Home » Жас қалам » ҰСТАЗЫМ-АҚЫЛШЫМ

ҰСТАЗЫМ-АҚЫЛШЫМ

Мен алғаш мектеп табалдырығын аттап кірген сәтімде күлімдеп қарсы алған, қолымнан жетектеп партаға отырғызып, «Сауат ашу» кітабын ұстатқан, алғаш әріп үйреткен — менің сүйікті де, ең алғашқы ұстазым – Гүлдан апай .

Менің ұстазым — ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Бәрімізді өз баласындай көріп, ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін осы жанның орны біз үшін қашанда ерекше. Өмірде өз анаңнан кейінгі қадірлі тағы бір адам болса, ол — алғашқы ұстазың.

Мен алғашқы ұстазымды мәңгі-бақи мақтан етемін.

Ұстазыма, үнемі биіктерден көрініп, еңбегіңіз жана берсін деп, өлең жолын арнағым келеді:

Мақтан етем ұстазым,
Білім алған өзіңнен.
Еңбегіңнің арқасы,
Алғашқы менің, ұстазым!

Мерекеңіз құтты болсын, аяулы ұстазым!

 

Еммат МАУЛЕН,
Екібастұз қаласы
№11ЖББМ  2 «Б» сынып оқушысы

 

 

 

 

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.