Home » Жаңалықтар » Жаңартылған білім – заман талабы

Жаңартылған білім – заман талабы

Мектеп жұмысы мен оқу жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім. Қазіргі көзқарастар бойынша мұғалім оқушының оқуын, ақыл-ой дамуын ұйымдастыруы, оған бағыт-бағдар беруі керек. Сол себепті қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелерді еліміздің білім саласына енгізе отырып, қайта қарауға себепші болуда.

Осы тұрғыдан «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының басшылығымен Шымкент қаласында мектеп мұғалімдерін «Жаңартылған білім мазмұны» бағдарламасы бойынша 10.04-28.04.2017ж. аралығында арнайы курс оқытылуда.

Курс мақсаты: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

Курс барысында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалының кафедра меңгерушісі Т1 тобының тренері Медетбекова Меруерт Аскарбековна мұғалімдерге «Жаңартылған білім мазмұны» бағдарламасы бойынша тың ақпараттар бере отырып, оларды оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерімен таныстырды, мұғалімдерге критериалды бағалаудың түрлері мен жолдарын үйретуде.

Нәтижесінде мұғалімдер толық дайындықтардан өтіп, жаңартылған білім беру бағдарламаларын іске асыруда толыққанды жұмысқа кірісетініне сеніміміз мол. Ал жаңа оқу жылында шәкірттеріміздің білім сапасы көтеріледі, біз қоғамымыздың лайықты азаматын, тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз.

ОҚО, Шымкент қаласының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері:

№76 Р.Мырзашев атындағы ном мұғалімі Қарабаева Ұлжан

№18 Ш.Уалиханов атындағы жом мұғалімі Ақылбекова Қарлығаш

№17 Лермонтов атындағы жом мұғалімі Балкыбекова Шекеркул

№42 Хамза атындағы жом мұғалімі Темірбекова Гульназ

№87 жом мұғалімі Парменова Асем

№53 Хамза атындағы жом Алакозова Индира

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.