Home » Жаңалықтар » «Өрлеу» БАҰО» АҚ 5 жылдығына арналған «Ойшыл іскер» сертификатталған мұғалімдердің бейнесабақ облыстық байқауының қорытындысы

«Өрлеу» БАҰО» АҚ 5 жылдығына арналған «Ойшыл іскер» сертификатталған мұғалімдердің бейнесабақ облыстық байқауының қорытындысы

2017 жылдың 7-сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» «Ойшыл іскер» сертификатталған мұғалімдердің бейнесабақ облыстық сырттай байқауын өткізді.

Байқау Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесін тарату, деңгейлік Бағдарламаның негізгі идеяларын жүзеге асыру, мұғалімдік кәсіптің беделін арттыру, шығармашыл педагогтарды қолдау мақсатында өткізілді.

«Ойшыл іскер» облыстық сырттай байқауының жұмыстары педагогтардың білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында заманауи миссиясы туралы идеяны жүзеге асыруы, Бағдарлама идеяларын түсінуі және заманауи технологиялар мен әдістемелерді енгізуі, тәжірибесінде белсенді зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетін көрсететін сындарлы педагогикалық диалогті, серіктестікті құруы негізінде құрылған критерийлер бойынша сарапталды.

Байқауға оқыту мен оқу тәжірибесіне Бағдарлама идеясын табысты енгізіп жатқан сертификатталған мұғалімдер қатысты. Байқауға 111 жұмыс келіп түсті.

 

Диаграмма 1 – СҚО аудандар бойынша қатысушылардың ұсынған байқау жұмыстарының саны

Қатысушының байқауда жинайтын ең жоғары ұпай саны — 24.

Байқау жұмыстарының қорытынды нәтижесін институттың профессорлық-оқытушылық құрамы, Петропавл қаласындағы ХББ НЗМ және НЗМ тәжірибесін таратушы базалық мектептердің педагогтарынан құрылған әділқазылар алқасы белгіледі.

Байқау жеңімпаздарының тізімі келесі кестеде көрсетілген: https://drive.google.com/file/d/0B8x_mQ__auL4Vks1Ml9EU2J2MVE/view

Қатысушыларға сертификаттар және үздіктерге 1,2,3 дәрежелі дипломдар электронды пошталарына жіберілді.

Байқауға белсенді қатысқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және кәсіби қызметтеріңізде табыс тілейміз!

 

А.К. Кабденова

 ДБО тренері

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.