Home » Жаңалықтар » ОРАЗАНЫ ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК? ОРАЗА КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН?

ОРАЗАНЫ ҚАЛАЙ ҰСТАУ КЕРЕК? ОРАЗА КІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН?

Сіз бұл мақаланы толық оқып шығу арқылы, Оразаның негізгі ИДЕЯСЫН, МАҚСАТЫН  толыққанды біліп, түсініп аласыз. Өзіңізге 7-минут уақыт бөліп, толық оқып шығыңыз!

Айлардың Сұлтаны болған Рамазан айы Құтты болсын!

ЖАЛПЫ, ОСЫ РАМАЗАН АЙЫ ҚАНДАЙ АЙ?!

ОРАЗАНЫ НЕГЕ ҰСТАУЫМЫЗ КЕРЕК?

ОСЫ СҰРАҚТАРҒА БАРЫНША ТОЛЫҚ ЖАУАП ІЗДЕП КӨРЕЙІКШІ!

ЕҢ БІРІНШІ РАМАЗАН АЙЫ — ТӘРБИЕ АЙЫ ЕКЕН.

Тәрбие деген сөз бәрімізге түсінікті! Яғни, адам белгілі көлемде, уақытта, жағдайда өзін тәрбиелейді.

Тәрбие дегеніміз — адам  өзінің бойындағы жаман әдеттерінен айырылып, жақсы әдеттерді бойына қалыптастыруы.

Ораза ұстауға ниет еткен Достым!

Бәріміздің бойымызда жаман әдетпен кемшіліктер толы екені анық!

Абай атамыздың өзі:

Бойымдағы кемшілікті санасам,

Тау тасынан аз емес.

Жүрегіме үңіліп қарасам,

ИНЕ дейін таза емес — дейді, дана Абай!

Демек біздің бойымызда, ондай Жаман әдет, кемшілік жоқ деп айту әбестік болары сөзсіз!

Шәкәрім атамыз да:

Біреудің мінін көргенше,

Қателігін тергенше,

Өз ойыңды мазалап,

Өз Бойыңды тазалап,

Өзіңмен күрес, өлгенше — дейді.

Әрқайсымызға осылай жасау міндет деп айтсақ қателескен болмаймыз!

Ал, бойдағы мінді, ойдағы кірді тазалау үшін Рамазан айы Таптырмас МҮМКІНДІК ЖӘНЕ МҮМКІНШІЛІК АЙЫ!

ЕКІНШІ РАМАЗАН АЙЫ — САБЫР АЙЫ ЕКЕН

САБЫРЛЫЛЫҚ ҰЛЫЛАРДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ КҮШ !

Сабыр сақтау екінің бірінің қолынан келе беретін іс емес, мықты адам ғана сабыр сақтай алады. Ал, Рамазан айының ерекшелігі сонда, Ораза ұстаған әрбір жанның Сабыр сақтауы міндетті, ол сабырлы адам болсын, сабырсыз адам болсын,  оған тәуелсіз.

Енді қайтеміз?!

Қазіргі біздің қоғамда САБЫР ауадай керек қажеттіліктердің бірі! Себебі, бізді ашуландыратын, күттіретін, мазалайтын, уайымдататын Факторлар өте көп, әрі жеткілікті деңгейде!

Ал, бір кереметі Рамазан, Ораза сізді сабыр сақтауға көмектесетін өте керемет құрал.

ТЕК ОНЫ ПАЙДАЛАНСАҢЫЗ БОЛДЫ!

АШТЫҚҚАДА САБЫР КЕРЕК!

ӘРИНЕ, ҚИЫН БОЛАРЫ, АУЫР БОЛАРЫ СӨЗСІЗ, АЛАЙДА СІЗДІҢ ОНЫ ЖАСАУҒА, ЖЕҢУГЕ КҮШІҢІЗДЕ, ҚУАТЫҢЫЗДА, ПОТЕНЦИАЛЫҢЫЗДА ЖЕТКІЛІКТІ!

ҮШІНШІ РАМАЗАН АЙЫ — КЕШІРІМ АЙЫ ЕКЕН

Егерде біреуден кешірім күтсең, сен өзің бірінші басқаларға кешірімді болуың керек дейді! Басқа формула жоқ!

