Home » Білім және денсаулық » Вице-министр 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндіріп берді

Вице-министр 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндіріп берді

 

Бүгіннен, яғни 1 наурыздан бастап еліміздегі мектептерде сабақ қалай өтетіні белгілі болды. Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында орта білім ордаларында рұқсат етілген аралас форматта оқытудың жай-жапсарын түсіндіріп берді.

Оның жазуынша, 1 наурыздан бастап ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 9 қаулысына сәйкес, сондай-ақ санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтануына байланысты, жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып және халықаралық мектептердің 1-7 сынып білім алушыларын аралас форматта оқытуға рұқсат етілген. Өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қай оқу пәндерінің штаттық немесе қашықтан оқыту форматтарында жүргізілуін және оқу сағаттарының санын анықтауды мектептер дербес шешеді. Бұл ретте мектептер осы оқу жылында қолданыстағы жұмыс оқу жоспарларын басшылыққа алады.

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігі «Көркем еңбек» және «Музыка» пәндерін 1-5 сыныптарда қашықтан асинхронды форматта қалдыруды, қалған пәндерді штаттық форматқа көшіруді ұсынады. Тек ерекше жағдайларда, ауырғанда немесе науқастармен қарым-қатынас жағдайларында ата-аналардың өтініші бойынша балаларды қашықтан форматында оқытуға қалдыруға рұқсат етіледі.

Осы орайда білім беру процесінің барлық қатысушылары санитария –эпидемиология талаптарын сақтауы тиіс деген вице-министр: «Мектеп басшылары балалардың қауіпсіздігін және денсаулығын сақтау үшін барлық жағдайларды қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен педагогтер жеке гигиена ережелерін және санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтайды. Ата-аналар тарапынан балалардың жеке гигиенаны сақтауы және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін түсіндіру өте маңызды», — деп атап көрсетті.

Шолпан Карнованың түсіндіруінше, 1-5 сыныптардың барлық оқушыларын мектепке қайтару бастауыш мектеп деңгейінде базалық білімнің, қажетті дағдылар мен құзыреттердің қалыптасуымен байланысты болып отыр. Олар үшін әлеуметтену және қарым-қатынас процестерінің жалғасуы, оқыту кезінде ұжымдық өзара қарым-қатынастың қол жетімді болуы маңызды. Сондықтан бірінші кезекте осы сыныптар бойынша шешім қабылданған.

Оқушыларға мектепке міндетті мектеп формасында емес, еркін, ұқыпты және жинақы киімде болуға рұқсат етіледі. Ата-аналарға мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.

«1 наурыздан сабақтан тыс уақытта білімдегі олқылықтарды толықтыру үшін оқушыларды жеке оқыту 15 адамнан аспайтын топтарда мүмкін болады. Бұл жағдай әлі де қашықтан оқытуда қалып отырған 6-8, 10 сыныптарға қатысты. Бұл міндетті емес, мұғалімдердің шешімі мен оқушылардың ата-аналарының келісімі бойынша іске асырылады», — деп атап һтті вице-министр.

Оның жазуынша, балалардың жекелеген санаттарының тамақтануы, тұруы, тасымалдануы өңірлердің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерімен келісіліп қамтамасыз етіледі. Барлық қабылданған шешімдер ата-аналарға алдын-ала жеткізілуі керек.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.