Нургазина Айжан Сеитовна
Астана қаласы әкімдігінің
«Бауыржан Момышұлы атындағы
№ 53 мектеп-лицей» ШЖҚ МКК
директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары,
бастауыш сынып мұғалімі
Педагог-зерттеуші: сабақты зерттеу.
Бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби деңгейін арттыру арқылы оқушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында атқарылатын жұмыстар жүйелі құрылған кезде ғана өз нәтижесін берері анық.
Сабақ беру сапасын жақсартуды жүзеге асыру үшін мектебімізде педагогтардың «Педагог-зерттеуші» тобы құрылып, сабақты зерттеуші ұстаздардың жұмыстарын әдістемелік тұрғыдан жетелеу жоспарлы жүргізілуде.
Зерттеуші топтың негізгі мақсаты: Мұғалімнің зерттеу құзыреттілігін дамыту моделін жасай отырып , сабақты зерттеу.
Мұғалімдердің зерттеу құзыреттілігін дамыту моделі ретінде :
1.Жоспарлау мен бағалауды сапаландыру
3.Оқушы туралы білімді кеңейту
4.Оқу мен оқытуды жақсарту
5.Рефлексивтік дағдыны дамыту
6.Теориялық білімді арттыру
7.Коммуникативтік шыңдалу тұрғысында әдістемелік жұмыстар айқындалып зерттеу барысында шыңдала түсуге жол ашу;
Зерттеу сабағы оқушыларды оқыту әдістемесін жетілдіруді бірге әзірлеу арқылы табысқа бірге жетудің жолдарын таңдау әрекеті.
Негізгі идея: Әртүрлі ортада оқушылардың барлығын бірдей деңгейде және сыни ой айта алуға және өмір бойы білім алудың қажеттігін үйрету үшін не істей аламыз?- деген сұрақ төңірегінде өрбіді;
«Сабақты зерттеу — оқытуды жақсартудың кепілі» тақырыбында сабақтағы іс-әрекетті зерттеу негізінде мұғалім тәжірибесіне тиімді әрекеттерді таңдауға көмектесті. Сабақты зерттеудегі іс- әрекет тәжірибеге өзгеріс енгізе отырып білім беруді жетілдіру арқылы сапалы білімді қалыптастыруға бағытталған ерекше педагогикалық тәсіл болып табылады .
Тәжірибені жақсарту және жетілдіруді жүргізуде орын алған зерттеу бағыттары кезеңдерге бөлініп зерттелді.
1 және 2 кезең аралығында пән бойынша негізгі тұжырымдамалар, педагогикалық әдіс- тәсілдер, қажетті дағдылар бойынша ізденіс, зерттеулер жүргізілді,
2 — 3 кезең аралығында сабаққа дейінгі, кейінгі іс әрекеттердің өзара байланысы, оқушының оқуы туралы деректер жинауға, топтағы оқуға көбірек уақыт бөлінді,
3 — 4 кезеңде іс әрекеттерге рефлексия, сабақты дамыту үшін пікірлер, жазбаларға түсініктемелер жасалды,
5 және 1 кезең аралығында деректерді қайта қарадық, зерттеу сабағын жақсарту жөнінде рефлексия, қосымша материалдарды оқып қайталап , тағы да өзгертулер кіргізілді;
Нәтижесінде: Пән сабақтарында оқушыларға оқыту мен оқудың тиімді тәсілдерін қолдана отырып, әдіс-тәсілдер топтамасын жасақтау арқылы «барлық оқушыны» оқуға, сыни ойлауға тартудың жолдарын меңгере отырып , оқу сапасы жақсаруда.
Көзқарастар, пікірсайыстар ұйымдастыру арқылы зерттеу сабақтарының үлгілері талқыланды.
Іс-тәжірибе алмасу барсында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану негізінде білім алушыларда мынадай өзгерістер мен нәтижелер болатынына көз жеткізілді:
Бала алдына мақсат қоюды үйренді;
Әр нәрсеге өз көзқарасын қалыптастырды;
Бұрынғы білетіндерін салыстырды;
Бірігіп жұмыс жасауды, бір-бірімен тіл табысуды үйренді;
Қорытынды жасай алды.
Сыни көзқарастары қалыптасты
Белсенді оқушының саны артты
Зерттеу жүргізуші мұғалімдерге мынандай ұсыныстар берілді:
Өз бетімен жұмыс белгілі бір мақсатқа бағытталған, оқушы орындай алатындай етіп таңдалуы тиіс;
Өз бетімен жұмыс оқушының бар ынтасын салып жұмыс
істейтіндей, қызықты етіп дайындалуы керек;
Алғашқыда қарапайым тапсырмалар алынуы керек;
Деңгейлік тапсырмалар көбірек қолданылуы керек;
Сыныптағы барлық оқушыға назар аударылуы керек;
Білім сапасы арту үшін зерттеушілік әңгіме көбірек болу керек;
Бағалау тәсілдерін нақты, кеңірек қолдану қажет;