Home » Мақалалар » Адыраспанның сыйқырлы күші

Адыраспанның сыйқырлы күші

Алимжанова Сауле Орынбековна
Алматы қаласы Әуезов ауданы
№104 жалпы білім беретін мектептің
биология пәнінің мұғалімі

       Гүл! Əлемдегі сұлу жаратылыстың бірі. Гүлдің əлемде сан алуан түрі бар, гүлдің сұлулығына тəнті болған ақындар ,ғашық болған сұлуларын гүлге теңеп, арнау жазған, гүл сыйлаған. Ер адамның əйел адамды гүлге теңеп, гүл сыйлағаны да, гүлдің сұлулығынан əсерленген ғашық жүректің лүпілдеген жалыны болар. Қазақта теңеу көп , соның бірі өсіп келе жатқан қызын гүлге теңеп, қызғалдағым, жауқазыным, бəйшешегім, раушан гүлім десе, алыста жүріп елін аңсаған азаматтар , туған жердің тезегі де гүл татиды деп жырлаған. Гүл- тек қана əсемдік пен сұлулықтың белгісі ғана емес, науқас адамға шипа беретін таптырмас қасиеттері де бар.

Көктемде гүлдеу мерзімі біткен соң, емдік шөптің бірі-  адырыспан шөбі. «Ассалаумаағалейкум адыраспан, мені саған жіберді Омар Оспан» — деп атам қазақ адыраспанның емдік қасиетін Омар Оспан Халифаларға теңеп, құрметтеп, дəріптеген. Оның себебі ықылым заманнан бері емдік, шипалық қасиетінің көшпенді қазақ қоғамына белгілі екенінің айғағы. Атап айтқанда тұмау, суық тию, өкпе қағыну, мұрын бітелу  сиақты ауруларға адраспанды жеңіл түтетіп пайдаланса, бақсылар жын тиіп  есі ауған адамдарға  дем саларда адыраспанды түтететін болған. Адыраспанның тəтті түтіні жын- жыбырды қуады  деп сенген. Ал, шын мəнінде адыраспанның антисептикалық  қасиетінің арқасында түрлі зиянкесті микробтар жойылады. Қазіргі таңда əлемді шарпыған covid 19 атауымен тарап жатқан Кароновирус індетіне қарсы адыраспанды кейбір шығыс елдері де пайдалануда. Қазіргі таңда ғылыми орталықтар адыраспанның індетке қарсы тұратын қасиеттерін зерттеуде. Алайда, гүлдің сұлулығымен қатар тікенектері де болады, абайлап ұстамаса қолға кіреді. Сол сиақты адыраспанның да зиян тұстары да жоқ емес. Шыңғысханның заманында адыраспаннан у жасап пайдаланған. Екі ай баптап, уының маңызын келтірген, адыраспан уы үзеңгіге жаққанда, аттылы адамды құлататын күші болған. Бір ай баптағаны адамның есін ауыстырса, екі апта баптағаны адамның ішін өткізген. Сол себепті де «Айдың арғы бетінде бейнесі бар «- дегендей , кез-келген гүлді сақтық шарасымен пайдаланған жөн. «Əр атаның өз ұлы бар, әр бұтаның өз гүлі бар»- демекші гүлдің сұлулығын пайдалы, не зиянды екенін, бұтасын зерттеп барып бағалауымыз керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.