Home » Мақалалар » «BOOKDATING» үздік оқырман

«BOOKDATING» үздік оқырман

Нұр-Сұлтан қаласы,
№67 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,
«Оқырман» клубы жетекшісі: 
Әмитова Жайна Бердіқұлқызы

 

Кітап аяулы досы бола бастаған
 шақтан былай ғана әрбір жан
өзін интеллигент
бола бастадым деп
санауына болады.
Мұхтар Әуезов

         Кітап оқудың ұлт болашағы үшін маңызы зор. Білімсіз қоғам ешқашан да өрге басқан емес. Ұлы ғұламаларымыздың кітап туралы ой-пікірлеріне көңіл бөлсек. Абай атамыз  «Артық ғылым кітапта ерінбей оқып көруге» десе. Осы ретте  «Кітап-ең сабырлы ұстаз» деген болатын  Елбасымыз  Н.Ә. Назарбаев  өз сөзінде. Ақылды, шабытты кітап көп ретте адам тағдырын шешеді. В. А. Сухомлинский «Кітап ақылына ақы сұрамайтын ең құнды қазына» деген екен түркі жұртының ұлы ақыны, ойшыл Әлішер Науаи. Расында қай ғасырда да кітаптың алатын орны бөлек. Кітап кемелденуге көмектеседі. Қаншама технологиялар шығып жатыр. Бірақ бұлардың бәрі кітапты алмастыра алмасы анық. Оқыған адамның күні қашан да жарық. Кітап оқу бізге қандай нәтиже береді? деген сұраққа келер болсақ, келесі жолдарға назар қойыңыз. Кітап оқудың 7 пайдасы туралы. Түртіп алыңыз. Балаларға оқып беріңіз.

  1. Кітап оқу – қоршаған ортаны, дүниені және өзін тануға көмектеседі.
  2. Кітап оқу – жадыны және ойлауды дамытады. Яғни, көп оқыған адам жады мықты, тез ойлап, тез қорыта алады.
  3. Кітап оқу – талдауға, сараптауға, өзіндік жүйелі пікір қалыптастыруға үйретеді.
  4. Кітап оқу – көптеген табыс пен жетістіктің ең басты негізі.
  5. Кітап оқу – адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйретіп, әдемі сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
  6. Кітап оқу – сөздік қорды байытады және жалпы сауаттылық деңгейін арттырады.
  7. Кітап оқу – адам бойында бұғып жататын шығармашылық қабілеттерді дамытады. [1] Ал, бүгінгі оқырман үшін кітап оқудың маңызы қандай? Жауап беріп көрелік. Менің педагогикалық сенімімнің бір ақиқаты кітаптың тәрбиелік күшіне деген шексіз сенім болып табылады. Мектеп дегеніміз – ең алдымен кітап. Тәрбие – ең алдымен сөздер, кітап, жанды адамдық қарым-қатынастар. Кітап – құдіретті қару.

Кішкентай оқырман оқушыларға кітап оқыту мақсатында бүгінгі таңда көптеген  іс-шаралар ұйымдастырылуда, осы ретте біздің гимназиямызда да , бірлескен кітап оқу іс-шаралары жолға қойылып, үздіксіз шаралар өтуде. Солардың бірі «BOOKDATING»  үздік кітап таныстырылымы байқауы жобасы. «BOOKDATING» үздік оқырман кітап таныстырылымы  жалпы  гимназия оқушылары үшін «100 кітап» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері

  • «100 кітап» жобасын насихаттау мен тарату;
  • Кітап оқу құндылығын, дәстүрін сақтау және дамыту;
  • Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көрсету және дамыту;
  • Оқыған кітаптарымен бөлісу, танысу, ой бөлісу, ой түйіндеу, талқылау.