Өзің кешірімсіз болып, біреуден кешірім күту ақымақтық.

Сондықтан, бұл айда кешірімді болуымыз керек. Ол бұрын ренжіген және алдағы уақытта ренжитін барлық адамды кешіру немесе кешіріммен қарау!

ТӨРТІНШІ РАМАЗАН АЙЫ — МЕЙІРІМ АЙЫ ЕКЕН

Тағы да Абай атамыз айтқандай:

Алланың пендесіне Раxымы мол,

Сенде өзіңдей адамға Мейірімді бол — дейді.

Біреуден бір үміт НЕМЕСЕ мейірім күтсең, өзін бірінші басқаға мейірімді бол деген дивизия бар. Мейірімділік Жақсы адамның бойындағы асыл сипаттардың бірі. Ал мейірімділіктің шыңына шығатын кез, барынша мейірімді болатын кез осы Рамазан айы екен.

БЕСІНШІ РАМАЗАН АЙЫ — ӨЗГЕРІС АЙЫ ЕКЕН

Ия, өзгеріс айы!

Жалпы Өзгеріс дегеніміз — бір заттың бір күйден, басқа бір күйге өтуі. Ал, өзгеріс кез келген адамға қажет болған дүние. Біз қалай өзгереміз?!

Біз мінезіміз арқылы өзгереміз! Мінезің өзгермей өмірің өзгермейді. Ал, мінезді қалай өзгерте аламыз?! Мінезді, біз бірінші ойымыз, екінші әдетіміз арқылы өзгерте аламыз!

Барлық өзгеріс ойдан басталады. Сол секілді барлық іс — әрекет, ойдан бастау алады. Сіз ойыңызды өзгерту, яғни жақсы жаққа қарай өзгерту арқылы, жақсы ой ойлау арқылы жақсы әдеттерді қалыптастыра аламыз!

Ой арқылы әрекет пайда болады,

Әрекетіміз әдетке айналады, Әдетіміз мінезімізді қалыптастырады,

Мінез біздің тікелей өмірімізге, тағдырымызға әсер етеді.

 

Рамазан айы жақсы ой ойлап, жақсы сөз айтып, көптеп жақсы амалдар жасап, жақсы әдеттер қалыптастырып, әдетіміз арқылы мінезімді өзгертіп, мінезімізді өзгерту арқылы Өзімізді, өмірімізді өзгертуімізге көмек беретін сондай КӨМЕКШІ АЙ!

АЛТЫНШЫ РАМАЗАН АЙЫ — ДАМУ АЙЫ ЕКЕН

Дүние жаратылғаннан бері өзгеріс және Даму үстінде!

Құдайдың өзі тікелей ОСЫЛАЙ жаратқан заңдылық!

Ал, адамның да дамуы қажет болған Құнды дүниелердің негізгілерінің бірі!

ӨМІРДІҢ МӘНІСІ — ДАМУДА!

ӨМІР — не дамудан немесе құлдыраудан тұрады. Бір орында тұру деген мүлдем жоқ!

Сенбесеніз, өзіңізге қараңышшы, айналаңызға, әлемге, дүниеге қараңызшы! Қалай өзгеруде !

Қалай қарқынды дамуда !

Барлығы даму үстінде!

Табиғатта, Экономикада, Тіршілік атаулы да өсуде , өнуде, өзгеруде және Дамуда!

Даму дегеніміз не?!

Даму — бұл бір кез келген бір түсініктің бір деңгейден екінші бір деңгейге өтуін айтамыз.

Бізде солаймыз! Біз қаласақ та, қаламасақ та Өмірдің заңдылығы және талабы сол!

Сіз өзіңіз ойлаңызшы!

Жаңа ақпараттарды, Жаңа Ғылым — білімдерді, Жаңа теxнологияларды білмесеңіз, меңгермесеңіз, қабылдамасаңыз қалай артта қалатыныңызды, бұны айтпаса да белгілі жағдай!

Біз Дамимыз немесе артқа қарай Құлдыраймыз!

Меніңше, ешкімнің де артқа қарай құлдырағысы келмейді!

Онда Дамыңыз!

Дамуыңыз керек!

Ал, Рамазан айын Дамуға, өзгеруге керемет мүмкіндік! Біздің миымыздың біраз энергиясы күнделікті Жеген — ішкен асқа кетуші еді, енді ол энергияны өзгеруге және Дамуға қолдануға болады!

