Home » Мақалалар » Туған — жерім тынысым

Туған — жерім тынысым

 Кез келген адам баласы үшін оның туып өскен жері қашанда ең ыстық, ең жайлы мекен болары сөзсіз. Әуелі кіндік қаның тамып, сол жерде балалық шағың өтеді, кейіннен өсіп сол жерді тұрақтайсың, сені өткеніңмен, болашағыңмен байланыстыратын да осы туған өлке. Бірер сәтке туған жерден алыстап, басқа мекенге жол тартсаң табаның топырағына тиген өлкеңнің ауасын сағынып, көңіліңе кірбің ұялататыны тағы бар. Туған жерге деген махаббат әрбір жанның жүрегінде ерекше орын алады. Туған жер, туған өлке, туған мекен. Отан деген кішкене сөзде қаншама мән мағына жатыр десеңізші. Отан туралы ой толғасаң оның шегіне де жетіп бола алмайсың. Басқа өлкеге тұрақтап, қайта айналып келгенде сен туып өскен жер құшағын айқара ашып, ерекше толқыныспен күтіп тұрғандай көрінеді. Бұл да бір Отаныңа деген махаббатыңның көрсеткіші секілді. Сыр елі, жыр елі атанған Қызылорда да туып өсіп, балалық шағымның ең қызықты кезеңдерін осы мекенде өткіздім. Сондықтан да туып өскен киелі мекенімізді ардақтап, ұлықтау өскелең ұрпақ біздің қолымызда.

Сәдуақас Гүлбану

Текей батыр Қарпықұлы атындағы колледж
«Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы
бойынша 2 курс білім алушысы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.