Home » Мақалалар » №176 орта мектеп базасында «Ұрпақ санасына — ұлттық рух» атты қалалық семинар

№176 орта мектеп базасында «Ұрпақ санасына — ұлттық рух» атты қалалық семинар

Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №176 орта мектеп базасында 2017 жылдың 22 қараша күні мектеп оқушылары арасында рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Ұрпақ санасына — ұлттық рух» атты қалалық семинар өткізілді.

        Семинарды қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Тауипбаева Мөлдір Сұлтанбекқызы ашып, семинарға қатысушыларға сәттілік тіледі. Ашылу барысында облыстық мәслихаттың депутаты Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы және Қорқыт Ата атындағы Мемлекеттік Университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Жеңіс Садуақасұлы сөз сөйледі.

Семинар барысында мектеп фойесінде «Қазақстан әлемдік қозғалыстың жолында» атты сурет, қолөнер көрмесі қойылды.

Көрмеге қалалық «Үздік бейнелеу пәнінің мұғалімі – 2017» байқауының  І орын иегері, облыстық байқаудың ІІ орын иегері Дабылова Эльмира Тасболатқызының шығармашылық жұмыстары, оқушылар шығармашылығынан суреттер және тақырыптық қолөнер бұйымдары қойылды.

Оқушылардың қолынан шыққан сурет пен қолөнерден тың туындылары сол жерде орындалды. Оқушылар «Менің көшемнің тарихы» және «Мектеп тарихындағы 100 есім» атты ғылыми жобалар жайлы тоқталып, арнайы тақырыптық стенд әзірленді.

Бағдарламаға сәйкес төмендегі шаралар атқарылды:

Үштұғырлы тілді насихаттау мақсатында «Көптілді полимәдениетті тұлғаны қалыптастыру – заман талабы» тақырыбында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сабирова Дина ток-шоу өткізді. Ток-шоуға Назарбаев Зияткерлік Мектебінің сыртқы байланыстар ісі жөніндегі орынбасары Мамадиярова Ақбота Базарбайқызы, НЗМ-нің математика пәнінің мұғалімі Кениялық азамат Патрик Киало, Қызылорда қаласындағы Қазақстан халықтар Ассамблеясының татар ұлты диаспорасының мүшесі Валиулина Фердаузе және №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім инновация» лицей-интернатының 8 сынып оқушылары Асқар Ернұр және Талғат Қазыбек қатысты. Іс-шараға әр буын бойынша оқушылар қамтылды. Іс-шара барысында оқушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қазақтың ұлы ақыны Абайдың қарасөздерін мәнерлеп оқыса, өзге ұлттың өкілі 9 сынып оқушысы Черкезюк Алексей «Туған тілім» өлеңін қазақ тілінде оқыды. Оқушылар үш тілде шара қонақтарына сұрақ қойып, жауап алды. Рухани жаңғыру бағдарламалық мақаладағы көптілділік туралы ойларын ортаға салды. Осы сәтте қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Мөлдір Сұлтанбекқызы Кениялық азамат Патрик Киаломен ағылшын тілінде сөйлесіп, аталған бағдарламалық мақаланың мақсатына тоқталды. Шет мемлекетте білім алушы Қызылордалық жастардың бейне сәлемдемесі көрсетілді.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласында таяу жылдардағы міндеттердің бірі — қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру. Осы ретте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Доскеева Өміргүл «Латын әліпбиі: жаңғыру – жазудан басталады» тақырыбында 10 сынып оқушыларымен ой-талқы өткізілді. Ой-талқыға Қорқыт Ата атындағы ҚМУ – нің профессоры филология ғылымдарының докторы Жеңіс Сәдуақасұлы, «Мектеп-Ана» мектеп гимнінің авторы ардагер ұстаз Бақыт Кәнтаева, ардагер ұстаздар және ата-аналар қатысты. Көпшіліктің пікірін көрсету мақсатында «Алынбайтын асу жоқ» тақырыбында шағын сахналық қойылым қойылды.

Жеңіс Садуақасұлы қазақ жазуында қолданылып келген әліпбилер тарихына, соның ішінде латын әліпбиіне кеңінен тоқталды. Ахмет Байтұрсынұлының рөлін, төте жазуды құрастырғанын айтып өтті. Оқушылар шара барысында латын әліпбиіне көшудің тиімді жақтары туралы әртүрлі пікірлер айтып, оң көзқарасын білдірді.

