Home » Мақалалар » Тұлғаның  құндылық  бағдарының  білімге негізделуі  

Тұлғаның  құндылық  бағдарының  білімге негізделуі  

Тұңғыш Елбасы «Болашаққа
 бағдар, рухани жаңғыру»
 атты мақаласында:
Құндылықтар жүйесінде
білімді бәрінен биік қоятын
ұлт  қана табысқа жетеді.

      Оналбаева Гүлнар Беркайқызы
      Нұр-Сұлтан қаласы  №67 гимназия  директорының
     тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары

Қазіргі таңда мектептегі тәрбие жүйесінің құрылымы – құндылыққа негізделген білім беруге бағытталып отыр.  Тәрбие  тұлғаны адамзат мәдениетіне үйлестіру, шынайылықты, «адам әлемі», адамдардың өзара әрекеті, оның нәтижесінің жиынтығы ретінде тануына көмектеседі. Тұлғаның рухани-адамгершілік, шығармашылық дамуын қамтамасыз ететін мектеп тәжірибесіндегі  оқушылардың оқу іс-әрекеті мен мұғалімдердің әдістемелік жұмыстары  және  тәрбие жұмыстарының жүйесі ретінде жүзеге асырылады. Ж. Пиаже құндылық бағдардың қалыптасуының алғышарты ретінде белгілі интеллектуалды даму деңгейін көрсетеді. Ақыл-ой дамуы мен адамгершіліктік даму да прогрессивті екенін өз еңбектерінде дәлелдеген. Мағжанның педагогика саласындағы өрісінің биіктігі, білімінің тереңдігі тәрбиені жан иесінің тиісті азық беру деп түсінгенік беруінде  «Тәрбиедегі мақсат –адам деген атты  құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен  адам қылып шығару» деген ұғымын Мағжан Жұмабаев айрықша атаған.

