Home » Балабақша » Өнерге баулу бір күндік  дүние емес ….

Өнерге баулу бір күндік  дүние емес ….

Табиғатынан өлеңге үйір, ертегіге қызыққыш, өнерге әуес қазақ баласының рухани әлемі бүгінгі күні қандай күйде? Ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарға бай ұлттық кодтың құпясын ашатын шығармаларды дәріптеп жүрміз бе?
Бала болмысына келсек тіл меңгеруге, психологиясын ашуға келгенде өнердің тигізер пайдасы зор. Ән мен биге икемді жас ұрпаққа осы бағытта білім беріп жүрген тәлімгерлердің күнделікті жұмысы қандай?
Көкейде жүрген осы сауалдарға жауапты музыкалық өнер арқылы балалардың дамуы «Музыкалық шығармашылықтың қалыптасуы» тақырыбында өткен семинардан таптық….
Қазан айының 16 жұлдызы сәрсенбінің сәтті күнін  Астана қаласы әкімдігінің Мичурино тұрғын кентіндегі №60 « Арай» балабақшасынан бастадық….
Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы, Білім беруді жаңғырту орталығының басшылығымен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының білім беру мазмұнын жетілдіру, тиімді тәжірибе алмасу бағытына арналған кластерлік іс-шараның  биылғы оқу жылындағы шымылдығын алмыш балабақша ұжымы ашты.
Жаңа оқу жылын тың идея жаңаша бастамамен бастаған білім ордасы екі жыл бойы «Өнер бағытында» бастаған жұмыстарын жалғастырып биылғы кластер жетекшілігін өз қолдарына алған.
Әр ісіне жауапты, ұжымына қамқор, іскер басшы Сүлейменова Жарқын Күзембайқызына жетекшілік тізгінін беру меңгерушіге деген сенімнің артқаны.
Биылғы жылғы өнер бағытына қосылған №27 «Балауса», №43 «Қызғалдақ» балабақшаларымен екінші жыл бірлесе жұмыс жасап келе жатқан №87 «Қадір», №33 «Алтын дән», №38 «Шаттық» , №69 «Еркем-ай» балабақшаларының   меңгерушілерімен әдіскерлері және тәрбиешілері қатысты.
Арнайы қонақ ретінде педагогика ғылымдарының докторы кандидат, профессор Жұмабекова Фатима Ниязбекқызы бұл күнгі семинарға сарапшы әрі әділ бағалаушы болды деуге болады.
Осы саланың маманы ретінде тәрбиешілердің тәлімгері Фатима Ниязбекқызының семинар жайлы  пікірін келтіруді жөн көрдік.
— Семинардың тақырыбына сай көркемдік- эстетикалық бағыттағы өткізілетін ұжымның жұмысы көрсетілді. Соның інше семинардың ұтымды тұсы теория мен тәжірибенің тең талдануы мен тәжірибедегі мүмкіндіктерінің жан-жақты қарастырылуында болды.  Семинардың басталуда қазақ және орыс топтарының балдырғандары әннен шашу шашып, мың бұралған билерімен өз өнерлерін ортаға салды.
Негізінен музыкалық шығармашылықтың қалыптасуына балабақшадағы музыка жетекшісінің рөлі және оны балалармен өткізудің тиімді әдіс-тәсілдері туралы Нарынхуа Абдулла баяндама жасап, әріптестерімен тәжірибедегі мүмкіндіктерін ашып көресетті. Музыка жетешісі өз ісінің шебері, әуенді, сазды, тыңдау, ән айту, дауысты қою, аспаптармен жаттығулар т.б. түрлі ән айтудың қыр-сырымен бөлісті. Семинарға қатысушылармен шеберлік сағатын өткізіп, әр маманның жүрегінен жол тауып, қызығушылығын оята білді.
Келесі кезеке психолог маман Орман Айнагүл Күмісбекқызы психологиялық тренинг өткізу арқылы әріптестерінің музыкалық қабілетін тану, аспаптарда ойнау, балалармен жұмыс жүргізудегі психологиялық қабылдау ерекшеліктерін ашып көрсетті. Би жетекшісі Сүлейменова Мадина Қазақ биі арқылы мектепке дейінгі балаларға эстетикалық тәрбие берудің жолдарын жан-жақты баяндап, би қимылдарын орындаудың жолдарын келушілермен бірге жасатып көрсетті.
Абайдың 175 жылдық мерейтойына орайластырған эстафета жалғасын тәрбиешілер Серкебаева Тұрар Хасенқызы, Бекетаева Арайлым Жанатқызы, Дарменова Мерей Ергалиевна, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Темирбекова Тұрсынай Жумабаевна Абайдың қара сөздерін оқу арқылы жалғастырды және Нұр-Сұлтан қаласының №10 кітапханасының кітапханашы Омаш Әсел Қасенқызы өз ойын ортаға салып мамандармен жұмыс жасайтындарын баяндады, бұл ұжымның   басқа ұйымдармен тығыз байланыс орнатқандығының дәлелі.
Аталған жетістіктермен қоса болашақта кластер жұмысын жетілдіру бағытындағы сараптамалық  ұсыныстарды айта кетуді жөн көрдік:

