2019 жылғы қыркүйектен бастап, «0+11» қағидасы бойынша 12 жылдық білім беру моделін білім жүйесіне енгізу жоспарлануда.
Нөлінші сыныпта «Әліппе» базалық оқулық болып табылады. Қазіргі уақытта жаңа білім беру мазмұнына ауысу бойынша даярлық жұмыстары жүргізілмек.![]()
Ағымдағы оқу жылы Қазақстан Республикасының 48 білім беру ұйымында Әліппені апробациялау басталды. Осыған орай, Павлодар облысында Әліппе үш білім беру ұйымында: Павлодар қаласының №126 сәбилер бақшасы, Екібастұз қаласының №12 сәбилер бақшасы, Баянауыл ауданы Майқайың № 1 ЖОМ-де арнайы зерттеуден өткізілмек. Оған: мектеп жасына дейінгі 69 бала қатысады. Барлық орындар оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етіліп, материалдық-техникалық база құрылған. Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыратын үш педагог – Ю.И. Сафиулина, Б.Б. Кажикова, М.А. Ибраева «Өрлеу» БАҰО АҚ-да «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мен бастауыш білім беру мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша курстық қайта даярлықтан өтті. Аталмыш іс-шараға қатысушылар республикалық «Мектепке дейінгі балалық шақ» орталығының әдістемелік көмек көрсету семинар-кеңесіне қатысты.
Айгүл Молдаш,
Білім айнасы,
Павлодар
