Home » Жаңалықтар » «Тау самалында» өткен әсерлі қыс

«Тау самалында» өткен әсерлі қыс

Табиғаттың әрбір маусымы ерекше болатыны сөзсіз.Ақ ұлпа қар жамылған ағаштар,үйлер,таулардағы қыс көріністері көздің жауын алады.Қыс мезгілінің тағы бір ерекше көрінісі  қысқы ойындар.Қысқы ойындар өте қызықты, сондықтан балалар қыс мезгілін асыға күтеді.Қыстың салқын ауасы керемет күйге бөлейді. Қарға күн сәулесі түсіп,көз тоймайтындай жарқырайды.Ақ үлпа жамылған ағаштар,үйлер, таулардағы қыс көріністері көздің жауын алады.Осындай бейнекөріністі Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданына қарасты Облыстық мамандырылған «Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығында болған кезде сезіндім.
2018 жылдың қаңтар айының 10 жұлдызынан Төлеби ауданына қарасты Нысанбек ауылында орналасқан Облыстық мамандырылған «Тау самалы» оқу-сауықтыру орталығына VI жаратылыстану – математика   маусымына барып сабақ беріп қайттым. Бұл мектептің ерекшеліктері өте көп. Мектеп 2000 жылы 1 сәуірде ашылған. 2006 жылдан бері мектепті Меделхан Бейімбет Қалдыұлы  басқарып келеді. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін Бердібекова Дәрігүл Өтемісқызы атқарып келеді. Мектепте 24 мұғалім тұрақты жұмыс жасайды.  Пәндер бойынша мұғалімдерді әр аудандардан шақыртып отырады.  Жылына 11 оқу маусымы болып, әр маусымда 300 оқушы қамтылады. Оңтүстік Қазақстан облысының барлық аудандарынан 3300 оқушы демалады, әрі оқиды.

Әр  маусымның бағыты ескеріліп сайыстар,ашық сабақтар, брейн-ринг ойындары «ХХІ ғасыр көшбасшысы» сайыстары өтіп тұрады. Мектепте 4 бағытта оқытылады:

1.Жаратылыстану  — математика бағыты

  1. Қоғамдық – гуманитарлық бағыты

3.Көркемдік – эстетикалық бағыты

  1. Спорттық бағыт

Мектепке қарасты  асханасы, спорт кешені, екі қабатты 4 жатақханасы бар. Асханада күніне 4 мезгіл тамақ беріледі екен.  Барғаннан мектеп ұжымымен тез арада араласып кеттім. Таңертеңнен кешке дейін іс – шаралар өткізіліп, жоспарлар түзіліп, оқушылармен жұмысты жақсы көңіл – күймен бастап жібердім. Таңғы астан кейін сабақ кестесі бойынша сабақтар өттім. Кешке қарай әндер, билер сайыстары, топтық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Таудың ауасы керемет – ақ. Әдемі болып жауған қармен бірге нұр жауғандай табиғат бір керемет көрпемен оранғандай кейіпте болады. Төңіректегі ақ көрпеге жамылған қыс менің де балалық шағымды еске түсіргендей.Оңтүстіктің әрі талантты,әрі дарынды балаларымен әрбір күнді жақсы өткіздім десем артық айтпағаным болар.Ашылу салтанаты кезінде 20 күн қалай өтеді деп ойлаған болатынмын.Ал жабылу кезінде балалармен қоштасу сәтінде қимай қоштастық.Көңілді қысты балалармен оқу – сауықтыру орталығында өткізу мен үшін қызықты естен кетпес күндер болып сақталып қалмақ. Сол дарынды оқушылардың ішінен де «Рухани жаңғыру» атты Елбасымыз Н.Назарбаевтың халыққа тастаған жолдауындағы «100 жаңа есім» шығарына мен сенімдімін.

 

Жаркинбаева Гулзира Тынысбековна,
Ә.Жангелдин атындағы №52 ЖОМ КММ химия пәні мұғалімі,
ОҚО, Мақтаарал ауданы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.