Home » Жаңалықтар » Оралдық оқушылар озық нәтиже көрсетті

Оралдық оқушылар озық нәтиже көрсетті

Батыс Қазақстанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланды.

22-27 ақпан аралығында ұйымдастырылған білім додасына 14 пән бойынша 482 оқушы қатысты. Олимпиаданың әр кезекті күні аяқталғаннан кейін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының сайттарында қатысушылардың жұмыстары, пәндер бойынша шешімдер мен хаттамалар жарияланып отырды.

Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша І орын – 34, ІІ орын – 59, ІІІ орын – 84 жүлдегерге бұйырса, диплом – 73 шәкіртке берілді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапатталды. Командалық рейтинг бойынша І орын – Орал қаласының құрама командасы, ІІ орын – дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернаты, ІІІ орын –дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты кубоктармен және дипломдармен, аудандар арасында жоғарғы көрсеткіш көрсеткен Теректі ауданының білімпаздары дипломмен марапатталды.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.