Home » Айтарым бар » Біз тапқыр баламыз!

Біз тапқыр баламыз!

Адасбекова Нургуль Тилегеновна,
Алматы қаласы әкімдігінің
Алатау ауданы
«№164 бөбекжай-балабақшасы»
ересек «Ертөстік» тобы тәрбиешісі


 Біз тапқыр баламыз!

Квест ойыны
 Мақсаты: Бірлескен командалар құру арқылы ұйымшылдыққа, көшбасшылық қасиеттерді, өз ара қолдаумен  ынтымақтастықты дамыту,  креативті ойлауға, шешім қабылдап, оларды жүзеге асыруға баулу. Балалар бізге бүгін көптеген апайлар қонаққа келіпті. Қанекей  қонақтарымызбен амандасып алайық!

Сәлемдесу үлкенге
Тәрбиені басы ғой
Ал, қанекейбәріміз
Сәлемдейікүлкенге

Жүргізуші:Сәлеметсіздер ме?қонақтар.Сәлеметсіңдер ме балалар!
Бүгінгі ұйымдастырылған ашық оқу іс әрекетіміз «Біз тапқыр баламыз» атты квест ойынына  қош келдіңіздер!
Балалар сендер бұрын квест ойынын ойнап көрдіңдер ме?
Балалар: жоқ
Жүргізуші:Балалар квест осынын бастамас бұрын  мен сендерге  квест дегеніміз не екенін түсіндре кетейін.
Квест – ағылшын тілінен аударғанда «іздеу» немесе «оқиға» дегенді білдіреді.
Кез келген оқиғаны іске асыруда іздену арқылы жүзеге асыратын ойын, тапсырмалар
Жүргізуші:Ал, сендер саяхатқа шыққанды  ұнатасыңдар ма?
Балалар:  иә
Жүргізуші: Бүгінгі біздің саяхатымыз ерекше болмақ. Квест ойынындағы мақсатымыз  қазына толы сандықты іздеп тауып алу.
Балалар сендерге қазына іздеген ұнай ма ?
Балалар ойын барысында түрлі деңгейдегі әр түрлі тапсырмаларды орындайтын боламыз.
Ойынынымыз 4кезеңнен тұрады.
Балалар: апай егер қазынаны тауып алсақ бізге сыйлықтар беріле ме?
Жүргізуші: әрине  балалар.
Балалар: Алақай!Алақай!
Жүргізуші: Балалар саяхатқа шықпас бұрын топ-топқа бөлініп алайық. (Балалар өз орындарына жайғасып тұрады. Осы кезде теңізде  дауыл тұрып теңізастынан бір шөлмек көрінеді ішін карта шығады)
Капитан : Достар қараңдар   шөлмек тауып алдым ! Келіңдер мұнда. Шөлмекте бірдеңе бар сияқты! Бұл карта екен
Енді саяхатымызды картада көрсетілген бағытпен жүретін боламыз!
Балалар: Алақай!
Жүргізуші: Балалар қане картада біз ненің суретін көріп тұрмыз?
Балалар: кішкентай аралдың
Жүргізуші: қане дүрбімізбен жан- жаққа қарайық
1-кезең Ашық теңіз.
Капитан: Балалар мына жерде кішкене арал бар екен жүріңдер қазына осы жерде болуы мүмкін іздеп көрейік.
(Балалар түрлі кедергілер арқылы кішкентай аралға жетеді. Кенеттен су перісі пайда болады)
Су перісі: Сәлем достар!  Сендер менің теңізімде не істеп жүрсіңдер?
 Балалар: Біз қазына толы сандықты іздеп жүрміз
Су перісі: Сендер маған мына тапсырманы орындауға көмектесіңдер мен сендерге жол көрсетемін.
Тапсырма: «Сыйқырлы бояу»
Шарты: Флюид арт технологиясын қолдана отырып  түрлі –түсті бояуды алып, тасбақаны бояп шық.
Су перісі: Жарайсыңдар достар менде сендер мен қазына іздеуге барайын бір көмегім тиіп қалар.
2 ші кезең:  Су асты патшалығы

