Home » Балабақша » Ұлттық-қимылды ойындар

Ұлттық-қимылды ойындар

Білім беру саласы: Денсаулық

Оқу қызметі: Дене шынықтыру

Мақсаты: Баяу және жылдам жүруді, жүгіруді, қоя аяқпен бір орында тұрып секіруді, жылдам қозғалуды және доптарды себетке салуды үйрету. Дене бітімдерінің дұрыс қалыптасуын қадағалау. Есте сақтау қабілетін дамыту. Ұлттық- қимылды ойындарды қызығушылықпен ойнауға, жаттығулардың, ойындардың ережесін дұрыс орындауға дағдыландыру. Ұйымшылдықпен қарым-қатынас жасап, достарын сыйлауға тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар:  жүруге арналған жолдар, доптар, түрлі-түсті шарлар және себеттер, ойындарға арналған құрал-саймандар.

Мотивациялық-қозғаушылық

  1. Бір қатар сапқа тұру.
  2. Сәлемдесу

/Нұсқауларды орындау/

Арнаулы жаттығулар:

  • тізбекпен жүру;
  • қол белде, аяқты кезек-кезе жоғары көтеріп жүру;
  • баяу жүгіру;
  • жай жүріспен жүру.

Балаларға үлкен себеттегі кішкентай доптарды беріп, бірінің соңынан бірін жүргізіп, шеңберге тұрғызу.

Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Жан-жақты дамыту жаттығулары:

(кішкентай доптармен)

І.  Қол мен иық бұлшықеттеріне арналған жаттығулар: “Допты иыққа тигіз!”
Б.қ. (Бастапқы қалып) : негізгі тұрыс, допты қос қолмен кеудеде ұстап тұру.
1. Екі қолмен ұстаған допты алға созу;
2. Қос қолдағы допты оң иыққа тигізу;
3. Екі қолмен ұстаған допты алға созу;

  1. Қос қолдағы допты сол иыққа тигізу;
  2. Бастапқы қалыпқа келу
    ІІ. Дене бұлшық еттеріне арналған жаттығулар:

“Иілу”
Б.қ. негізгі тұрыс, допты қос қолмен ұстайды, аяқ арасы сәл алшақ.

  1. Допты қос қолмен жоғары көтеру.
  2. Допты алға созып иілу.
  3. Б.қ. келу.

ІІІ, Аяқ бұлшықеттеріне арналған жаттығулар:

“Алға, артқа секіру”

Б.қ. аяқ бірге, допты екі қолмен кеудеде ұстау.

  1. Алға қос аяқпен секіру.

Б.қ.: аяқ бірге, допты екі қолмен кеудеде ұстау.

  1. Алға қос аяқпен секіру.
  2. Артқа қос аяқпен секіру.
  3. Б.қ. келу.

Тыныс алу:

-тік тұру
— допты алақанға қою

— алақандағы допты үрлеу. (Мұрынмен ауа жұтып, ауызбен дем шығару).

Негізгі қимыл жаттығулары:

  1. Бір қатармен баяу және жылдам жүру. (педагогтің соңынан бір қатармен ілесіп жүру).
  2. Қол ұстасып, шеңбер жасау.

“Қуыршақтарға қонаққа бару” ойыны:

  1. Ойын шартын түсіндіру.
  2. Балалармен бірлесе ойнау.

Рефлексивтік-түзетушілік:

  1. Балаларды мақтап, мадақтау.
  2. Секіру ережесін үйрету.
    3. Қауіпсіздік ережесін сақтау.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: доппен орындалатын жаттығуларды;

Түсінеді: кішкентай доптар және әр түстегі шарлармен орындалатын жаттығулардың орындалу шарттарын;
Қолданады: жүріс түрлерін, қол ұстасып шеңбер жасау, доптарды себетке салу іскерліктері.

Дене шынықтыру оқу қызметінде және ауладағы серуенде ұйымдастырылатын

ұлттық-қимылды ойындар:

Күн мен түн

Бұл ойын алаңда ойналады. Алан ортасына көлденең сызық сызылады да, оған қарам-қарсы екі жағынан әрбір бір метр сайын тағы екі сызық сызылады. Ойыншылар саны жағынан бірдей екі топқа бөлінеді. Топтың біріне “күн”, екіншісіне “түн” деп ат қойылады. Ойын жүргізуші топтың бірінің атын атайды. Мәселен; ойын жүргізуші “күн” деп дауыстаса, “түн” тобындағы ойыншыларды мәре сызығына дейін қуып барады. Ойынның мақсаты қарсыластар тобынан көп адам ұстау.

Тұтқын алу

Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Екі жақтан бір –бір ойыншы ортаға шығады да, теріс қарап тұрып, қолдарын айқастырып көпір жасайды. Тізбекте тұрған бірінші топтың ойыншылары бір-бірлеп көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын өткіздеуге тырысады. Өте алмаған ойыншылар тұтқын есебінде сол топта қалып қояды. Ойын қайталанған кезде көпірдің астынан екінші топ өтеді де, бірінші топ тұтқындарды ұстайды.

Күзетші

Ойыға қатысушылардың санына шек қойылмайды. Ойыншылылардың арасынан екі бала шығарылып, көздері орамалмен байланады да, қолдарынан ұстап, араларын ашып, қарама-қарсы тұрады. Олар күзетшілер. Қалғант ойыншылар білдіртпей олардың қолдарының астынан еңбектеп өтуге тырысады. Ал күзетшілер өтіп бара жатқан ұрыны сезіп қалса, қолдарымен баса қоюлеры керек. Ұсталған ұры күзетші болады. Ойын осылайша жалғаса береді.

