Home » Жаңалықтар » Өнерлінің өрісі кең

Өнерлінің өрісі кең

Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының ұйымдастыруымен, «Жеңістерге бірге» атты алғашқы балалар паралимпиадылық ойындары өтті.

Мұнда волейбол, шахмат, қоңыраумен жүгіру, жүзу және арбамен билеу бойынша жарыстары ұйымдастырылды. Дүбірлі додаға Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарынан және Астана қаласынан 12 мен 18 жас аралығындағы 120 жасөспірім қатысты.

             Павлодар облысы жалпы топтық есепте І орынға қол жеткізді. Олар жарыстың 4 түріне қатысты: волейбол, шахмат, қоңыраумен жүгіру, арбамен билеу.

Жарыс қорытындысы бойынша, волейболдан І орынға «есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беру мектеп-интернатының оқушылары ие болды. ІІ орын арбамен билеуден Е. Нұрмағанбетов, М. Ақановаға (Екібастұз қ.), ІІІ орын қоңыраумен жүгіруден жеңіске жеткен Д. Асаиноваға (облыстық арнайы мектеп – интернаты), ІV орын шахмат жарысының жүлдегері К. Небельцов (есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған №1 арнайы жалпы білім беретін мектеп-интернаты) және V орынға Р. Ничеухин (арнайы жалпы білім беретін № 4 мектеп-интернаты) табыс етілді.

Ал ҚР Тұңғыш Президенті қоры ұйытқы болған паралимпиадалық ойындарды өткізудің басты мақсаты: адаптивті дене тәрбиесін насихаттау және дамыту, ерекше мүмкіндіктері бар таланттарды анықтау болды.

Айгүл Молдаш

Білім айнасы

Павлодар қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.