Home » Білім және өнер » Алматы: Биыл Медеу ауданында  8 мектеп салынады

Алматы: Биыл Медеу ауданында  8 мектеп салынады

Биыл Алматы қаласының Медеу ауданында  8 мектептің құрылысы басталады. Сонымен қатар, 17 қосымша құрылыс салынады. Осы жұмыстардың нәтижесінде 23 мың оқушы орны пайда болып, орта білім ордаларындағы орын  тапшылығы 73 процентке азаяды. Бұл деректерді оңтүстік астананың Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев келтірді.

Оның айтуынша, білім ордаларының бірі — Орманов көшесінде, яғни «Шығыс айналма» жолының аумағында бой көтеруде. Жеке инвестициялардың есебінен салынып жатқан заманауи мектептің сыйымдылығы — 540 орын. Онда оқушылардың алаңсыз біім алуына барлық жағдай жасалмақ.

Бұдан бөлек, «Алатау» шағын ауданындағы №7 мектептің ғимаратына сейсмикалық күшейту жүргізіліп жатыр екен. Жұмыс шілде айында аяқталмақ. Сондай-ақ, №48 мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жасалмақ. Бүгінде жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде.

Әсет Масабаевтың мәліметінше, қазіргі таңда Медеу ауданында 43 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның 28-і мемлекеттік, бұларда 31 353 бала оқиды. Ал 15 жекеменшік мектепте 1 993  оқушы білім алуда.

Сөз арасында 2020 жылды қорытындылаған Әсет Масабаев, былтыр Медеу ауданының аумағында бюджет еебінен 2 мектеп салынғанын жеткізді. Соның бірі — «Думан» шағын ауданындағы 850 орындық  орта білім ордасы.  Ал айрықша атап өтерлігі, өткен жылы жеке инвесторлардың қаржысына 1160 орындық 5 мектеп бой көтеріпті.  Нәтижесінде 143 тұрақты жұмыс орны құрылған.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.