Home » Ашық сабақтар » Қазақстан үшінші жаңғыруы –білімнің үлесі

Қазақстан үшінші жаңғыруы –білімнің үлесі

 

  • Шығармашылық тақырыбым:
  • География сабағында оқушыларды диалогты оқыту арқылы сыни тұрғыдан өзіндік ой -пікірлерінің дамуы.
  • Мақсатым: оқушыларға диалогты оқыту арқылы сыни тұрғыдан өзіндік ой пікірлерін дамыту, алған білімдерін өмірде қолдана білетін  жеке тұлғаны қалыптастыру.
  • Күтілетін нәтижем: Оқушы қоғамның белсенді азаматы болады, өз көзқарасын құра біледі, диалогтік қарым-қатынасқа түсіп, сыни тұрғыдан ойлана отырып оны жан- жақты талқылайды, өз ойларын еркін жеткізе алатын тұлға қалыптасады.

Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері  аясында ғана жүзеге асырылады. Егер мұғалім мен оқушы арасында  білім игеруді  бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады.

Сабақтың барысында үнемі емес, ішінара оқытудың ойын түрін ұйымдастырып отыру баланың белсенділігін, сабаққа деген сүйіспеншілігін арттырады. Бастапқы ойын түрлерін ұйымдастыру, сабақтың 10-15 минутына дейін жеткізіліп жасалса, бала жалықпайды, шаршамайды. Сабақты ойынмен бастап, ойынмен аяқтау баланы мезі қылады, қызығы қашады. Сабақты ойын түрінде жүргізудің басты мақсаты алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау арқылы жүргізілсе оқушы қабілеті артып, белсенділігі күшейеді. Әдетте сабақта қолданылатын ойындар 3 – 4 сабақтан кейін, оқу стандартына сай тапсырмалармен басталуы тиіс.

ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры. Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.

География сабағында  оқушыларды диалогты оқыту арқылы сыни тұрғыдан өзіндік ой -пікірлерінің  дамуы  арқылы оқушылардың   сабаққа  деген  қызығушылықтары   мен  құлшыныстары мен  үшін – үлкен жетістік.  Міне, менің   оқушыларымның  ойы  енді  ұшқыр, биік, кең  өрісті болды. Олар   енді   еркін  ойлауға,  өз  ойын  тікелей  айтуға,  менімен тең  дәрежеде   әңгімелесуге, түсінбеген  жерін  сұрауға, тіпті  өз  проблемасын  еркін  айтуға  жағдай   туғызады  деп  ойлаймын.

Нұрбаева Серіккүл Әнісқызы,
Түркістан облысы,Түркістан қаласы
№24 мектеп
география пәнінің мұғалімі.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.