Home » Білім және өнер » «Даналық ойдан дән ізде»

«Даналық ойдан дән ізде»

      Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасына қарасты, Сарыарқа ауданында орналасқан №58 «Өркен» балабақшасында «Даналық ойдан дән ізде» атауында семинар болады деген соң, рульді сонда бұрдым. Тежегіші ұстамайтын көліктей сырғып келем.  Атауы тәуір-ақ.  Рухани — адамгершілік  патриоттық тәрбиені дән етіп, бүлдіршіндердің бойына сіңіруді мақсат еткен әрекеттердің бастамасы болса керек.

     Қар құрсауынан бостандыққа шыққан көп қабатты үйлер мен ғимараттар мүлгіп, тамылжыған таңның шуағын күннің нұры айқындап бергендей. Айбақ-сайбақ адам жүретін жолдар әр жерден көрініс береді…

Балабақша меңгерушісі өте қарапайым кісі екен. Жымиып қарсы алды.  Жанарынан мен көрген таңның нұры төгіліп, өмір мектебінің тәрбиесін алған, білімділіктің самалы есіп тұрды. Жылы шырайлы Лаззат Махсүтқызы  жұмысты ұйымдастыру бағытында тәрбиешілердің педагогикалық тәжірибе алмасуына ықпал ету арқылы өздерінің де біліктіліктерін арттыруды көздеген сыңайлы. Осы тұста Дінмұхамед Ахметұлының «үйренуден жалықпа, үйретуден аянба» деп, адамдықтың феномені ретінде көрсетіп кеткен бастамасын жалғастырғандай болып көрінді.   Олай дейтінім қонақтар қатарына  «Рухани Жаңғыру оқу орталығының»  маманы Арман Тоғызбайды, шеберлердің шебері, ұстаздардың ұстазы №45 балабақшасының меңгерушісі Құбажай Шәріпбекқызын, Кластер бойынша серіктес балабақшалардан  №24  «Айналайын» балабақшасының меңгерушісі Клара Боранбайқызын,  №71 «Мөлдір» балабақшасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Жанар Абайқызын, №13 «Тұлпар»  балабақша меңгерушісі Толқын Қадырбайқызын және де бірнеше балабақша әдіскерлері мен  тәрбиешілерін шақырып, іс әрекеттеріне араластыра отырып , ол кісілердің ойларын біліп, айтар сөздерін тыңдаумен болды.

   Сөздің әлқисасы №58 «Өркен» балабақшасының әдіскері Исина Алтынай Кайроллақызының балабақша жайында есебімен басталды. Мәнді, мағыналы  атқарып жатқан жұмыстарына қысқа шолу жасай отырып, дәйектеме ретінде видео сондай-ақ суреттер арқылы көрсете отырып «Адамгершілік-патриоттық тәрбиенің, бала тәрбиесіндегі алатын орны» атты шағын баяндама оқыды.

      Келесі кезекте балабақша педагог-психологі Карина Аққу Амангелдіқызының «Өрмекші торы» психологиялық жаттығуында елден шет қалмайық дегендей  бізде қатарда тұрдық.  Онда қонақтар өздерін таныстыра келіп бір ауыз жақсы тілек айту керек-ті. Қазақтар тілек айтудан қалыссын ба тапсырманы жүз пайыз орындап шықтық.

Қонақтарға да кезек берейік деген кішіпейілдіктері болар.  Баяндама оқу үшін «Рухани Жаңғырту» оқу орталығының  маманы Тоғызбай Арман Ұзақұлы және Кәрібай Нұрболат Батырханұлына сөз кезегі берілді. Жас жігіттер де қарап қалмады «Бала тәрбиесіндегі экзистензия анализі» бала тәрбиесіне қажетті  рухани-адамгершілік құндылықтар туралы ауқымды пікір айттып, тыңдармандармен ой бөлісіп, сұрақтарына жауап берді. «Өлкетану арқылы патриоттық сезімді тәрбиелеу» №13 «Тұлпар» балабақшасының тәрбиешісі Рахметова Гюльзана Тулекбергенқызы  өзінің балабақшасында балалар, ата-аналармен жүргізіп жатқан жұмыстарын слайд арқылы көрсете отырып, әріптестеріне баяндама жасады. «Баланың өз ұлтының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін білуге үйрету оның бойында өзі тұратын туған жеріне деген құрмет, мақтаныш сезімдеріне бөлейді. Өз халқының мәдениетін, салт –дәстүрін білу арқылы, басқа ұлттардың да мәдени, салт- дәстүрін білуге құрметтеуге» үйрететіндерін айта келе. «Әр халықтың ауыз әдебиеті, халық ертегісі, фольклоры ұрпақтан ұрпаққа жалғасып,  достық, сүйіспеншілік, махаббат, ізгілік, мәдениеттілік, еңбекқорлық сияқты адами құндылықтарды дәріптеуден тұрады. Баланың ақыл ойының адами қасиеттерін жетілдіруге ұлттық ойындардың да алатын орны ерекше» Кемеңгер Абай да: «Тегінде  адам баласы, адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де ақымақтық», – дейді өзінің он сегізінші қара сөзінде». – деп сөзін аяқтай келе, Мағжан Жұмабаевтың жастарға айтқан өнегесімен сөзін тәмамдады.

