Home » Жаңалықтар » Қызғалдақтар фестивалі

Қызғалдақтар фестивалі

Қостанай облысы Аманкелді ауданында мамыр айының төртінші жұлдызында  «Айналдым сенен, Атамекенім» атты облыстық деңгейде қызғалдақтар фестивалі өтті. Іс-шараның басты мақсаты қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін көрсете отырып, дәріптеу. Оған Қостанай, Арқалық қалалары, Амантоғай, Жангелді аудандары қатысты.

Іс-шараның салтанатты ашылуынан кейін аудандық Қазбек Әбенов атындағы мәдениет үйінің әртістерінің дайындаған театрландырылған қойылымы көрсетілді. Ақ шаңқаң киіз үйлерде ұлттық қолөнер туындыларының көрмесі өтті. «Аманкелді барысы» күрес сайысы, Қыз қуу, Асық ату, Теңге алу, Аударыспақ, Тоғыз құмалақ ұлттық спорт ойындарының көрсетілімі жиналған халыққа дәріптелді. 500 адамнан құралған домбырашылардың күй тартуы, этно-фольклорлық концерті, ақындар айтысымен жалғасты.

Әрбір көрсетілген іс-шара бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.