Дамыңыз достым!

РАМАЗАН КЕРЕМЕТ ДАМЫТАТЫН АЙ!

ЖЕТІНШІ РАМАЗАН АЙЫ — ҚҰЛШЫЛЫҚ АЙЫ ЕКЕН

Оған ешкімнің қарсылығы немесе келіспеушілігі жоқ деп ойлаймын!

Бәрімізге белгілі, Айлардың сұлтаны — Рамазан айы, Күндердің сұлтаны — Жұма күні, ал Түндердің сұлтаны — Қадір түні.

Қадір түні осы Рамазан айына жасырылынған түн. Екі дүние бастаушысы, тура жолды нұсқаушы, Кітаптардың сұлтаны Қасиетті Құран Кәрім осы Рамазан айында түсіп бастаған.

Және Рамазан айы толық 30 — күн Ораза ұстайтын ай!

Қадір түні Соңғы 10 — күнге жасырылынғандықтан Мұсылмандар осы соңғы 10 күнді Ұйқысыз алаңдаумен, ұйықтамай Қадір түнін іздеп, Құлшылықпен өткізеді.

Енді Рамазан айы Құлшылық айы болмағанда, қандай ай екен?!

Құлшылық — Тіршіліктің мәні, әрі сәні деген!

Біле білсек, Оразада Құлшылық екенін ұмытпағанымыз жөн!

Құлшылығы бардын, Тіршілігінің Мәні,Сәні бар деген. Осы Рамазан айы көптеп сауап жинап,Құлшылық жасап адамның Руxани дамитын, Руxани дамуына көмек беретін РУХАНИ АЙ!

Міне, достым осылай білімім жеткенше Рамазан айының ЖЕТІ артықшылығын және ерекшелігін жазып шықтым!

Бұны жазғандағы ОЙЫМ, НИЕТІМ Адамдарға, Мұсылман бауырларыма, Халқыма Оразаны дұрыс ұстауына және сауабын алуына көмек беру!

Оразаның сауабы өте керемет және соған сай Бағасы, Жауапкершілігі сондай жоғары!

Біз мынаны білсек , толық түсінсек екен!

Ораза деген ол тек АШЫҒУ емес, оның құндылықтарының біразын, негізін жоғары да атап өттім!

Пайғамбарымыз (с.а.с): «Сендердің құр ашыққандарың Алла тағалаға керек емес»- дейді.

Бізден ҚҰДАЙҒА керек, Жүректегі таза кіршіксіз НИЕТ және ТАҚУАЛЫҚ!

Сондықтан Жерлес — Қандастарымның Оразасы ДИЕТА, ҚҰЛШЫЛЫҒЫ РАЗМИНКА болып қалғанын қаламаймын!

ОРАЗА СІЗДІ ӨЗГЕРТУ КЕРЕК!

ОРАЗА СІЗДІ ДАМЫТУ КЕРЕК!

ОРАЗА СІЗДІ ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК!

Ғалымдарымыз айтады: Адамның амалының қабыл болуының болжамы және белгісі, оның жақсы жаққа қарай өзгеруі, Егер адам шынымен жақсы жаққа бұрылып өзгеріп жатса, онда оның амалы қабыл болып жатыр, пайдасы болып жатыр дейміз дейді.

Енді ойлаңызшы!

Сізде Өзгеріс болама?!

Сол баяғы өсек айту, бос күлкі, уақытыныз босқа өтіп жатса, ұйықтаумен өтіп жатса, ешқандай өзгеріс болмаса, Рамазанға қалай кірдіңіз, еш өзгеріссіз,  дамусыз солай шықсаныз, ұстаған Оразаңыздың Құр кетуі қаупі бар, әрі Өте жоғары!

Сондықтан, Оразамыздың қабыл болуын, Қабыл болудың белгісі болған өзгеріспен дамудың болуын Құдайдан тіледім!

ОРАЗАЛАРЫҢЫЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН!?

 

 Әділет Әбдіпайыз Ержанұлы,
«Adilet International»Тұлғалық даму және қалыптасу
сұрақтарымен айналысатын консольтингтік
компанияның негізін қалаушы және президенті

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.