      Қазіргі заманның дарындары әннен Димаш Құдайбергенов, спорттан Серік Сапиев, шахматтан  Жансая Әбдімәлік сынды жас  тұлғаларымен таныстырып отыру да үлкен қызығушылық тудырады. Ерлігіне ел тамсанған Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаев,  Қасым Қайсенов аталарымыз туралы балаларға әңгімелеу, жаңа тәрбие беру үрдісінің үлгісі деуге болады.

№58 «Өркен» балабақша тәрбиеленушілерінің жетекшісі тәрбиешілер Баймолда Әлия Жақыпбекқызы, Жаманкулова Балжан Балқыбекқызы «Ел қорғаған бабалар» сахналық қойылымын көрсетті. Көріністе бүлдіршіндердің байсалды рөлдерін сомдағанын көру «біреуге арман, біреуге мақсат еді» болмасада ұқсап бақты. Дипломы жоқ актерлер деседе болатындай. Дайындыққа біраз тер төккендері көрініп-ақ  тұр. Декарация, түрлі атрибуттар арқылы балалар үш би, Абылай хан, бас уәзірлердің рөлін, образға сүңги беріліп, нақышына келтіріп күй пернелерін бұрағандай әсер қалдырды. №71 «Мөлдір» балабақша тәрбиешісі Адамбекова Айгүл Нургалиевна «Балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру арқылы ұлттық патриотизмге тәрбиелеу» тақырыбында өзінің тәжірибесінде орын алған тәрбие процесін үлгі ретінде көрсетті. Ол кісіге тыңдармандар сауал қойып, жауаптарын алғандай болды.

№58 «Өркен» балабақша тәрбиешісі  Умирбаева Сандуғаш Сүйндыкқызы ұйымдастырылған ашық оқу қызметін  «Ұлттық мұрам-мәдени қазынам» тақырыбында шебер сынып өткізді. Мектеп алды даярлық «Ақбота» тобының балалары өнер көрсетті. Балалардың қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы туралы түсініктерін кеңейту. Ұлттық бұйымдар мен ұлттық таным қасиеттерін еске түсіру арқылы сөздік қорларын молайту. Мақал-мәтелдер айту, жұмбақтар шешу және тақпақтарды жатқа айта білуге үйрету. Балаларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеуді көздегені білініп-ақ тұр.  Онда қонақтар біраз өнер көрсетіп бір сәт балалардың рольінде болып көрді деседе болғандай.

Қолдан жасаған кәдімгі киіз үйдің сұлбасын, оған бірнеше жабыстырғыш құралдармен заттарды, тіпті жануарларды қиып жабыстырып сөйлем құрауға дайындаған  №58 «Өркен» балабақша  тәрбиешісі Каренеева Венера Ерболқызы «Білім берудегі инновациялар»  атты жаңа заманның технологиясына тоқта

лды. Шеберлік сағаты «Тіл – ұлт қазынасы»  №58 «Өркен» балабақша  тәрбиешілері Ибраева Айнур Спадиярқызы, Намазбаева Райгүл Туреғалимқызы өздерінің тәжірибелерін көрсетіп елді таң тамаша қалдырды. Қолдан жасалған бұйымдар арқылы балалардың сөздік қорларын дамытуға бағыттай отырып, туған жеріне, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу жөнінде түрлі тапсырмаларды тәрбиешілер өздері жасады. Ертеңгі күні өз жұмысында қолдану мақсатында. Кезек  халық әні «Атамекен» әніне жетті. Бірлесіп  орындады. Рухани — адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім беруді басты назарда  ұстаған  №58 «Өркен» балабақшасының меңгерушісі Ләззат Махсүтқызының айтуынша ––- Жауапкершілік міндетін сезіне алатын, мінез-құлқы жетілген, халқының салтын жақсы білетін, елі үшін еңбек ететін патриот тәрбиелеп шығаруға ынталымыз. Елбасы тұжырымдағандай,  «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелестік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады…  Бола­шақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлы­ғымен емес, адамдарының бәсекелестік қабілеті­мен айқындалады. Сондықтан әрбір Қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт  XXІ ғасырға лайықты қасиеттерге  ие болуы керек». Әрине, біз, ең алдымен, мына мәселеге баса назар аударғанымыз абзал. «Көненің көзінен, дананың сөзінен» деген халқымыз. Өткенімізді құрметтеп, бірлік, күшімізге, болашағымызға сеніп жүре беремекпіз»

«BILIM AINASY»
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.