Адамзатпен бірге жасап келе жатқан асыл қазына кітап десек, оны жас ұрпаққа насихаттау, ізденіп оқуға баулу- алдымызда тұрған үлкен міндеттердің бірі. гимназиямызда «Bookdating» атты елімізде кеңінен қолдау тапқан жоба жұмысына біздің гимназия да өз үлесін қосуда. 23.04.2019 жылы  Бүкіл әлемдік, дүниежүзілік кітап құқығын қорғау күні қарсаңында гимназиямызда  «Bookdating»  кітап таныстырылымы өтті. Аталған іс-шараға қатысушы спикер өзінің өміріне, ойын өзгертіп, белгілі бір жетістікке жетелеген кітап жайлы баяндап берді. Соңынан оқырман арасынан белсенді болған адамға кітабын сыйға тарту жоспарланды.
«Bookdating»- тің бірінші спикері  гимназия директоры Абдраманова Гүлжанат Асанқызы : Кәмшат Бекжігітованың «Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт» кітабын таныстырды. Қысқаша кітап туралы айтар болсақ: Өзіңмен қалай жұмыс жасауды үйрететін аффирмациялармен ойыңды қалай өзгертуге болатыны туралы кеңестері қызықты екенін атап өтсе, Тимоти Уокер «Финская система обучения» кітабы: білім беру жүйесіндегі өзгеріс ол мұғалімнің жеке ізденісі, зерттеуі, оқушының жеке қажеттілігіне қарай жаңа әдістерді қолдануда оқушы үнін ескере алу туралы ой қозғайтынын айтылды. Сонымен қатар «Эмоциональный интеллект» — эмоционалды интеллектінің қай салада болмасын ең маңызды екенін, әсіресі басқарудағы зөлі жақсы зерттелгені  туралы ой бөлісті. Кітап таныстырылымының спикері  ата-ана Айнұр Бұлақбай   Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітап» кітабын таныстырса, жас маман Жансая Сексенбай  Адам Браунның «Каранжаш надежды» кітабын таныстырды, мектеп президенті, көшбасшы Али Куптлеу спикер ретінде оқуға ұсынатын кітабы Бодо Шефердің «Закон победителя» кітабы болды. Іс-шара барысында оқудың тиімді әдістері мен қолжетімді кітаптар жайында әңгіме қозғалып, спикерлер сөзінен кейін сұрақтар легі толастамады.

№67 гимназияда «Оқырман» клубы жұмыстары аясында 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен  «Bookcrossing»/»Досыма кітап» сыйлаймын акциясы үнемі оқу жылы соңында болып тұрады. Акция гимназия директоры Гүлжанат Асанқызының бастамасымен оқушыларға кітап оқудың маңыздылығын жеткізе отырып, әрдайым оқушылармен  кітап алмасуды өзі бастап береді. Акция барысында балалар өздерінің алып келген кітаптарын басқа өзін қызықтырған кітаптармен алмастырып алып оқуға мүмкіндік алады. Жыл соңында бұл акция балалардың бос уақытын тиімді пайдалануына ықпал етеді деген сеніміміз мол.

№67 гимназияда 2019-2020 оқу жылы қаңтар айында «Bookdating» үздік кітап оқырманы байқауы жарияланып, ақпан айында 5-11 сынып оқушылары арасында «Bookdating» үздік кітап оқырманы байқауы басталды. Бұл байқау əр бейсенбі күндері жалғасып отырды. Байқау мақсаты оқушыларды кітап оқуға тарту, бірлесе кітап құндылығын тануға шақыру, кітап таныстыру арқылы көркем сөйлеуге, көшбасшылық, бәсекеге қабілеттілік дағдыларын дамыту болып табылады. Жоба аясында 100 – ге тарта кітаптар таныстырылды. Атап өтер болсақ:

