Home » Мақалалар » Ұлпа қарлар

Ұлпа қарлар

Утепбергенова Зауре Аманалиевна,
Алматы қаласы әкімдігінің
Алатау ауданы
«№164 бөбекжай-балабақшасы»
мектепалды «Жұлдыз» тобы тәрбиешісі

Ұлпа қарлар

 Мақсаты:Қыс қызықтарымен  таныстыру, табиғат құбылыстарын сезіне білуге: қардың аппақ, ұлпа, мамықтай, жұмсақ болатынын көрсету. Дербес түрде қар ұлпаларын салуды үйрету. Балалардың қыс мезгілдері туралы білімдерін кеңейту, қар  туралы сипаттай білуге үйрету, сөздік қорларын байыту, байланыстырып сөйлеуді қалыптастыру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру , сүйіспеншілікке , достық қарым-қатынасқа, әсемдікке тәрбиелеу. Балаларды дәстүрден тыс шығармашылық жұмыстар орындауға деген ынтасымен қызығушылықтарын ояту және қолдау

Шаттық шеңбер
Қол ұстасып кәне біз
Достасайық бәріміз
Үлкенгеде сіз, кішіге де сіз
Бәріңізге амандасып
Бас иеміз біз
Қысқы табиғат бұрышына назар аударайықшы.(таныстыру) сұрақ жауап
Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады?
Айналаны, үйлердің шатырын не басып тұр?
Қардың түсі қандай?
Сендер далаға шыққанда қарды қолдарыңмен ұстап көрдіңдер ме?
Қар қандай екен?
Кішкентай қар түйіршіктері бір-біріне мүлдем ұқсамайды. Қардың 90 пайызы ауадан тұрады. Сондықтан, ол жерге өте баяу түседі.Қар судың бетіне түскенде өте жоғары жиіліктегі дыбыс шығарады. Оны адам құлағы ести алмайды, тек балықтар ғана мұндай дыбысты қабылдай алады екен. Қар тек ақ түсті емес, қызғылт түсті де болады. Мұндай қарды тек биік тау бөктерлерінен ғана кезіктіре аламыз.
Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?
-қыста адамдар қандай киім  киінеді?
Қар жаудыру, жылы лебіз айту, тілек білдіру.
Олай болса балалар бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс әрекетіміздің тақырыбы «Ұлпа қарлар» деп аталады.
Боранның дауысы естіледі.

Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс мезгілі қызықты. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, денемізді шыңдаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасап шаңғы, коньки тебеміз.
Қыс туралы тақпақ, мақал мәтел, жаңылтпаш, санамақ  айтайықшы. Кім біледі?
Қар жауыпты далаға,
Қар жауыпты қалаға.
Сырғанаймыз енді біз,
Отырып ап шанаға.
Ойынқұмар көп бала,
Шұрқырасып топтала,
Аппақ қардан жасаймыз,
Әп-әдемі аққала                      Азатбек

Қар жауып тұр, алақай!
Тысқа жүгір, балақай.
Шаңғың болса, алып шық,
Қыр басына барып шық.
Зырылдайық төменге,
Қосылайық өлеңге.
Шанамызды сүйрейік,
Әппақ қарды илейік.
Өзімізге шақ қана
Тұрғызайық аққала.                 Айша

 

Дала аппақ, Қар аппақ
Бәрі аппақ, Қар аппақ.            Аруназ

Қара жерге қар жауар
Қарды көрген бір мұрат
Қара жерден қар кетер
Жерді көрген бір мұрат              Сұлтан

Бір дегенім бөрік
Кисең бойға көрік
Екі дегенім етік
Киер сәнді етіп
Үш дегенім ішік
Теріден тігер пішіп
Төрт дегенім тымақ
Қыста кисең жылы ақ
Бес дегенім байпақ                            Жангир

Тәжірбие көрсету.  (сода, көпіршік, крахмал араластыру қар жасау)
Мына қорапшада қар қиыршықтарының арасынанда  түрлі түсті пішіндер жасырылған. Осы түрлі түсті пішіндерді таңдап аламыз. Көк, қызыл және жасыл топтарға бөлінеміз.
Ойын: Аққала құрастыру.
Балалар мына қорапта аққаланың суреті бейнеленген, осы аққаланы құрастырып шығайықшы.
Жарайсыңдар балалар!  Орындарыңа отыра қойыңдар.
1.Топ. Шеңберге  қар бейнесін жасау. Акварелді бояу арқылы
2.Топ. Қысқы ағашты бейнелеу ? Пенопласты қырқу арқылы қысқы ағашты жасау
3.Топ. Қатты қағаз бетіне пва желімін жағып, үстіне тұз себу арқылы қар қиыршығын жасау.
4.топ Бүркегіш арқылы ұлпа қардың бейнесін жасау
Ал, қардың үлпілдек екеніне көзімізді жеткізу үшін мына үстел үстіндегі стакандағы түтікшені үрлеп көрейік.
(Балалар үстел үстіндегі  стакандағы түтікшені үрлейді, ондағы пенопласс  қиқымдарының ұшқанын көреді).
Стакандағы қар ұшты ма?  — Ия.
Қар ұшқындап, жапалақтап, борандатып жауады екен.
Топтық жұмыс. Қысқы табиғат макет жасау
Балалар, аққала неше дөңгелектен тұрады, қане санайықшы. (1, 2, 3.)
Дұрыс айтасыңдар, ең үлкен бөлігі – төменгі жағы, орташасы – кеудесі, кішкентайы басы және бас киімі, 2 көзі, сәбізден – мұрны бар.
Рахмет, сендер өте тамаша балаларсыңдар,  тапсырмаларды жақсы орындап шықтыңдар, ендеше сендерге арналған сыйлықтарымыз бар. (тәттілер беріледі)
— Көңіл — күйіміз қандай? Тамаша!
— Қыс мезгілі қандай? Тамаша!.
— Ауа райы қандай? Тамаша!
— Қысқы ойындар қандай? Тамаша!
— Келген қонақтарымыз қандай? Тамаша! Келген қонақтарымызға арналған сыйлықтарымызды табыстайық
— Келгендеріңізге рахмет. Сау болыңыздар!

