Home » Балабақша » Әз – Наурыз балабақшада

Әз – Наурыз балабақшада

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне Орай №6 «Арнаулы логопедтік» балабақшаның меңгерушісі Ә.М. Құлтаева мен әдіскері Д.Байташева бастаған ұжым топтары арасында ұлтық дәстүр дәріптелді. Таңғы балаларды қабылдау кезінде Ұмай ана мен ұлттық киім киінген педогоктар әсем билерімен ата-аналарды көтеріңкі көңіл күймен наурыз мерекесімен құттықтап қарсы алды. Әр топтарда түрлі дәстүлер: «Ат қою», «Бесікке салу», «Наурызнама», «Тіл  ашар», «Тұсау кесер» рәсімдері өткізіліп, қазақ халқының ұлттық ойындары ойнатылды, сонымен қатар көрмелерде көрсетілді. Ұлыстың ұлы күні балалардың мейіріміне тәнті болған Қызыр ата ақ батасын беріп, балаларға тәттілер  үлестірді. Наурыз  бүлдіршіндердің ән жырына ұласты. Топ тәрбиешілері әр дәстүрді жөн жоралғысымен шеберліктерімен көрсете білді. Қазақ халқының ұлттық тағамдары-Наурыз көже балаларға таратылды. Бүлдіршіндеріміздің ата-аналарына осы мерекені ұйымдастырып, ат салысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.

 

Г.Н.Көшербаева,
№6 «Арнаулы логопедтік
балабақшаның музыка жетекшісі,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.