Қарағанды облысы Білім басқармасының жоспарына сай, «Сарыарқа дарыны» АҒПО және Қарағанды гуманитарлық колледжінің ұйымдастыруымен 18-сәуір күні Қарағандыда Ғ.Жұбанованың 90 жылдығына орай балалар музыка мектебі, өнер мектебі және жалпы білім беру мектептері арасында «Жас музыкант» облыстық орындаушылар байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты:
Талантты балаларды анықтау және қолдау, кәсіби бағдар беру, сонымен қатар оқытушылардың педагогикалық шеберліктерін жетілдіру болып табылады.
Байқаудың міндеттері:
- Көп ұлтты Қазақстанның мәдениетін сақтау жене дамыту;
- Болашақ ұрпақтың эстетикалық және рухани адамгершілігі мен патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
- Мәдени тәрбиелік пен кәсіби байланысын нығайту, дамыту.
- Музыкалық – педагогикалық білім беру сапасын арттыру;
- Балалардың шығармашылығын қолдау арқылы жағдайын жасау, тәжірибе алмасу, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру.
Байқауға 14-тен астам Қарағанды облысының білім беру ұйымдарынан қатысуға өтініш қабылданып, 60 оқушы фортепиано, баян, аккордеон, домбыра, қобыз номинациялары бойынша қатысты.
Аталған іс-шараны салтанатты түрде Қарағанды гуманитарлық колледжінің директоры, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Әміров Есжан Сарманқұлұлы ашты.
Әр қатысушы 2 түрлі сипаттағы шығармалар орындады, соның бірі – Ғ.Жұбанованың шығармасы болды.
Қатысушылардың шеберлігін колледж және музыка мектептерінің оқытушылары бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды әр номинация және жас ерекшеліктеріне қарай 13-14 және 15-16 жас аралығы бойынша бөлінді.
Жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталса, жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды. Барлық қатысушылар мен жетекшілеріне сертификаттар берілді.
Әсел Құсайынқызы,
Қарағанды қаласы,
«Білім айнасы»