Су патшайымы:
Сәлеметсіңдер ме? Сендер кімсіңдер? Менің су асты патшалығымда не істеп жүрсіңдер?
Балалар: Біз қазына іздеп жүрміз.
Су патшайымы: мен қазынаны қайдан іздеу керек екенін білемін.
Бірақ менің тапсырмады орындасаңдар мен сендерге көмектесемін.
Балалар: жарайды орындаймыз.
Тапсырма : «Су асты иелерімен  құрлық тұрғындарынан ажырат»
Шарты: Су асты иелерін өз орынына орналастыр
(Су патшайымы қолындағы тапсырмасын жүргізушіге ұсынады)
Жүргізуші: Балалар бұл тапсырмада бізге жер үсті тұргындары мен су асты тіршілік иелерін ажырат,-делінген екен. Қане тапсырманы орындауға дайынбыз ба?
Су патшайымы: Жарайсыңдар! Сендер менің тапсырмады дұрыс орындадыңдар.Мен сендерге жол көрсетіп бірге барайын.
3-ші кезең: Джунгли елді мекені
Джунгли тұрғындары: Сендер кімсіңдер?  Біздің елде не іздеп жүрсіңдер?
Балалар: Біз қазына іздеп жүрміз.
Джунгли тұрғындары: Бізге тапсырма орындап берсеңдер қазынаның қайда екенін айтамыз.
Балалар: Орындаймыз.
Жүргізуші: Мен сендерге тапсырманы оқып берейін.
Тапсырма: «Жасырын сандар»
Шарты:   бұл жерде жасырын сандарды іздеп тауып, ретімен орналастырып, есепті шығарыңдар депті.
Джунгли тұрғындары: Жарайсыңдар достар! Міне біздің тапсырмамызды орындадыңдар.
Бір жұмбақ елді мененде  қазынаны бар деп естідік жүріңдер сендерге жол көрсетіп бірге барайық.
4-ші кезең: Жұмбақ елді мекені.

Жүргізуші:  Балалар біз жер шарын айналып қазына  іздеп  жүріп қайда келдік?
Балалар: Бұл өзіміздің еліміз Қазақстан ғой.
Қазақтар: Сәлем достар! Келіңдер төрлетіңдер! Не іздеп жүрсіңдер?
Балалар: біз қазына іздеп жүрміз
Қазақтар: іздеген қазыналарың осы жерде.
Келіңдер достар  бізбен бірге тапсырма отындаңдар.
Жүргізуші: Балалар мен сендерге тапсырманы оқып берейін.
Тапсырма: Қазақстан туын бейнеле.
Шарты: Берілген матадағы суретке  желім жағып ҚР туын бинеле
Қазақтар: Достар біз сендерге тақпақ айтып берейік.
Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.                Алинұр      
Көкемес ол тектен-тек –
Елдің ашық қабағы.

Туыспыз біз бәріміз,
Бір Отанды сүйеміз
Бақытты елде тұрғансоң,       Сырым
Бақытты өмір сүреміз.

 

Бар байлықтың басында
Туған Отан тұр биік               Әлімжан
Пейілі үшін Қазақтың
Маңдайынан нұрсүйіп.

 

Отаным, ел, сүйіктім
Сенімен зормын биікпін.
Ананың махабатымен     Айрин
Омырауыңды иіттің.

 

Ел мен елді жақындатқан достық
Жер мен жерді жақындатқан достық.   Жанель
Бір Отанда өмір сүрген жүз ұлтқа
Татулықты мақұлдатқан достық.

Жүргізуші: рахмет балалар.
Балалар бізге қонаққа келген апайларымызбен де ойын ойнайық.
Ойын: Мақалды тап.
Шарты: Менің қолымдағы суретке қарап мақалды тауып көр.

