Home » Білім және өнер » «АSTANA GRAND-PRIX» сайысы өтті

«АSTANA GRAND-PRIX» сайысы өтті

 

       Жақында Павлодар ауданының Балалар өнер мектебінің оқушылары «Аспаптық шеберлік» аталымы бойынша Астана қаласында өткен «Аstana Grand-PRIX» халықаралық сайысына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Сайыс қорытындысы бойынша фортепиано сыныбының оқушысы Бош Владимир Р. Щедриннің «Юмореско» шығармасын ойнауда асқан шеберлікпен орындап, жүлделі І орынға ие болды.  Кіші топ санатындағы «Аспаптық шеберлік» аталымында Ахмет Жұбановтың «Қарлығаш» шығармасын ойнаған Асқарова Фатима І орынға, ал домбыра сыныбының оқушысы Кабиденов Алдияр Дина Нұрпейісованың «Науаи» күйін шебер орындағаны үшін ІІ орынды еншілеп қайтты.

Жүлдегерлерді байқауға дайындаған мұғалімдер Применко С.А., Қ.Қ. Таймасов Алғыс хатпен марапатталды.

Айгүл Молдаш,

Білім айнасы,

Павлодар

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.