық, жаманы — күйік, не түрлі боларын біліп сұрадың? Дүниеде өзіңнің көрген қорлығың аз болды ма? Өзіңнің қылған иттігің аз болды ма? Енді бір бала туғызып, оны да ит қылуға, оған да қорлық көрсетуге мұнша неге құмар болдың? Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ. Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған хаж, ешбір ғибадат орнына бармайды. Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы — сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды. Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң, тағы қайыршылыққа түседі.

Абай атамыздың айтпағы білім мен ғылымсыз күннің жоқ екендігі. Баланы  билік пен мансапқа құмар етіп өсірмеуге шақырады. Яки балаға білім мен ғылымды үйретіп, оның рухани бай адам болғандығын қалайды. Ұлы ағартушы өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп сынайды Қара басының қамын ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп, рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдап, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдында жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды. Ондағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты:

Пайда ойлама, ар ойла

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта

Ерінбей оқып көруге, — деп жастарды білім-ғылымды меңгеруге шақырды.

Қорыта айтқанда, Омар Жәлелдің сұқбатында «Абай нағыз мативатор. Оның өлеңдері мен философиялық тұжырымдарында адамды жігерлендіруге деген үлкен күш жатыр». Осы тіркесті Абайды зерттеуші ғалымдардың барлығы дәлелдейді. Абай елдің мұңын мұңдап қана қойған, қазаққа сан ғасырлық азық болар мұра қалдырды. Ұлы Абайдың дүниетанымы мен шығармашылығын бір мақалаға сыйдырту мүмкін емес. Дана Абай, дара Абай тек қазақта ғана!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.