Бүгінгі білім- жаһандану  жағдайында  өркениеттіліктің өлшемімен бағаланатын құндылық болып табылады.  Білім саласының алдында тұрған  жоғары сұраныс заманауи  білім беру көзімен өлшеніп отыр. Еліміздің қоғам көшіне ілесіп, әлемдік тәжірибелерді білім нарығына әкелу  мектеп ұстаздарының бүгінгі талаптарға сай үдерісті нәтижеге бағыттауын айқындауда.  Тұлғаның әлеуметтенуі мектеп қабырғасында қаланып, болашағын болжауға бағыт-бағдар беру, оқу мен оқыту, тәрбиелеу  үдерісінде үздіксіз жүзеге асып отырады.  Әрбір шәкірттің өзіндік болмысын, көзқарасын, ойы мен санасын, бойында құндылықтарды  қалыптастыру мақсатында гимназияның  тәрбие бағдары бүгінгі жас ұрпақтың қажеттілігін ескеріп, оқушы үнімен таңдау жасалып, алдағы жоспараланатын жұмыстарға өзгеріс енгізуге басты назарға алынады. Тәрбиенің  қазығы- отбасында қаланса, ал мектеп оны қоғаммен ұштастырып өмірдің арнасына жол салмақ. Осындай ұлы жолды таңдаудағы  әрбір тұлғаның келешегі кемеңгер, болашағы жарқын, алға қойған  мақсаты  айқын болуы  отбасы мен мектептің біте қайнасқан ынтымағы арқылы берілетін тәрбиеге тән. Гимназияның  кәзіргі қарқынды білім беру жүйесі оқушы, мұғалім және ата-аналардың  педагогикалық-психологиялық, ғылымилық  және әлеуметтік дамуына бағытталған. Мектеп қабырғасына көз салған әрбір оқушының өз бойына рухани азық және әлемдік білімді тануына жағдай жасалып отыр.  Заманауи жабдықталған қабырғалар әсемдікпен қатар қазақстанның  мәдениеті мен тарихы, «Мәңгілік Ел идеясы», «Ұлы жібек жолы», «Ұлы даланың жеті қыры» мен  Ел басының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» мақаласы  электронды оқу жүйесіне енгізіліп, баланың өз білімін  тереңдетуіне, өз бетінше ізденіп,  зерттеп, зерделей білуіне  қабырғалардағы  суреттер мен стенділер әр тақырыптың мазмұны мен мәліметінен қосымша ақпарат алуына арналған.  Білім мен ғылымды қатар алып жүруге мектеп табалдырығынан бастау алып, оның келешегімен жалғасуына, сүйікті ісі мен болашақ мамандығын таңдауына, еңбек пен іскерлікке, шығармашылыққа баулуға  негізделген мектептің әлеуметтік жобалары оқушылар үшін кеңінен, жан-жақты білімін шыңдап, тәлім-тәрбиені бойына құндылық етіп дарытуға тәрбиелейді. Оқушыларды  зерттеу жұмыстарына бағдарлауда  қазақ әдебиетінде өнімді еңбек еткен аса көрнекті  ақын-жазушы, кемеңгері  Ілияс Есенберлинге арналған    «І.Есенберлин» мұражайы  2013 жылдан бастап  өз жұмысын жалғастырып келеді. Бастауыш сынып оқушыларынан жоғары сынып оқушыларына дейін І. Есенберлин өмірі мен еңбектерін  кеңінен танып, ізденіп, зерттеп жазылған ғылыми жұмыстары қалалық, облыстық, республикалық байқау, сайыстарында жүлделі орындарға ие болып жүр. Мектеп ішінде балалардың қызығушылығы мен бейімділігін дамытуға бағытталған түрлі жобалар жүзеге асырылып отыр.  Олар: «Тәлімгерлік», «Еріктілер», «Оқушы үні», «Адал ұрпақ», «Адалдық дүкені», «Адалдық кітапхана», «Үздік сынып», «Қазақ қызы» клубы, «100 жаңа есім», «Cinema City»,  «Оқырмандар клубы», «Туған жерге тағзым», «25 ән» жобалары мектепішілік және  мектептен тыс іс-шаралар мен қалалық, республикалық семинар, конференцияларда шебер сыныптар, презентациялар, озық тәжірибелерімен бөлісуде. Мектептің оқу-тәрбие жұмысының жандануына үлес қосатын күштің бірі ата-аналар қауымының белсенділігі. Қазіргі заман талабына сай білім беру саласының  оқу мен оқыту жүйесіндегі  өзгерістерге мұғалім, оқушымен қатар ата-аналар да педагогикалық-психологиялық және әлеуметтік даму жағынан көзқарастары мен ойлары мектеппен ұштасып, қолдау көрсетіп отырады. Айтар болсақ ата-аналармен жүргізілетін әлеуметтік жобалар: «Бақытты отбасы», «Әкелер кеңесі», «Шеңбер» ашық диалог алаңы, «Сыныпты бақылау» тәжірибесі, «Таза мектеп», «Бір отбасы-бір ағаш» мектеп өмірін көркейту мен өркендеуіне ат салысуда. Әрбір оқушының тұлғалық қасиетін ашып, оны дамыту сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне тән жұмыс. Оқушыларға патриоттық –азаматтық тәрбие беруді жетілдіру мақсатында  «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы,  «Жас сарбаз» кадет сыныптары және   сыныпты зерттеу, зерделеу тәжірибесін жүргізуде сынып жетекшілер «Тәуекел» жобасы, «Lesson Study» сабақты зерттеу Жапон мектептерінің тәжірибесінен, Кембридж білім беру факультетімен бірлескен «Shaer» жобасы бойынша  іс-әрекеттегі зерттеу тәжірибесін  жүйелі жүргізіп отырады.

Қазақстандық  және әлемдік білім беру тәжірибесінің  оқу-тәрбие үдерісіне енгізілуі, оның нәтижеге бағдарланып, құндылыққа негізделген білім беру жүйесі білім сапасының артуы мен қатар мектептің  дамуы және тұлғаның бағдарлануына баса назар аударуда.

Ұлы дана Абай Құнанбаевтың  «Баланы ең әуелі мейір- шапағатқа, одан соң ақыл- парасатқа, ақырында нағыз пайдалы ғылымға, еңбекке баулы» –деп ойын жеткізген.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.