Home » Білім және тұлға » Теңізде туып, теңізде өскен  дара тұлға

Теңізде туып, теңізде өскен  дара тұлға

 

Мектеп- тәрбие мен білімнің бесігі. Адамзатқа саналы тәрбие мен сапалы білім беріп, мәртебесін арттыратын- ұстаз. Ұстаз мектептің жүрегі.

«Ұстаз деген барлығына үлгі болатын, жаманды жасырып, жақсыны асырып,қолынан барлығы келетін тұлға. Бүгінгі ұстаз өз ісінің шебері,жауапкершілігі мол,шығармашыл, батыл, баланы жақсы көретін, шаршамай еңбек ететін, өз қатарының алды болатын адам болуы керек»- деген өзіндік ұстанымы бар  бүгінгі менің «Жаныңда жүр жақсы адам» айдарындағы кейіпкерім, айдыны шалқар Аралда  туып өскен  ұлағатты ұстаздар әулетінің бір мүшесі Кунарова Жанна Куспангалиевна.  Ата кәсіп — алтын мұра деп  әулеттің дәстүрін  жалғаған апайымыз Қорқыт Ата  атындағы Қызылорда  педагогикалық институтінің  филология  факультетінің орыс тілі мен  әдебиеті пәні мұғалімі мамандығы бойынша білім  алып, бұл күнде Арал қаласындағы №14  мектеп-лицейде ұстаздық  қызмет атқарады.

Ғұмырының жартыдан бөлігін  ұстаздық қызметке арнаған Жанна апайымыз «ҚР Білім беру ісінің үздігі», «ҚР Білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі, «Қызылорда қаласына – 190жыл»  медалі, ҚР Білім және министрлігінің   ғылым  «Құрмет грамотасы», «Алғыс хаты», «Шапағат» медалі, «За вклад в развитие образования» медалінің иегері.

     27 жылдық  педагогикалық еңбек жолында Жанна апайымыз 2013-2014 жылдары жалпыресейлік «Открытый урок» фестивалінің «Презентация к уроку» және «Открытый урок» фестивалінің «Презентация к уроку» сайысы жүлдегері. Жалпыресейлік   «Открытый урок» фестивалінің «Презентация к уроку» сайысында жүлдегер атанумен қатар осы жылы жалпыресейлік «Школа цифрового века»   Москва жобасының  «Учитель цифрового века» аталымы бойынша дипломын иеленді. 2013 жылы Халықаралық «videouroki.net» жоба аясында «Дистанционная олимпиада по русскому языку» сайысында жүлдегерлерді дайындағаны үшін Алғыс және куәлігіне ие болды. 2014 жылы «Менің Педагогикалық мамандығым» атты ІҮ Халықаралық педагогикалық шеберлік  конкурсының жеңімпазы болса, 2014 жылы «Білім беру саясаты,тәжірибе және зерттеу» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысып, жұмысы  ғылыми баяндамалар жинағына енді. 2018 жылы «Лучшие в образовании» Халықаралық энциклопедияның І дәрежелі дипломымен «За вклад в развитие образования» медалімен марапатталды. 2019 жылы Халықаралық «Мир учителя» интернет-порталының  Халықаралық педагогикалық конкурстың 2 дәрежелі дипломына ие болды.

Бұл кейіпкеріміздің халқаралық атағы болса, өз елімізде де өзіндік дара жолын салып, даналығымен танылып жүрген Жана Куспангалиевна 2009 жылы  «Педагогический поиск» байқауында ІІ орын иеленіп, «Дидактические материалы по русскому языку для 7 класса общеобразовательной школы» атты әдістемелік көмекші құралы 2000 данамен шығарылып, республика көлеміне таратылды. Бұл дегеніміз әрбір ұстаз үшін ең керемет жетістіктердің бірі.

2010 жылы ҮІ республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінде  ІІ орын, 2014 жылы ҮІІІ республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің «Өз ісінің шебері» номинациясының жеңімпазы, 2016 жылы орыс тілінен республикалық КИО олимпиадасының  ІІІ дәрежелі диплом, 2017 жылы «ЕХРО-2017: Мәңгілік ел құндылықтары» атты     республикалық ғылыми жобалар байқауының «Үздік ғылыми жоба»  номинациясы бойынша   диплом иегері дегендей кейіпкеріміздің өлшенбес өнегелі жолындағы марапаттары мен жеткен жетістіктері осылай сап түзеп кете береді. Саналы ғұмырын ұрпақ тәрбиесіне арнаған аяулы ұстаздан білім алған  шәкірттер бұл күнде  еліміздің түпкір-түпкірінде әр салада қызмет етуде.

Еңбек жолындағы жеткен жетістіктер сыры мен іс-тәжірибесін халықаралық, республикалық және аудан көлемінде баспасөз беттерінде жариялап, жас ұстаздарға да жол  көрсету Жана апаймыздың айырықша қасиеті. Бойындағы  кішіпейілділік пен іздеттілігі  апайымыдың жүзінен жарық сәуле боп тарайды.

Мейрейлі ұстаз-ел мақтанышы, «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші  осындай  аулы ұстаздарымызды  ұлықтау біздің паразымыз.

 

Анар Елеусізқызы

Қызылорда облысы

BILIM AINASY

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.