Жүргізуші: Балалар бізге келген қонақтарымызда алғыр,тапқыр екен.рахмет сіздерге!
Қазақтар: достар міне сендер іздеген қазына.
Жүргізуші: балалар біз қазынаны өзге елден іздеп жүрсек, өзіміздің елде екен ғой. «Өзге елде сұлтан  болғанша, өз еліңде ұлтан  бол!» дегеніміз осы екен ғой. Балалар біз Қазақтар ежелден қонақ жай халықпыз. Келген қонақтарымызға да құр қол қайтарған ел емеспіз. Олай болса келген қонақтарымызғада қазынамыздан бөлісейік.
(Қазына ішіндегі сыйлықтар таратылады.)
Жүргізуші: Балалар, сендер бүгін барлық кезеңдердегі тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.
Жарайсыңдар!
Мінеки, біздің қызықты квест ойынымыз да аяғына жетті. Кездескенше күн жақсы!

 

34 комментария

  1. Өте жақсы,түсінікті,толық қанағаттарлық.. Ұнады,Тамаша

  2. Керемет деңгейде өтті жарайсыңдар балалар

  3. samal.baturhanova@mail.ru

  4. Сандугаш

    Sanduazbaevacom@mail.ru

  5. Камила. Өте тамаша! Жарайсыңдар!

    , Өте керемет! Жарайсыздар!

  6. Майсагул

    Керемет, балалар қызығушылығын арттырып

  7. Алмагул

    Керемет еңбегіңіз бағалансын

  8. Керемет, жарайсың!

  9. Sarsebaevabatima92

  10. Эльвира

    Өте жақсы, керемет.

  11. Аманжан Ахметова

    Тамаша, түсінікті. 👍👍👍

  12. Айгүл Арықбаева

    Керемет! Балаларымызды тәрбиелеп жүрген апайларға көп рахмет!

  13. Салтанмт

    saltanat.kopbaeva@mail.ru

  14. Гүлжанат А

    Өте тамаша керемет

  15. Төлеген

    Керемет, жоғарғы деңгейдегі іс, осымен алға үлкен жүмыстарға бастау алсын

  16. Керемет осындай урпагымыздын болашагын гулдендіретін Устаздар коп болсын!

  17. Айнур Абдраманова.

    Кенже апай Нургуль апай тажірибесі өте көп. Енбенкор , балаларға жаксы қарайды. Жанартылган әдістерді өте көп колданады. Апайлар салмакты, сабырлы, мейірімді, әдемі жылы создерімен барлығын оздеріне каратып баурап алады. Шыгармашылыктарынызга табыс және де жоғары белестерден корінеберініздер… Шәкірттерініз білімді жоғарыдағы жаксы маман иелері болаберсін,

  18. Рымкуль

    Күшті керемет жарайсын!

  19. Айгерім

    Тамаша жарайсыз

  20. Карлыгаш Ж

    Осындай ұстазымым көп болсын ! Керемет!

  21. Балабақшамыздың апайларына мың алғыс, өте білікті маман иелері 😘

  22. Керемет😍тек вона😍👍

  23. Такирова Айгерим

    Білікті маман, жан-жақты, тәжірибесі мол тәрбиеші.

  24. Керемет! Шығармашылық табыс тілеймін!

  25. Өте керемет

  26. Жарайсыздар

  27. Зауре Жайлаубаевна

    Нургуль Тилегеновна-өте білгір тәрбиеші. Шығармашылығыңыз шыңдала берсін

  28. Керемет😍👏

  29. Жанар Шакирова

    Керемет Тәрбиеші. Тек биік шыңдардан көріне беріңіздер

  30. Өте жоға деңгейде өтті. Алға👍

  31. Елзат Бакытовна

    Керемет тәжірибесі мол тәрбиеші! Жарайсың!

  32. Шығармашылықтарын шындай білетін білікті тәрбиеші жарайсын Нүргүл тек қана алға

  33. Жанагул

    Өте керемет . Әркашан енбектеніп журетін жан Нургул апай . Біліміңіз шындала берсін . Баллаларга берген тарбиеңіздің аркасында шакірттеріңіз мектепте де ең уздік оқушылардың катарында жур . Сизге деген алгысымыз шексиз . Биіктерден корине беріңіз .

  34. Акжаркын

    Шығармашылық табыс тілеймін .Өте жоғары деңгейде өтті👏👏

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.