Home » Балабақша » ҚОШ КЕЛДІҢ ӘЗ НАУРЫЗ!

ҚОШ КЕЛДІҢ ӘЗ НАУРЫЗ!

 Ән: Роза Рымбаеваның «Наурыз» әні

Жүргізуші:  Құрметті қонақтар! Наурыз мерекесі баршаңызға құтты, берекелі болсын! Ұлыстың ұлы күні оң болып, ақ мол болсын! Осы бір көктемнің шуақты мейрамын тойлай отырып, біз бабалар рухына тағзым етіп, рухани құндылықтарды сақтап қалудамыз. Наурыз мейрамы – ел мен елді біріктіріп қана қоймайды.Ұлыстың ұлы күні күн мен түн теңеледі. Осы бір құбылыстың өзі оның сипатын аша түскендей.

Қыс өтіп, қар кетіп

Шырайлы шуақ жаз жетіп

Шаруаның бұл кеңелген

Күн мейрамы ежелден

Құтты болсын, бұл Наурыз!-дей отырып «Арайлым» бөбекжайының «Әз Наурыз» атты мерекесіне қош келдіңіздер!

Жаңа жылды атап өткенімізге ұзақ уақыт бола қойған жоқ. Тағы да бір «Жаңа жыл келді». Бұл- Наурыз. Наурыз мейрамында күн жылынады, табиғат жаңарады, ағаштар бүршік ата бастайды. Ұзақ суық қыстан кейін жаңа тіршілік басталады. Наурыз –қуаныш мерекесі, бақыт пен шаттық мерекесі -дей отырып, осы мерекеміздің ұйымдастырушысы «Арайлым» бөбекжайының меңгерушісі Керимкулова Нуржамал Орынбасарқызына сөз береміз.

1.Сөз: Н.О.Керимкулова

Жүргізуші: 

Қашанда құт-береке орнасын деп. Тойларда шашу шашу-салты елімнің,

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді! Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

(шашу әжелер)

Келесі құттықтау сөзді Түлкібас ауданының құрметті азаматы Бекжанов Жарылқап мырза және Майтөбе ауыл округінің депутаты Усенбеков Қалмахан мырзаға береміз.

2.Сөз: Ж.Бекжанов. Қ.Усенбеков.

Жүргізуші: Жаса, Наурыз, тойымыз. Жаса, көктем, тойымыз!

Ел дәстүрлі – арымыз. Той бастығы – кәріміз.

Әнім де саған, биім де. Құт қонақ өзін үйімде.

Қуаныш сыйлап еліме,

Күлімде, Наурыз, күлімде!-дей отырып «Арайлым» бөбекжайының «Болашақ» тобының тәрбиеленуші қыздарының орындауында «Гүлдер» биін қарсы алыңыздар.
3. «Гүлдер» биі «Болашақ» тобы.

Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні ұлы тілекті Майтөбе ауыл округінің әкімі Дүйсенбаев Ғалымжан Бектұрғанұлы және Майтөбе ауыл округінің ауыл биі Кубегенов Шерхан Ералиевичке, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серикбаев Полат Серикбаевич мырзаларға құттықтау сөзді береміз.

  1. Сөз: Ауыл биі Кубегенов Шерхан Ералиевич, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серикбаев Полат Серикбаевичке, дәрігер Ж.Бекжанов.

Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күнін, яғни төл мейрамымызды қазақ халқының «Домбыра» биімен «Арайлым» бөбекжайының «Солнышко» тобының тәрбиеленушілерін ортаға шақырамыз.

5.Би: «Солнышко» тобы «Домбыра» биі.

Жүргізуші: Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін! – деп Майтөбе ауыл округінің әжелер кеңесінің төрайымы Джауылбаева Алтынша Зәуірбекқызы және әйелдер кеңесінің төрайымы Таштемирова Светлана Угурбековнаға құттықтау сөзді береміз.

  1. Сөз: А.Джауылбаева, С.Таштемирова

Жүргізуші:Наурыз тойы-береке. Наурыз тойы –жыр аңыз,

Наурыз тойы мереке. Қызық думан құрамыз.

Біздің бөбекжайымызда Біржан мен Сараның өнерпаз ізбасарлары да бар.

«Болашақ» тобының тәрбиеленушілері Юлдашбаев Диас пен Сәрсенбай Кәусарды қарсы алыңыздар!

  1. Айтыс.

Жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,

Әндетейік жырлайық,

Ортамызды ашайық ,

Ырыс тілеп бұл жылға

Биден шашу шашайық!

«Арайлым» бөбекжайының медбикесі Бектаева Жансая және «Арайлым» бөбекжайының тәрбиешісі Салманова Салтанаттың орындауында ұлттық биіміздің бірі «Аққу» биі.

