№69 «Бескепе» негізігі орта мектебінде әлеуметтік педагог Г.Адамбекованың ұйымдастыруымен «Қайырымдылық -адамгершілік белгісі» атты қамқорлық қайырымдылық акциясы өткізілді. «Қамқорлық» республикалық қайырымдылық акциясы дәстүрлі түрде жылда өз жалғасын тауып келеді. Акцияның басты мақсаты: күнкөрісі төмен, көпбалалы және аз қамтылған отбасы балаларына, жартылай жетім балаларға көмек көрсету. Дәлелсіз себептермен сабақтарға ұзақ уақыт бойы қатыспаған оқушыларды анықтау және есепке алып сабаққа тарту. «Қамқорлық» акциясының іс-шара жоспары түзіліп, бекітілді. Жоспар бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың нақты есебі алынып, акция барысында демеушілер тарапынан түскен қаржыға мектебіміздің азқамтылған, көпбалалы, жартылай жетім отбасы балаларына көмек көрсетілуде. Акция барысында мектебімізге демеушілер шақырылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Акцияға жеке кәсіпкерлер, мектеп ұжымы түгел қатысып өз қаражаттарына мектебіміздің оқушыларна демеушілік көрсете отырып, қыстық киім-кешектер, спорттық киімдер, мектепке қажетті оқу-құралдары берілді. Атап айтатын болсақ Жаңа тұрмыс ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Расулов Сулейман Зиябекович мектебіміздің 3 оқушысына қыстық киімдерін алып берді. Мектебіміздің директоры: Ерлан Бегалиев екі оқушыға жылда демеушілік жасап келеді. ДОІЖО: Орынкул Шырынбекова, ДҒІЖО: Жеңіскул Тютебаева, ДТІЖО: Толғанай Көлбаева, кәсіподақ төрайымы Саодат Елгандиева, әлеуметтік педагог: Гулзираш Адамбекова және барша мектеп ұжымы шама-шарықтарына қарай демеушілік көрсетті. Акция кезінде 3 аз қамтылған отбасы, 2 көп балалы отбасы, 1 жартылай жетім отбасы балаларына әлеуметтік қолдау көрсетілді. Демеушілерімізге, мектеп ұжымына үлен алғысымызды білдіре отырып, Сіздерге Алланың нұры жаусын деп тілейміз!
Адамбекова Гулзираш Нуртазаевна,
№69 «Бескепе» негізгі орта мектебі
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагогы,
ОҚО, Сайрам ауданы, Бескепе ауылы