         Темірхан Томирис 6 «Ә» сынып оқушысының таныстырған кітаптары: «Дикая ведьма» Лине Кобербель, «Гулливердің саяхаттары» Джонатан Свифт, Абай Құнанбаевтың  «31 қара сөзі», «Қазақтың қилы тарихы» Қойшығара Салғарұлы, «Шәмші Қалдаяқов хикаяттары» Оразбек Бадыков, «Замана белестері» Сапарғали Бегалин, Ғ.Мұстафин “Дауылдан кейін” , Сью Таунсенд “Тайный дневник Адриана Моула”,  В.Гюго “НОТР-ДАМ БҮКІРІ” , “Қамбар батыр” жыры, Жеңіс Ароновтың “Ата мекен” кітабы, Генри Форд. «Моя жизнь, мои достижения», Мұхтар Мағауин “Бір атаның балалары”, Фадеев, Александр Александровичтің “Молодая гвардия”, “Төртінші индустриялық революция” Клаус Швап, Ә. Нұршайықов “Махаббат қызық мол жылдар”  видео таныстырылым және буктрэйлер түрінде таныстырылды;

Амангелді Жаннұр 6 сынып оқушысының таныстырған кітаптары:  Рэй Брэдбери «Лето, прощай», Кәмшат Бекжігітова “Ойыңды өзгертіп, өміріңді өзгерт”; Қабылбек Асылзада 6 «Ә» сынып оқушысының таныстырған кітаптары:   «Адам анатомиясы», Джек Лондон “Тектік сарын” кітабы; Қазықызы Аружан 6 «Ә» сынып оқушысы. Таныстырған кітабы:         Кен Моги «Икигай»; Иманбаева Аягөз 6 «Ә» сынып оқушысы:          «Махаббат қызық мол жылдар» Ә. Нұршайықов; Какимжанова Асылтас 6 «А» сынып оқушысы: Эрих Мария Ремарк“Триюмфальная арка”, Д. Гринвурд «Маленький оборвыш»/«Өгей бала», Оскар Уайльд“Портрет Дориана Грея” , “Абайдың қара сөздері”, Антуан де Сент-Экзюпери «Маленький принц», Фрэнсис Бернет “Таинственный сад”; Сайлаубек Баубек 6 сынып оқушысы: Стивен Кинг «Зеленая миля», Ермек Тұрсынов “Мәмлүк”, Джек Лондон.  «Зов Предков» , “Шоқан Уәлиханов” Аруна баспасы, Жюль Верн “Пять недель на воздушном шаре”, “Д.Қонаев” Аруна баспасы, “Ер тарғын” батырлар жыры

Аруна баспасы; Сейілханұлы Қадыржан 6 «Ж»  сынып оқушысы: Орынбай Жанайдаровтың»Тоқтамыс хан» кітабы, М.Әуезов “Абай жолы”, “Мухаммед” діни кітап, “Менің атым Қожа” Б. Соқпақбаев, “Адам ата”; Қожамқұл Арафат Мұратқыз 8 сынып оқушысы: Толымбек Əбдірайымов  «Бұралаң  жол»,

Саидмурод Давлатов «Стратегия мышления богатых и бедных людей»;

Серикова Сабина  5 «Английские легенды» (ағылшын тіліндегі кітап), «Қазақ халық ертегілері»; Нұрпапа Ерсұлтан 6 «А» Гарри Поттер и философский камень; Нұрпапа Бекзат 5  «Фантастика»; Совет Тахмина   8 “г” Мұқағали Мақатаевтың  «Аққулар ұйықтағанда», Оралхан Бөкей “Жау тылындағы бала”,  Қасым Қайсенов “Қазақ солдаты”, Сайын Мұратбеков “Жабайы алма”,  Ғабит Мүсірепов “Ұлпан”,  “Қобыланды батыр” жыры,  Бауыржан Момышұлы “Ұшқан ұя” , Жүсіпбек Аймауытов “Ақбілек” романы; Акбар Ескендір  9 “д” А. Бек “Волколамское шоссе” кітабы туралы өте керемет тебіреніспен таныстырып шықты. Кітаптан алған әсері, оқушының кітап таныстырған сәтінде бойынан көрініп отырды; Бақытжанқызы Балжан 7  Крис Колфер “Страна сказок”; Ныгиман Нұрқазы 5 сынып оқушысы Б.Бұқарбай “Күміс кітап”  кітабын оқып, өз түйінді ойларымен бөлісті;

Оқушының шынымен өзі үшін оқу керек екенін түсіне отырып оқып, алған әсерін жеткізе отырып, шығармадан түйген ойын шаттана жеткізген оқушыларды көрдік, тыңдадық, сүйсіндік.  «BOOKDATING» кітап таныстырылымы оқушыға айтарлықтай  ой салғаны, іздендіргені байқалды. Жас оқырмандарымыз келесі кездесуді асыға күтетінін байқадық.