Тауық күрес

Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Шеңбердің ішіне екі бала кіреді. Олар бір аяқтарын көтеріп, бір қолдарын артқа ұстайды. Ойынның шарты: бірін-бірі итеріп, шеңберден шығарып жіберуі керек. Шеңберден шыққан ойыншы жеңілген болып есептеледі.

Жаңылма

Бір топ балалар қол ұстасып дөңгелене тұрады. Бір баланы қаламақ айтып тағайындайды да, ортаға шығарады. Шыққан ойыншы өлең не тақпақ, әңгіме айтып түрады да жата қалады, не өзінің құлағын ұстайды, бетін құбылтады (әр түрлі іс-әрекеттер жасайды). Ойыншының жасаған іс-әрекетін қайталай алмай, жаңылып қалған бала айыпты болады.

Ит пен қоян

Балалардың арасынан қаламақ арқылы бір ойыншы “ит” ролінде тағайындалады. Қалған ойыншылардың бәрі қоян болады. Екі-үш қадам қашықтықтан ти қояндарды қуа жөнеледі. Оның ұстаған ойыншылары итке айналады. Сөйтіп барлық қояндар итке айналғанша ойын жалғасы береді.

Аңшылар

Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Ортаға үлкен шеңбер сызылады. Ойыншылардың бір тобы үйректер-шеңбердің ішінде қалады. Екінші тобы аңшылар-шеңбер бойымен қатарға тұрады. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар үйректі қолдарындағы доптармен атып ала бастайды. Ойын уақытпен ойналады. Берілген уақыт өткеннен кейін аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында көп үйрек атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептеледі.

Сөз табу

Ойыншылар дөңгеленіп тұрады. Ойын жүргізуші кез-келген бір дыбысты айтып, қолындағы добын бір ойыншыға лақтырады. Ойыншы ойын жүргізушінің лақтырған добын қағып алып, аталған дыбыстан басталатын сөз айтып, допты кері ойын жүргізушіге лақтырады. Жүргізуші келесі ойыншыға басқа дыбысты айтып, допты лақтырады. Мәселен; д – дорба, а – Астана, қ – қасық, ш – шапан т.б.

Алшы

Ойын басталар алдында әрбір ойыншы сақасын иіреді. Кейде барлық ойыншылырдың сақасын бір бала уыстап алып, жерге шашады. Кімнің сақасы алшы түссе, сол ойынды бірінші бастайды Ойынға қатысушылар әр ойыншы үш-төрт асық тігіп, кезегімен ата бастайды. Сақа мен асық иірген кезде бірдей жағымен түскен болса, асықты алып әрі қарай ата береді. Сақа алшысынан түсіп, асық басқаша жатса да, асықты алады. Сақа мен асықтың жатысы сәйкес болмаса, асықты алуға болмайды. Кезегін келесі ойыншыға береді. Осылайша жердегі асықтар таусылғанға дейін ойын жалғаса береді.

Оңқа

Бұл ойын таза алаңдарда, үлкен бөлмелерде ойналады. Ойынның мақсаты-асық ұту. Ойнаушылар арасы 10 қадам екі түзу сызық сызады да, дәл ортасындағы сызыққа әрбір ойыншы өз асықтарын тігеді (тізеді). Тігілген асықтардың ортасынан бір асықты мұртынан оңқа тұрғызады. Ойнаушылар бірінің артынан бірі кезектері бойынша қатарға тұрып, қолдарындағы сақаларымен оңқаны ата бастайды. Егер кімде-кім оңқаға тигізсе, онда тігілген асықты түгел алады. Ал оңқағы тигізбей жанындағы асықтарға тигізсе, онда ол атқан асығын ғана алады. Асық таусылған сайын, қайтадан тігіліп отырады.

Хан

Ойыншылар кезегімен барлық асықтарды жинап алып, қос қолдап иіре бастайды. Әр ойыншы 5-6 асықтан шығарады. Көк асықтың ішінен бір белгілі, түсі бөлек асықты “хан” сайлайды. Барлық асықты иірген кезде “хан” ашық жатса, ханмен асықты атады. Айталық, “хан ” бүк түссе, “ханмен” бүк жатқан асықты атады, шік түссе, шік жатқан асықты атады. Ойынның шарты бойыншы: “ханмен” асықты атқан кезде басқа асықтарды қозғамау керек. Сөйтіп, ойынның шарты бұзылғанша, не болмаса, “ханмен” ататын асық болмай қалғанға дейін атып, асығын ала береді.

Асық ату

Аумағы 2-3 қадамнан тұратын шеңбер сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша екі-үш асықтан тігеді. Сақасын иіру арқылы кезек алған ойыншылар 5-7 қадамдай жерде тұрып, тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады. Егер ойыншы бірде-бір асықты шеңбердің сыртына шығара алмаса, ойыннан шығады. Ойыншылардың бәрінің кезегі біткенде ойын қайта жалғасады.

Смайлова Айгүл Батырбекқызы
МКҚК «№169 бөбекжай-балабақшасы»
Екінші санатты тәрбиеші
Алматы қаласы Жетысу ауданы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.