Home » Мақалалар » Өрт туралы ата-ана өз балаларына түсіндіре білуі, қазіргі таңда аса қажет

Өрт туралы ата-ана өз балаларына түсіндіре білуі, қазіргі таңда аса қажет

А.Б. Намазбай

Қарағанды қаласы, «№23 ЖББОМ» КММ

педагог-ұйымдастырушы және

өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Қазіргі таңда қалалар өте көп. Сол қалалардағы көп қабатты үйлерді мысалыға алсақ, мұндай пәтерлер сумен, электр қуатымен, байланыс және ақпарат жүйесімен қамтамасыз етілген. Айта кетсек, бұл, әрине көпшілікке мәлім.

Әсіресе, осындай пәтерлерде балаларды жалғыз  қараусыз қалдыру көп жағдайда аянышты жағдайларға әкеліп соғатыны, өте өкінішті…. Балалар, әлі олар ойын баласы, көп нәрсені түсінбейді. Десек те, қазіргі таңда балаларын қараусыз қалдыратын ата-аналар азаяр емес. Балалар үшін, ең қызықты болып көрінетін сіріңке десек қателеспейміз. Газ плитасымен де, т.б. электрлі құрылғылармен ойнауы әбден мүмкін.

Пәтерлер бір-бірімен ұштасып жатқандықтан, бір жерден шыққан от, әрине дер кезінде арнайы құтқарушылар тоқтатып үлгермесе, басқа да көрші пәтерлерге өтіп, өрт жайылып кету қаупі күшті. Сондықтан, қандай жағдай болмасын, балаларды қараусыз қалдыруға болмайды. Төтенше жағдай бүкіл көп қабатты үйлердің мәселесіне айналып, зардап шегушілер саны артуы да мүмкін.

— егер жану 2-3 минуттан асса, онда от шыққан жерден дер кезінде шығып кету қажет;

— балалар жасырынып қалуға болмайтынын, бұл қауіпті екенін түсіндіру керек;

— жоғарыда айтып өткендей, үлкендер балаларды жабық бөлмелерде өздерін жалғыз қалдыруға болмайтынын түсіну керек.

Ең маңыздысы, әр үйде өртті сөндіруге арналған қажетті құралдар болуы шарт. Және өрттің айналаға, адамдарға, соның ішінде баланың өзіне зиян екенін қарапайым тілмен түсіндіру, ата-ананың ең бір қажетті міндеттерінің бірі деп санаймын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.