«BOOKDATING» кітап таныстырылымы биылғы оқу жылында пандемия уақытына сәйкес келді, десе де оқушылар мойымады, өздерінің ізденуге, оқуға дайын екендерін көрсетті.

Жақында басшымыз Қ.Тоқаев та өз парақшасында @tokayev_online оқып жатқан кітаптар тізімін ұсынды. Президенттің бастамасын 67 гимназия оқырмандары да жалғастырады! Гимназиямыздың ұстаздары мен оқушылардың карантиндегі кітап Оқушыларға қандай кітаптарды оқуға болады деген ұсыныстары. Мектеп басшысы, оқу орынбасарлары, жас маман мұғалімдердің оқушыларға оқуға ұсынған кітаптарын да назарға алып, оқу ұсынылды.

@abdramanovagulzhanatasankizi — #67 гимназия директоры:
«Әл-Фараби», А.Машанов

@bektasova43 — директор орынбасары: «Өмірге ғашық болу», С.Керімбай

@zhainamitova – директор орынбасары: «Қалың елім, қазағым…», А.Құнанбайұлы
@nazzgul1401– психолог: «Последняя звезда», Р.Янси

@jansaiaseksenbai – қазақ тілі мұғалімі: «Дисциплина без драм», Т.Брайсон, Д.Сингел

@assemelubai – биология мұғалімі: «Өмірге шексіз ғашық», Д.Болат

@gulsim130797 – бастауыш мұғалімі: «Тихие слова любви», С. Джио
@btorqaly – технология ммұғалімі: «Салт-дәстүр сөйлейді», С.Керімбай

Төлен Нұрай – 8 «B» сынып оқушысы: » Робин Гуд», А.Лютый

Сейілханұлы Қадыржан — 6 «Ж» сынып оқушысы: «Тоқтамыс хан», О.Жанайдаров

Темірхан Томирис — 6 «Ә» сынып оқушысы: «Гуливердің саяхаты», Д.Свифт

@ar.afat2471. — 8 «Б» сынып оқушысы: «Стратегия мышления богатых и бедных людей», С. Давлатов

Баубек Сайлаубек — 6 «А» сынып оқушысы: «Зеленая Миля», С.Кинг

Қасымова Ғазиза – 6 «З» сынып оқушысы: «Бесстрашная леди», Л.Лафой

Қасымова Жұпарай – 6 сынып оқушысы: «Храбрая Сердцем», С.Бардхан-Кволан

@akbota_isataikyzy — 10 «В» сынып оқушысы: «Абай жолы», М.Әуезов

Ақмолдаева Динара – 9 «А» сынып оқушысы: «Пендеге иман өзі ашады жол», А.Омар

Ерсұлтан Нұрпапа — 6 «А» сынып оқушысы: «Гарри Поттер и философский камень», Д.Роулинг

Серикова Сабина – 5 «Ә» сынып оқушысы: «Лучшие английские легенды», Д.Демидовой

Жас оқырманның қоғамдық өмірге белсене қатысуға жетелеудің бірден-бір жолы құнды кітап оқып, кітаптан алған азығын, өзіндік ой-тұжырымын өмірде қажетіне жарата алуына қолдау танытсақ. Біздің жас ұрпақ бәсекеге қабілетті, мәдениетті, өмірге икемді, жасампаз тұлға болып жетіледі деген сенім білдіремін!

Қолданылған әдебиеттер:

1 Сайт: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/19047/

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.