Home » Балабақша » Бала тәрбиесінің кейбір қырлары

Бала тәрбиесінің кейбір қырлары

   Имандылық -бала тәрбиесінің ең басты қайнар бұлағы.Қаншалықты жақсы тәрбие көрседе,дініне енжар,селқос қарайтын, имандылық негіздеріне аса мән бермейтін ұрпақ екі дүниеде де мұратқа толық жете алмайды.
 Асыл дініміз нәресте туылғаннан бастап, ер жеткенге дейін перзентке қандай тәрбие беру керектігін нақтылап берген.Сүйіспеншілікпен тәрбиелеп,махаббат нұрын жаудыру -әр ата-ананың  міндеті. Бұл тұрғыдан ең бірінші нені тұтармыз пайғамбарымыз (СҒС) ол бірде балаларын сүймейтінін айтқан бәдәулге «Алла Тағала жүрегіңдегі мейірімді алып қойған болса,мен не істемін енді?»-деп реніш білдірген.Себебі,мейірімділікпен өскен бала  мейірімді болады.
Мейірімділік жүректі жібітіп, жұмсақтығын жоғалтпауын қамтамасыз етсе, қатігездікпен салқындық, керісінше жүректі қатайтады.
  Сәбиге туған кезден бастап жақсы тәрбие беру керек.Оның тыныш мамыражай жағдайда өскені жөн!Оған қатты дауыс көтеріп ұрысуға, жекуге, қорқытуға болмайды. Сондай-ақ айқай-шу,төбелес сияқты жағымсыз көрністер көрсетілмеуі тиіс. Мұндай әрекеттер баланың жүйкесіне теріс әсер етіп,оның ақыл -есінің кеуіне әкеп соғуы ықтимал.
Қазіргі заманда кейбір ата-аналар баласының жағымсыз қылықтары мен жүріс-тұрыстары туралы шағымданып психологтардан ақыл -кеңес сұрап жатады. Алайда көп жағдайда сондай келеңсіздіктердің себебі өздерінде екенін түсінбейді.Өйткені олардың өздері де сондай түрлі қателіктерге ұрынып жүйке -жүйелері бұзылған жандар.Өз қате-кемшіліктерін түсінбегендіктен сәбилерінің неліктен ондай болып шықанына қайран қалады. Сондықтан Ата ананың-балаға дұрыс үлгі болуы -игі ұрпақ тәрбиелеп шығарудың басты талабы. Сәбидің дамуындағы ең маңызды кезең оның өмірінің алғашқы 10 жылдығы болып саналады. Педагог психологтардың айтуларынша баланың ақылдылық, интеллектуалдық қабілетінің 80% алғашқы 7-8 жылда ашылып жетіледі.Сондай-ақ, тұлғалық жан-жақты және үйлесімді қалыптасуда осы кезеңде жүреді.Әсіресе алғашқы 2 жылдағы тәрбиенің маңызы  өте зор. Себебі бұл сәйкестілік шынайлылық сезімдерінің ірге тасы қаланатын кезең. Сондықтан да осы кезеңде нәрестеге тұрақты әрі үйлесімді сүйіспеншілікпен, үлкен мейірім шапағат пен қарау керек. Мәселен нәрестені кім бағып жатқанда емес сүйіспеншіліктің тұрақты болуында жалпы бала тәрбиесінде балабақшаның да алатын орны зор.
Өз туған үйінде өскен баланың жаңа ортаға бейімделуге маңызды. Баланың балабақшада дамуында қосар үлесі мол.Себебі, бала өзі қатар балалармен араласып, сөйлеу қабілеті тез дамиды.Жақсы мен жаманды ажырата біледі. Көпшіл болып өседі. Өзін-өзі ұстай білу, сабырлық сезімдерін қалыптастырады. Алғашқы бала кезеңде айналасындағы  адамдарға еліктейді. Ал 5-7 жастан бастап жаман мен жақсыны ұғына бастайды. Осы уақытта оған жақсы достар керек. «Ұлың өссе,ұлы жақсы болғанмен көрші бол,қызың өссе қызы жақсы мен көрші бол»деп бекер айтпаған.Сондықтан да балабақшадан мектептен алған тәрбиенің келешекте баланың жақсы болып өсуіне пайдасы мол. Бала  тәрбиесінің балабақша қызметкерлеріне мекткп мұғалімдеріне ғана тапсырып қана қоймай ата-ана ылғи өз бақылауында ұстап отыру керек. Баланы тәрбиелемес бұрын ата-ана өзін тәрбиелеу қажет. Себебі бала отбасында не көрсе соған еліктеп өседі. Ел аузында бір жылыңды ойласаң егін ек,он жылыңды ойласаң ағаш ек,жүз жылыңды ойласаң ұрпақ тәрбиелеп,білімге  көңіл бөл деп бекер айтпаған. Халық нақылында! Алтыға  дейін патшаңдай сыйла алтыдан кейін құлыңдай жұмса он алтыда досыңдай сырлас деген еді. Ұлт жанашыры А.Байтұрсынұлы»Балам деген жұрт болмаса ,жұртым деген» ұлағатты сөз қалдырған. Олай болса бала тәрбиесі ата-ана зор мән беру керек

Кудайбергенова Айсулу Накипбеккызы,
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы
Састөбе поселкесі, «Қарлығаш» балабақшасының   тәрбиешісі.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.