Home » Балабақша » Тауық пен балапандар

Тауық пен балапандар

Ұйқыдан кейінгі сауықтыру-шынықтыру шараларына арналған

жаттығулар және қимылды ойындар

 Мақсаты: Балалардың денсаулығын сақтау және нығайту, дене бітімін жақсы қалыптастыруға, дұрыс тыныс алуға, қан айналымын, қимылдық іскерліктерін жақсарту. Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, эмоцияналды көңіл күй ортасын қалыптастыру.
Балалардың арқасындағы, қолындағы, табанындағы нүктелерге арналған жаттығулар мен ойын-қимылдарын дұрыс жасауға дағдыландыру.  оятуға арналған. Қимылдың  іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету.
Әдіс — тәсілдері: түсіндіру, көрсету.
Көрнекіліктер: ілгекті жолдар, тастар, денсаулық кілемшілері, табандар, әтеш киімі.
Музыка әуенімен әтеш бейнесіне еніп тәрбиеші кіреді.
Тәрбиеші: Ку — ка — ри — ку, ку — ка — ри — ку, ку — ка — ри — ку. Балапандарым кәне ұйқыдан тұрайық.
Тәрбиеші: Түс мезгілі, түс мезгілі.
Балапандар ұйқыға кірісті.
Балапандар көреді түсті,
Ғажайып сиқырлы әлемді.
Балалар ұйқыдан оянады.
Тәрбиеші: Көзімізді ашайық,
Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық,
Жаттығулар жасайық.
Жалпы жетілдіру жаттығуы:
1. Балалар төсекте жатып, бастарын оңға, солға бұрады.
2. Балалар төсекте жатып, қолды екі жаққа созу, жұдырықтап жұму.
3. Балалар төсекте жатып, велосипед тебу.
4. Қолтырауын болып, бір қырынан төсек үстінде аяқ — қолды созу.
5. Балалар төсекте отырып, бір — біріне қарап сәлемдесу.
Тәрбиеші: Балалар кәне шеңбер құрайық.
Тыныс алу жаттығуы:
Ку — ка — ру, ку — ка — ри – ку, ку — ка — ри — ку.
Табанды шынықтыру массаждары:
1.«Балапандар серуенге шықты» шиқ — шиқ — шиқ.
2. Табанға арналған денсаулық кілемшелерімен жүру.
3. Ілгекті жолмен жүру.
4. Тастардың үстерімен жүру.
5. Кірпі тікенектеріне ұқсас төсеніштермен жүру.
6. Табандар арқылы жүру.

1.Ояну жаттығу.
Қайырлы таң, көздерім! (балалар қастарын, көздер сипайды)
Қайырлы таң, құлақтарым!(құлақтарын сипау)
Қайырлы таң, беттеріміз! (беттерін сипау)
Қайырлы таң, қолдарымыз! (қолдарын сипау)
Қайырлы таң, аяқтарымыз! (аяқтарын сипау)
2.Саусақ жаттығу.
1. Бас бармақ,
2.Балан үйрек
3. Ортан терек
4.Шылдыр шүмек
5.Кішкентай бөбек
3.Тыныс алу жаттығу.
Қолға шарды аламыз,
Қатты, қатты үрлейміз.
Уф-ф-ф, Уф-ф-ф…
Қатты үрленген шарым
Жарылып қалды, пах.
4. Аяққа арналған жаттығулар
Он аяққа 1-2-3,
Сол аяққа 1-2-3.
5.Дүмпу жолымен жүру.
Әдемі ирек жолдармен,
Жалаң аяқ жүреміз.
Табаңға біз нүктелі,
Массаж жасау білеміз. 6-7 рет

Төсек  жанындағы жаттығулар

Бойымызды жазайық.
Қолымызды созайық
Жаттығулар жасайық,
Ұйқымызды ашайық.

— Б. қ .қол белде: басты оңға, солға, алға, артқа бұру.

— Б. қ. кезекпен оң қолды және сол қолды кезекпен көтеру.
— Б. қ. оң жаққа және сол жаққа бұрылу.
— Б. қ.: қолды аяқ ұшына жеткізу, бастапқы қалыпқа келу.
Бір орында жүру, ұйқы бөлмеден аяқ ұшымен шығады.     7-8 рет

Шынықтыру шарасы.

