Home » Мақалалар » ТАРИХТЫ ОЛАР ЖАСАДЫ

ТАРИХТЫ ОЛАР ЖАСАДЫ

Павлодар ауданының 90-жылдығына орай, Григорьевка ауылдық округінің аптасы аясында «Тарихты олар жасады» тақырыбында Григорьевка негізгі жалпы білім беру мектебінің музейінде еңбек ардагерімен сыр сұхбат өткізілді.

Ардагерлер жолын оқушыларға үлгі ету, үлкендерді сыйлауды, құрметтеуді, атаның батасын, ананың алғысын ала білуді үйрету мақсатында  ауыл ақсақалы  Ғалләм Қалкенұлы Арынгазинов мектепке шақырылды. Ғалләм ата жастарға өз еңбек жолы туралы қызықты баяндап берді, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Ардагер балалармен бірге мектеп музейіне, кітапханаға барып, ауылдың өмірі туралы фотоэкспозициямен, кітаптарымен танысты.

Кейін Ғалләм ата мектеп оқушылары мен мұғалімдермен естелікке суретке түсіп мерекелік дастарханнан нан ауыз тиді. «Батаменен ер көгерер» демекші, кездесудің соңында ардагер ата жастарға ақ батасын берді. Бүгінгі кездесуден еңбек ардагері де, оқушылар да үлкен әсер алды деген ойдамыз.

 

 

Ж.А.КАНЖИГАЛИНОВА,
тарих пәні мұғалімі,
Жаңа қала ауылы, Павлодар ауданы
Павлодар облысы

 

 

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.