Home » Жаңалықтар » ӘЛЕУМЕТ КӨЗІ БІЛІМДЕ

ӘЛЕУМЕТ КӨЗІ БІЛІМДЕ

Бүгінгі таңда дарынды, білімді жастар ғана егеменді еліміздің ертеңін баянды болу үшін, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен үлес қосады. Сондықтан ағарту саласындағы білімді іс-әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағылымдарын игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі танымдық іс-әрекетімен сабақтастыру тиіс. Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда арнайы ұйымдастыру-оқу үдерісін жетілдірудің негізгі шарты болып табылады. Жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесі толғандырар тақырып. «Ер боламын десең – бесігіңді түзе!»,-дейді дана халқымыз. Осы бір ғибратты сөз жас ұрпаққа лайықты білім мен тәрбие берудің маңыздылығын аңғартады. Ширек ғасыр уақытта жаңару мен жаңғыртудың неше сатысынан өткен білім беру саласы әлемдік талаптарға сай қайта құрылуда.

Іле ауданың орталығы Өтеген батыр ауылында ұстаздарға арналған курстар өткізілуде. Мақсат – Қазақстан Республикасында білімді мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру.

                                  

Осы аталған бағдарламаны жүзеге асырудағы басты міндет – педагог кадрларының сапалы құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін арттыру. Саналы тәрбие беру мен оқытуға тек көңіл бөлу үшін ең алдымен ұстаздардың біліктілігін жоғарылату керек. Заман талабына сай «Өмір бойы білім алу» ауданымыздың бастауыш сынып мұғалімдерінің ұстанымына айналғандай.

Ұстаздардың бірлікте, ізденімпаздықпен жұмыс жасай білулеріне бас болып көмек бере білген, «Басқару және білім сапасы» кафедрасының аға оқытушысы Шолпанкулова Ания Абыйрқызына алғысымыз шексіз. Ұйымдастырылған курста педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білуге, оқыту мен тәрбиенің озық тәжірибесін меңгеруге, білім процессін басқара алуға, педагогикалық ситуацияларды оқушы дамуының бағыттап жобалау және жүзеге асыру үрдісін сезінуге өз мамандағымызға жаңа міндеттер қоя білуге үйретуде. Ания Абыйырқызы тренинг, семинар сабақтарында оқушылардың іс-әрекетін қамтамасыз етуге мотивациялық жағдай тудыруға және эмоционалды тұрақтылық сақтауға, оқушының жеке даралық дамуына, табыстылыққа жетуіне ықпал етуге  болатынын сан-алуан түрде ашып көрсетті.

Білім жетілдіру курсында бастауыш сынып мұғалімдері жүйелі және мақсатты түрде  кәсіби деңгейлерін арттыруда. Оқыған дәрістер мұғалімдер тарапынан жоғары бағалануда. Ания Абыйырқызы жан-жақты, тереңнен пайымдайтын, алдына қойған мақсатына жете алатын білгір маман. «Ұстаз» деген ұлы есімді ұлықтаған, ұстаздардың ұстазы бола білген А.А. Шолпанкуловадан үйренеріміз әлі де көп. Тренерімізге шығармашылық табыс тілей отырып, шарапатыңыз бен жақсылығыңызды, біліміңізді әлі де тарата беріңіз дейміз. Көптің көңіліне қонақтанған білім беру саласындағы жаңалықтар ұстаздар қауымы тарапынан қолдау тауып, сан сапалы, күрделі де қызықты, бірлесе атқарылған істерге жетелеуде.

Іле ауданының мұғалімдері:

№ 2 орта мектеп МКМ Айтымбетова Н.С.,

Ю.Гагарин атындағы № 16 ОМ Бекжан С.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.