   

 

32 комментария

  1. Сәттілік!

  2. Жарайсыңдар балалар тек алға

  3. Такирова Айгерим

    Зауре Аманалиевна өте білікті,білімді, жан-жақты тәрбиеші. Творчестволық табыс тілеймін 👏

  4. Керемет апай тек қана алға! Сәттілік!

  5. Жарайсыздар

  6. Зауре Аманалиевна білікті маман. Еңбегініз еленіп, биіктерден көріне беріңіз. Шығармашылық табыс тілеймін.

  7. Зауре Аманалиевна білікті маман. Еңбегіңіз жемісті болсын.

  8. Зауре Жайлаубаевна

    Зауре Аманалиевна оқу іс-әрекетіңіз өте жоғары деңгейде өтті. Шығармашылық табыс тілеймін

  9. Аскарова Елзат Юакытовна

    Зауре Аманалиевна өз маманның шебері, тек алға!

  10. Зәуре Аманалиевна білікті тәрбиеші шығармашылығын шындала берсін

  11. Сабакты түсіндіруі, балалаларды тыңдатуы, өзін ұстауы өте кремет

  12. Тек биіктен көріне берініз👏👏👍

  13. Жанар Шакирова

    Тек қана алға әріптестер. Шығармашылық табыс тілеймін

  14. Диана Ахмадиева

    Зауре апай оте биликти маман,оз исинин маманы!Толагай табыс тилеймин! Тек алга!!!

  15. Тек биіктен көріне беріңіз! Шығармашылық табыс тілеймін🤲🏻

  16. Арайлым

    Зауре өзі ісінің маманы.Сәттілік.Керемет

  17. Зауре Аманалиевна өз ісінің маманы балалармен қалай жұмыс жасау керектігін біледі. Шығармашылық табыс тілеймін тек алға!

  18. Гульзат

    Зауре Аманалиевна өте керемет, білікті маман. Шығармашылық табыс тілеймін сізге.

  19. Тек биіктерден көріне беріңіз!

  20. Керемет! Күшті Зәуре Аманалиевна тек сәттілік тілеймін

  21. Кушті, жарайсың!!!

  22. Жаным жарайсың
    Еңбегін елене берсін
    Зауре керемет білікті маман

  23. Назерке

    👍🏻👍🏻👍🏻

  24. Тилеубаева Гульмира

    Зәуре Аманалиевна өте білікті тәрбиеші ұстаз!
    Зәуре Аманалиевна сізге жұмысыңызға жетістік тілеймін!
    Отбасыңызға амандық тілеймін!

  25. Өте биязы,сабырлы,білікті тәрбиеші! Керемет! Жұмысыңызға сәттілік, толағай табыс тілеймін!

  26. Зәуре Аманалиевна өте сабырлы, білікті тәрбиеші. Тек алға. Сәттілік тілеимін. Тәрбиелеген балапандарыңыз биіктерден көрінсін. Еңбегіңізді ақтасын.

  27. Адасбекова Нургуль

    Зәуре Аманалиевна Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетіңіз өте жоғары деңгейде өтті.
    Тек биіктен көріне беріңіз

  28. Жанар Сапарбаева

    Зауре апай өте білікті өз ісінің шебері қарапайым дана ұстаз. Ұстаз болу жалықпас үйретуден балаға демекші әр баланың ынта жігерін оятып талабын аша білген қазіргі заманның бетке тұтар тәрбиешісі. Еңбегіңіз шыңдалып еселене берсін, сізге алғысымыз шексіз отбасылық бақыт пен шығармашылық табыс тілейміз.

  29. Гүлжаухар

    Ата-әжесі мұғалімдер. Солардың жолын куып келеді. Мықты,білікті маман ретінде бағалаймын. Тек биіктерден көріне бер.

  30. Зауре апай білікті маман.

  31. Жарайсың,еңбегің еліне берсін.Керемет ұйымдастырылған ашық іс -әрекет.

  32. Акжаркын

    Зауре Амангалиевна Өте білікті,мықты тәрбиеші
    Тек биіктерден көріне бер Еңбегіңнің жемісін же👏👏

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.