Home » Жаңалықтар » Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет

Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет

Н.Тілендиев атындағы облыстық мектеп-интернаты ұжымының ұйымдастыруымен, «Ақ орда» республикалық қозғалысы және Н.Тілендиев атындағы Халықаралық қоғамдық қорының қолдауымен «Н.Тілендиевтің мұрасы және жаңа Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Отырыстың басты мақсаты – Н.Тілендиевтің музыка өнеріндегі шығармашылық мұрасын насихаттау арқылы қазақастандық патриотизмді қалыптастыру және жас ұрпақты білімді, елдің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу болып табылады. Жиын алдында қонақтар мен қатысушылар мектеп ауласындағы қазақ музыка әлемінің алыбы Н.Тілендиевтің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімімен басталды. Басқосуда композитордың өмірбаяны мен шығармашылығына арналған айлықты қорытындылады. Жиын қонақтары мен қатысушылары өнер иесінің атындағы мектеп-интернат музейіне саяхат жасап, оқушылардың қолөнер көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, сазгердің көзін көрген ғалымдар естеліктерімен бөлісіп, жастарға атақты тұлға туралы естеліктер жайлы айтып өтті. Әрі қарай «Нұрғисатану» кітабының тұсауы кесілді. Туындыда Тілендиевтің өміріндегі ел аузында жүрген қызықты сәттері мен нақыл сөздері жазылған. Отырыстың көрермендері «Нұр-Ата» фольклорлық-этнографиялық оқушылар оркестрінің 10 жыл толуына орай қойылған концерттік бағдарламаны тамашалады. Жас таланттар Н.Тілендиевтің шығармаларын орындап, көрермендердің көңілінен шықты. Аталған жиынның жоғары дәрежеде өткендігіне қонақтар алғыстарын айтып жеткізді.

Айгерім Назарова

«Білім Айнасы», Тараз қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.