8.Би «Аққу»

Жүргізуші: Халқының әдеп-салтына
Ойлана қарап түйін түй.
Шаттығын сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән мен күй!

Ортаға Қоянбаева Жанар және Джауылбаева Алтынша аналарымызды «Балапан Қаз» әнімен шақырамыз.

  1. Ән «Балапан қаз»

Жүргізуші: Қазақстан елі көп ұлтты мемлекет. Біздің ауданымызда да көптеген ұлттар бар, Наурыз мерекесін олар әрқашанда бізбен бірге тойлайды біз олармен қашанда татумыз, сол татулығымыз арта берсін деген ниетпен «Арайлым» бөбекжайының қызметкерлерінің орындауында әр ұлттың «Ұлттық» билерін қарсы алыңыздар.

10.Би Попури.

Жүргізуші: Наурыз мерекесі ұлттық мерекеміз болғандықтан да өз ұлтымыздың салт-дәстүрін айтпай кетпеске болмайды. Бала дүниеге келгеннен салт-дәстүрімізді сақтап «Бесікке салу», бала тәй-тәй жүргенде «Тұсау кесу», ұл балдарды «Атқа мінгізу» рәсімдерін орындаймыз. Енді осы салт – дәстүріміздің бірі «Тұсау кесу» рәсімін орындасақ деген ниеттеміз. Тұсау кесу бала тәй-тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. «Тұсау кесілмеген бала» көп сүрінеді дейді. Тұсау кесу рәсімі ұлғада, қыз балағада жасалады. Тұсауды ала жіппен кеседі, ол біреудің «Ала жібін аттамасын» деген мағына білдіреді. Жүйрік бол, шауып кет деген тілектерді айта отырып, балаларымыздың тұсауын кесіп берулеріңізді сұраймыз.

Сіздердің жолдарыңызды берсін деген ниетпен Майтөбе ауылының әкімі Ғ.Б. Дүйсенбаев және Майтөбе ауылының биі Ш.Е.Кубегенов мырзаларды ортаға шақырамыз.

  1. Тұсау кесу

Жүргізуші: Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, теріп ал несібіңді,

Ризығың болсын көл – көсір!

Жүргізуші: Жақсылыққа қашанда. Жан баласы тоймаған.

Жаңа жылдың басы деп. Жылда бізбен тойлаған.

Тойын жасап енді. Қуанышқа бөленді.

Жарқыраған жас нұрлы. Жаса, Наурыз, дәстүрлі!

Майтөбе ауылының тұрғыны, көп балалы ана, әже Алиева Наркыз Мусадиновна ханымды біздерге арнап, Наурыз мерекесіне арнап өзі жазған өлеңін оқып беруін сұраймыз.

  1. Өлең оқу.

Жүргізуші: Қазақ халқы қашанда әр елде өзінің ұлттық киімдерімен көзге түсіп, танымал болған. «Арайлым» бөбекжайының Ақ жаулықты әжелері, ардақты аналары, сұлу да сүйкімді қыздары сіздердің алдарыңызға қазақ халқының ұлттық киімдерін ұсынғалы отыр. Қарсы алыңыздар!

  1. Ұлттық киімді нағыштау.

Жүргізуші: Наурыз мерекесінде ұлттық ойындарымызды ойнамай қалуға болмайды. Той тойлайық тамаша! — деп құрметті қонақтар қазақ халқының ұлттық ойындарымен жалғастырайық.

  1. Екі команда шығару. «Қыран», «Барыс».

Ойындар:

1.Асық ату             2. Қол күрес             3.Арқан тарту.

Осы ойынға әділ қазы мүшелерін сайлайық

Н.Керимкулова

А.Джауылбаева

Қ. Усенбеков .

Жүргізуші:Майтөбе ауылының мәртебесін көтеріп жүрген, барлық іс-шараларға атсалысып, қатысып жүрген ардақты ана, ақ жаулықты әже, ауылымыздың әжелер кеңесінің төрайымы А.З.Джуылбаеваның ұлттық биімен қарсы алыңыздар.

  1. Ұлттық би

Жүргізуші: Ұлы күнде, халайық. Қалай қарап қалайық
Сәйгүліктей ағайық. Жасын болып жанайық!
Ортамызға атамызды шақырып Ақ батасын алайық!

16.Бата беру. Ж.Бекжанов.

Жүргізуші: Наурыз тойын әдемі.Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі. Наурыз көже пісірді.

Ашылды да кебеже. Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге. Жеті түрлі ас салды.

Бидай, күріш, тары бар. Бар сүт ет пен шұжығы.

Ащы құрты тағы бар. Көже – елдің ырзығы…

  1. Дастарханға шақыру.

Жүргізуші:Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық! Қош сау болыңыздар!

 

 Алиева Гулбахар Черкасовна,
Методист в ясли сад «Арайлым»

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.