Home » Білім және өнер » Өнерліге өріс кең

Өнерліге өріс кең

Қарағанды облысы Білім басқармасының жоспарына сай, «Сарыарқа дарыны» АҒПО және Қарағанды   гуманитарлық   колледжінің  ұйымдастыруымен  18-сәуір күні  Қарағандыда  Ғ.Жұбанованың  90  жылдығына  орай   балалар   музыка мектебі, өнер  мектебі   және   жалпы   білім   беру  мектептері  арасында «Жас музыкант» облыстық    орындаушылар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты:
Талантты   балаларды  анықтау және  қолдау, кәсіби бағдар беру, сонымен  қатар  оқытушылардың  педагогикалық  шеберліктерін жетілдіру болып табылады.

Байқаудың міндеттері:

  1. Көп ұлтты Қазақстанның мәдениетін сақтау жене дамыту;
  2. Болашақ ұрпақтың  эстетикалық  және рухани адамгершілігі мен патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
  3. Мәдени тәрбиелік  пен  кәсіби   байланысын  нығайту, дамыту.
  4. Музыкалық – педагогикалық білім беру сапасын арттыру;
  5. Балалардың шығармашылығын   қолдау арқылы жағдайын жасау, тәжірибе алмасу, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру.

Байқауға  14-тен астам Қарағанды облысының білім беру  ұйымдарынан  қатысуға  өтініш  қабылданып, 60 оқушы фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, қобыз номинациялары бойынша қатысты.
Аталған   іс-шараны салтанатты  түрде Қарағанды  гуманитарлық  колледжінің  директоры, «Қазақстанның  еңбек сіңірген   қайраткері» Әміров Есжан  Сарманқұлұлы ашты.
Әр қатысушы 2 түрлі  сипаттағы шығармалар   орындады, соның бірі –  Ғ.Жұбанованың  шығармасы болды.
Қатысушылардың шеберлігін колледж  және музыка мектептерінің оқытушылары бағалады.
Байқау  қорытындысы бойынша жүлделі орындарды әр номинация және жас ерекшеліктеріне қарай 13-14 және 15-16 жас аралығы  бойынша  бөлінді.
Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен  марапатталса, жетекшілеріне Алғыс  хаттар  табысталды. Барлық  қатысушылар  мен  жетекшілеріне сертификаттар  берілді.

                           Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды қаласы,
«Білім айнасы»

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.