Home » Жаңалықтар » «Қытайдың өркендеген экономикасы: қазіргі жағдайы мен келешектегі дамуы» семинары

«Қытайдың өркендеген экономикасы: қазіргі жағдайы мен келешектегі дамуы» семинары

         Үстіміздегі жылдың 24 қазанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Аналитикалық орталығы Қытайтану орталығымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасындағы ҚХР елшілігінің қолдауымен «Қытайдың өркендеген экономикасы: қазіргі жағдайы мен келешектегі дамуы» сараптама семинарын өткізеді. Қытайтану орталығы дайындаған «Қазіргі Қытай: сұрақтар мен жауаптар» жалпы тақырыбы аясында қаралатын сараптама семинары топтамаларының алғашқысы.

ҚХР ірі қаржы және экономика орталығы – Шанхай қаласындағы басшылықтар мен іскерлік ортаға кеңес беретін, Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясының (ШҚҒА) жетекші сарапшылары қазақ аудиториясында сөз сөйлейді.                                                                                                                              

        Шанхай қоғамдық ғылымдар академиясы (ShanghaiAcademyofSocialSciences, SASS) – Қытайдағы ертеден келе жатқан қоғамдық ғылымдар академиясының бірі, келер жылы 60 жылдық мерейтойын (1958 жылы негізі қаланған) атап өтеді.

Шараның спикерлері:

Чжан Жаоан (Zhang Zhaoan) ШҚҒА вице-президенті, белгілі Қытай экономисі, профессор әлемдегі алдыңғы қатарлы Қытай экономикасының ағымдағы жағдайымен және даму болжамдарымен бөліседі.

Чжан Вейхуа (Zhang Weihua) Шанхай қаласындағы ірі «JuneYaoGroup» телекоммуникация корпорациясының вице-президенті, Қытайдағы кәсіпкерлік пен бизнесті дамытудың ерекшеліктері туралы баяндайды.

Шараға қатысушылар интерактивті пікірталас аясында баяндама тақырыбы бойынша спикерге сұрақтар қоюына болады.

Шараның басталуы: 14:30-да, шараның алдында қонақтарға фуршет ұсынылады.

Өткізілетін орны: Астана, «Пекин Палас» қонақ үйі, «Silkway» залы.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» ММ

Баспа және жұртшылықпен байланыс қызметі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.