Home » Tag Archives: Медеу ауданы

Tag Archives: Медеу ауданы

Еліміздегі ерекше балабақша

Алматы қаласы, Медеу ауданы, №125 бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы болды. Аталмыш шара мектепке дейінгі балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық арқылы әлеуметтік дағдыларын дамыту тақырыбын қамтыды. Конференция балабақша Меңгеруші Ималова Роза Майданқызының алғысөзімен ашылып, қатысушыларға арналған «Тілек шырағы» тренингі және «Кетті-кетті домбыра» қимылды ойыны ұйымдастырылды. Бұдан кейін қатысушылар топ-топқа бөлініп, ...

Толығырақ »

«Мен сүйетін мамандық»

«Ұстаз болу – өзіңнің біліміңді ғана емес, жүрегің мен жаныңды шәкіртіңе арнау.» Беньямин Мирко          Ұстаз… Қанша терең мағына, қанша шексіз мейірім мен шыдамдылық, қанша жанкештілік пен адалдық жатыр бұл сөздің астарында. Ұстаздық – жай ғана жұмыс емес, бұл өмірдің мәні, жүректен шыққан шынайы қызмет. Өзгенің өміріне өзгеріс енгізе отырып, оны жақсылыққа жетелеу – әр ұстаздың ұлы ...

Толығырақ »

Алматыдан сөйлеп тұрмын…

    Кеше Алматы қаласындағы бірқатар мектептер мен балабақшалардың ұжымымен таныстым. “Қонақ аз отырып көп сынайды” демекші көзге түскендер мен құлаққа ілінгендерді тере жүрдім. №159 гимназия директоры Эльмира Исабекқызы жылы қарсы алды. Сөйлесе жүре мектеп тынысымен таныстырды. Оқу орны орналасқан ғимаратқа отыз жылдан асыпты. Десе де күтімі мен қолданысы жаңадан салынып жатқан жайлы мектептерден кем емес сияқты болып көрінді. Мұнтаздай тазалығы, ...

Толығырақ »

«Наурызнама – ұлысты ұйыстырған мереке»

         2024 жылдан бастап  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде «Наурызнама» тұжырымдамасы бекітіліп, аталған тұжырымдама негізінде Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамы елімізде 14 наурыздан бастап тойлана бастады. Көрісу күнінен бастау алатын мерекелік іс-шаралар 23-наурызға дейін жалғасын тапты. Әрбір күн белгілі бір тақырыптық негізге бекітіліп, он күн бойы өткізілген салтанат ізгі амалдарға, мәдени сауық кештер мен ...

Толығырақ »

«Жас маман» жәрмеңкесі

Таяуда Алматы қаласы Медеу ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №64 мектеп-лицейінде «Алматы мектебі» жобасы аясында колледж оқытушылары «Жас маман» атты жәрменке өткізді. Оған  Медеу ауданының 28 мектебінен 1000-ға жуық (9-сынып — ред.) оқушылар қатысты. Жәрменкеде №64 мектеп-лицейінің директоры Сұлтан Айтбаев: «Мектеп деген тек білім алатын мекеме ғана емес. Мектеп —  қазіргі кезден бастап, болашақтың іргетасын қалайтын жер деп айтуға болады»,- деді. ...

Толығырақ »

Алматы: Биыл Медеу ауданында  8 мектеп салынады

Биыл Алматы қаласының Медеу ауданында  8 мектептің құрылысы басталады. Сонымен қатар, 17 қосымша құрылыс салынады. Осы жұмыстардың нәтижесінде 23 мың оқушы орны пайда болып, орта білім ордаларындағы орын  тапшылығы 73 процентке азаяды. Бұл деректерді оңтүстік астананың Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев келтірді. Оның айтуынша, білім ордаларының бірі — Орманов көшесінде, яғни «Шығыс айналма» жолының аумағында ...

Толығырақ »