—        кластердің жалпы тақырыбына сәйкес семинардың тақырыбын жаңаша терминдермен толықтыру (тақырыптың құрылымын ойлану, формулирофка) және бағдарламада мақсат, міндеттерді нақты, айқын көрсетіп қоюды ескеру керек;

—        кластер бағдарламасында блок, модуль, теория, тәжірибе, инновация т.б. бөлімдері ескерілсе және ерекешігі айқын көрініп тұруы шарт, қатысушы балабақшалар жазылуы керек;

—        баяндамаларды келушілерге жеткізудің басқаша формасын ұсыну, тиімді, жаңаша және ықпалды болуын ойластыру, барлық келушілердің өздері талдайтындай деңгейде болғаны тиімді; (таратпа материалдар, ойын жаттығулар, бейне таспалар, жаңаша көрнекіліктер  т.б.)

—        кластердің бағытын айқындауда көркемдік-эстетикалық тәрбиенің мазмұнын ашуда баламен жүргізілетін жұмыстар, ата-анамен жұмыс және тәрбиеші педагогтармен өткізілетін жұмыстарды толық қамтуға тырысаңыздар; (олардың рөлі қандай болуы керек, әдістемесіне баса назар аударыңыздар)

—        семинарға қатысушылардың ой-пікірлерін білуге арналған тапсырмаларды жетілдіру, тәжірибе бөлісуге бағытталған рефлексия формаларын түрлендіру, қандай оқу-әдістемелік құралдарды басшылыққа алдыңыз және қайсысын пайдалануды ұсынасыз;

—        кластерге қатысушы балабақшалар бойынша пайдаланатын әдістемелік оқу құралдарының тізбесін жасап, қай балабақшада не пайдаланып отырғанын ұсыныңыздар; (таратпа материал, келушілер өздеріне сіздің тәжірибеңізден бірдеңе алып кетуі керек қой).

—        өткізудің формасын да ойлану қажет мысалы: коучинг, аукцион, сандық жүйеге көшу жолдары, трениенг, онлайн, «екі жұлдыз»,  «ақылдың 6 қалпағы» т.б.

—        кластердің жылдық қорытындысы бойынша арнайы оқу әдістемелік құралдар дайындау үшін өткізілген іс-шараларды жинақтап, жүйелеп, мазмұнын жетілдіріп, арнайы пікір жаздырып оны ЦМО-ға сарапатама және ғылыми кеңеске ұсынуға дайындау керек.
Ғылыми кеңесші ретінде Фатима Ниязбекқызының бұл пікірінен соң бұл күнгі семинарда музыка, би жетекшілерінің мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталған жұмыс өз шеңберінде өтті.
Рухани қазына музыка әлемін ұрпақ санасына сіңіруде өз үлесін қосып жүрген балабақшаның жаңа мүшесі Шинжияң балалар педагогикалық коллежінің түлегі, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының вокал мамандығы бойынша білім алған  қандасымыз Нарынхуа Абдулланың балалармен жұмыс жасау тәсіліне қатысқан әріптестері оң бағасын берді.
Балабақша қоржынына шәкірттерімен бірге талай жүлде салған би жетекшісі Сүлейменова Мадинаның да өз мамандығына деген сүйіспеншігі көпшілік көңілінен шықты.
Балабақша жұмысын жолға қойып, тәрбиешілерге жол көрсететін әдіскер Исмагамбетова Бибігүл Абылайқызы қонақтармен психологиялық –тренинг өткізген Орман Айнагүл Күмісбекқызына, ұжымның биші тәрбиешілеріне әріптестері ыстық ықыласын білдірді.
Алғашқы болып өз жұмыстарын ортаға салған «Арай» балабақшасының ұжымы   әнге әуес, күйге құмар, асыл қасиеттерді бойына сіңіре білген  ұрпақ тәрбиелей беретіндігіне сенімдіміз.

 

Әлия Ғалымбекқызы,
Нұр-Сұлан қаласы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.