Home » Мақалалар » Бүгінгі күннің талабы – қашықтықтан оқыту

Бүгінгі күннің талабы – қашықтықтан оқыту

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№ 14 жалпы білім беру орта мектебінің
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі

Мадиева Зульфия

Коронавирустың таралуына байланысты елімізде төтенше жағдай жарияланған соң, оқушылар көктемгі демалысқа ерте босатылды. Сәйкесінше, олар төртінші тоқсанды 6 сәуірден, қашықтықтан оқыту форматында басталды.  Бұл  көшті мұғалімдер қауымы қолдап, әр түрлі технологияда өз шеберліктерін салып, балаға тиімді жолын көрсетуде бар күшін аянбай  салып жатыр. Ал қашықтықтан оқыту босаңсуға жол бермейді, өйткені қазіргі заманғы технологиялар оқу үрдісінің барлық кезеңдерін қашықтық форматқа көшіруге толығымен мүмкіндік береді.

Білім және ғылым министірінің қызу іске кірісуі арқасында қашықтықтан оқытуды «Балапан» және «Ел арна» телеарналарында               1-11 сынып оқушыларына  арнап онлаин сабақтар аптада  бес күн бойы өткізіліп жатыр. Мұғалімдеріміз «Bilimland», “Daryn.online” «Mektep.edu.kz  платформаларын пайдаланып, сондай-ақ Zoom, TeIegram, WhatsApp  желілері  арқылы  оқушылармен  кері байланыс  жүргізіп  отыр.

Қашықтықтан оқыту барысында  көптеген қиындықтар мен кемшіліктер болғаны анық, алайді қәзіргі таңда ол кемшіліктер  орыны толықтырылып,  ата-аналарымен  тығыз байланыс орнатылды.  Ата-ана баласының білімге деген, оқуға деген ынтасын  көрді. Балаларымен бірге  сабаққа қатысып, балаларының  ұстазынан “өте жақсы” “жарайсың”, деп бағалаған  кері байланысын көріп, балаларымен бірге  қуанды. Өз балаларының жақсы оқуына ата-аналар да ат салысып  отыр.

Осы уақытқа дейін ата-аналар  жұмыс деп, үй шаруасы деп баласына көңіл бөле алмайтын, алайда   карантин  уақытында үйде болып,   ұстазбен, балалары мен қарым – қатынасы күшейді. Ата-ана мен ұстаз арасындағы  қарыс-қатынас нығая түсті. Соның нәтижесінде үштік одақ,  яғни: оқушы, ұстаз, ата-ана  арасында бірлескен жұмыс өте жақсы  атқарылып келеді.

Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы мұғалімдеріміз бен оқушыларымыз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің  білімдерін  шыңдауға  зор  мүмкіндік  алады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.