Әдемі ирек жолдармен
Лақтарша біз ойнақтап
Тастан-тасқа секіріп
Жалаң аяқ жүреміз.
Табанға біз нүктелі
Массаж жасау білеміз.
Арнайы жолдармен жүру.

Демалуды қалыпқа келтіру

Демді қалыпқа келтіру.

Қол ұстасып тұрайық,
Шеңберді біз құрайық,
Көріскенше күн жақсы
Сау саламат болайық!               1,5 мин

Төсектегі жаттығулар

Балалар ұйқыдан оянады.
— Балалар төсекте, арқаға жатып, қолын жанына созу, демдерін бірнеше секунд іште ұстап, еркін шығару.
— Балалар төсекте, арқаға жатып қолды екі жаққа созу, жұдырықтарын жұму, қолдарын алға созып айқастыру, демалу.
— Балалар төсекте, арқаға жатып қолдарын бастарына қойып кезекпен сол аяқтарын, он аяқтарын көтеру, екеуін бірге ұстап, жайлап түсіру.
— Балалар төсекте, арқаға жатып шынтақтарын тіреп иілу, кеуделерін жоғары көтеру, басты тік ұстау 3 — 5 секунд.

— Балалар төсекте, ішке жатып, қолдарын жанына қою, аяқтарын көтеріп, велосипед тебу.
Төсек жанындағы жаттығулар

«Құстар»
1. «Құстар оянды» — Б.қ.: аяқты сәл алшақ қою. Қолдарды жан-жаққа созу, былғау – «құстар қанат қағып жатыр».
2. «Құстар достарын шақырып жатыр» — Б.қ.: тұрып, қол белде, аяқ сәл алшақ. Оң жаққа, сол жаққа бұрылу, «Шиқ-шиқ» деп айту.
3. «Құстар жем шұқып жатыр» — Б.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол төменде. Отыру, саусақпен еденді соғу, бастапқы қалыпқа келу.
4. «Құстар көңілденіп жатыр» — Б.қ.: тұрып, аяқ сәл алшақ, қол түсірілген. Жүріспен кезектесіп, бір орында секіру.
Шынықтыру шарасы.

«Денсаулық» жолымен жүру.
Арнайы жолдармен,
Жалаң аяқ жүреміз.
Табанға біз нүктелі,
Массаж жасау білеміз.
Демалуды қалыпқа келтіру

Бәріміз бірге еңкейейік.
Бірге секірейік.
Бірге созылайық.
Бірге қолымызды созайық.
Бірге еңбектейік.
Бірге тіземізді ұстайық.
Бір орында секіру.
Тыныс алу.

«Денсаулығым керемет, жаттығуға рахмет!»

Төсектегі жаттығулар 1,5 мин.

Ояну жаттығу.
Қайырлы таң, көздерім! (балалар қастарын, көздер сипайды)
Қайырлы таң, құлақтарым! (құлақтарын сипау)
Қайырлы таң, беттеріміз! (беттерін сипау)
Қайырлы таң, қолдарымыз! (қолдарын сипау)
Қайырлы таң, аяқтарымыз! (аяқтарын сипау)
— «Күн оянады» — арқада жатып. Шынтаққа көтерілу, басты оңға –солға бұру.
— «Күн оянады» — арқада жатып. Тізені қолмен құшақтау, оңға солға бұралу.
— «Күншуақты жаттығу» — арқада жатып. Алдымен қолды, содан соң аяқты жоғары –төмен көтереді.
— «Күн көтеріледі» — іште жатып, қолдары шынтағынан бүгілген. Аяқты төсектен көтермей, түзу қолдарына көтерілу.
— «Мен – үлкен күнмін» — төсек жанында тұрып. Қолдарын айналдырып көтеру, керілу, өкшеге тұру.

Жамбабаева Еңлік Базгенқызы
МКҚК «№169 бөбекжай-балабақшасы»
Екінші санатты тәрбиеші
Алматы қаласы Жетісу ауданы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.