Home » Айтарым бар » Қуанышты туған күн

Қуанышты туған күн

 

Қазан айының 2-ші жұлдызында «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің 2-ші бөлімшесінде «Қуанышты туған күн» атты мереке өткізілді. Бұл шараның өтуіне «Жібек жолы» мейрамханасы демеушілік көрсетті. Туған күн кешінде әлеуметтік қызметкерлер концерттік бағдарламалар ұйымдастырды. Сайқымазақ рөліндегі кейіпкерлер келіп, ойын ойнатып, мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар таратты.

Сонымен қоса, №18 мектептің бірінші сынып оқушысы Мұратова Адема «Пинк пантера» биін билеп, өз өнерімен қонақтарды қуантты. Мерекенің соңында «Жібек жолы» мейрамханасы және «Хлебная лавка» кондитерлік орталығының демеушілігімен тәтті дәмге толы мерекелік дастархан жайылып, 2-бөлімше меңгерушісі Р.А. Адилбекова туған күн иелеріне жылы лебізін білдіріп, құттықтады. Қызмет алушы балалардың ата-аналары мерекені ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Т.Ш. Айтжанова

«Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы»

Әлеуметтік қызметкер

Семей қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.