Рухани жаңғыртудың басты жолы-қоғамдық сана мен біртұтас идеяны қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, жасампаздыққа ұмтылу. Елбасының бағдарламалық мақаласын оқушыларға кеңінен насихаттау мақсатында тарих пәнінің мұғалімі Жиенбаева Анузаның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – өскелең ұрпақтың дара жолы» атты танымдық сабақ өткізілді. Танымдық сабаққа Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Қазақстан тарихы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтпай, облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері Гүлжанар Оразалиева, Тасбөгет кенті ішкі саясат бөлімінің маманы Шағыров Қабдеш қатысты. Танымдық сабақ барысында оқушылар Елбасының бағдарламалық мақаласы жайлы өз ойларын ортаға салды. Шара қонақтары оқушыларға рухана жаңғырудың келешек ұрпаққа артылып тұрған жүк екеніне тоқтала отырып, мән-мағынасын түсіндірді. Сыр елінің киелі жерлерінің географиясы жайлы мұражай қызметкері оқушыларға бейнеролик көрсетті.

9-11 сынып оқушылары арасында физика пәнінің мұғалімі Үрістемова Ұлбике «ХХІ ғасырдағы ұлттың ұлы бола аламыз ба?» атты ой – көкпар ұйымдастырды. Ел, оқушы үшін, қоғам үшін ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы ұғымды, бәсекеге қабілетті ұлттық идеяны түсіндіріп дәлелдеу үшін 9 – 11 сынып оқушылардың қатысуымен «Болашақ» және «Әділет» тобы мәдени құзыреттілік, прагматизм Қазақстанның эволюциялық дамуы, үштілділік, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жайлы өз ойларын ортаға салды.

Оқушылар бойына адамгершілік тәрбиені сіңіру, үлкенді құрметтеу, отбасы құндылықтарын дәріптеуді тәрбиелеу мақсатында бастауыш сынып мұғалімі Таңсықбаева Бибінұр «Адамгершілік тәрбиесі – рухани жаңғырудың алтын кілті» атты танымдық сағат өткізді. Іс –шараға жас мамандар мен ата-аналар қатысты. Шара «Әркім өзінен бастау керек» атты бейнеролик көрсетуден басталды. Оқушылар адамгершілік, ұлттық салт-дәстүрлер, отбасы құндылығы жайлы тың ойларын ортаға салды. Қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Мөлдір Сұлтанбекқызы іс-шарада өз ұстазы Ділдахан Торғаеваның «Жақсылық жаса, досым-ау!» атты жыр шумақтарын оқушыларға оқып беріп, өзіңе және өзгеге жақсы істер жасай білу, қайырымдылыққа, ізгілікке, қамқор болуға тәрбиелеу, жақсылық жасаудың адами қарым-қатынастағы мәнділігі жайында айтып өтті. Оқушылар патриоттық сезімді өздерінен бастау алу керектігін түсінді.

9 – 11 сынып оқушыларын мамандыққа бейімдеу, белгілі бір мамандықтың иесі болуға бағыт-бағдар беру, соның ішінде ұстаз мамандығын дәріптеу, ұлықтау мақсатында география пәнінің мұғалімі Боранбаева Жайнагүл «Ұлт тірегі – білімді ұрпақ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің техника ғылымдарының кандидаты, профессор Қалиев Бақыт Қалиұлы, педагогика ғылымының магистрі Нағашыбаева Перуза Жұмажанқызы, мектептің ардагер ұстаздары және ата-аналар қатысты. Дөңгелек үстелде Қызылорда қаласындағы іргелі жоғарғы оқу орнының тарихы, тыныс-тіршілігі жайлы айтылды. Оқушылар мамандық жайлы өз ойларын көрініс арқылы жеткізді. Шара барысында оқушылар сұрақтарына жауап алды.

Семинар «Біз – Мәңгілік Елдің іргетасын қалаушы – Ұлы дала ұрпағымыз» атты әдеби-композициямен қорытындыланды. Іс -шараға мектеп түлектері Руслан Бекбосынов, Ислам Бекбосынов, Әйгерім Өмірбек, жырау Күнсұлу Түрікпен, мектептің 50 жылдық мерейтойына арнайы арналып жазылған «Мектеп — Ана» атты мектеп гимнінің авторлары Сәбит Ұлықпан мен Бақыт Кәнтаева қатысты.

Семинарға қатысушылар іс-шараны жоғары деңгейде өткізілді деп бағаларын берді.

Қызылорда қалалық білім бөлімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.