Home » Жаңалықтар » «Жас еріктілер» акциясы өтті

«Жас еріктілер» акциясы өтті

Жақында Елбасы Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің агротехнология факультетінің студенттері мен мектеп оқушылары 70-тен астам жас қарағай шыбықтарын отырғызды.

«Жас еріктілер» жобасына «Балалар баспанасы» жанындағы жер телімінде факультет әкімшілігі атынан ауылшаруашылық ғылымдар докторы, профессор, ҚР АШҒА академигі Т.К. Бексеитов қолдау көрсетті.

Студенттер оқушыларға жасыл желектердің өңір экологиясын жақсартудағы пайдасын айтып, көшеттерді отырғызудың арнайы технологиясын таныстырды.

«Өткізілген акция жас ұрпаққа патриоттық және еңбекке баулу тағлымдарын меңгерткен маңызды іс-шаралардың бірлескен бағдарламасы болмақ.

 

Айгүл МОЛДАШ

Білім айнасы

Павлодар қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.