Home » Жаңалықтар » Балалар соғысқа қарсы!

Балалар соғысқа қарсы!

Алматы қаласы Жетісу ауданы «№102 ЖББМ» КММ-де Ауғанстаннан әскерлердің шығарылуына 30 жыл толуына байланысты «Балалар соғысқа қарсы» атты сурет байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты оқушыларға азаматтық және әскери патриоттық тәрбие беру, оқушылардың Отан алдындағы сезімдерін арттыру және  елжандылықты қалыптастыру. Сурет байқауында бастауыш сынып оқушылары тарих бетінен сызып алынып тасталмайтын бұл соғыстың қысқаша тарихына шолу жасап, соғыстың барлық халықтар үшін орны толмас қасірет екенін көрсетті. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман-сау оралып, туған жерімен, елімен қауышқан майдангер өскелең ұрпаққа Отан алдындағы интерноционалдық борышты қалыптастыруға зор ықпал етері анық.

«Ешкімде ешқашан ұмытылмайды» тақырыбында Отан үшін отқа түскен жауынгерлердің ерліктерімен таныстыратын Ауған соғысында қаза болған батырларымызға арналып бұрыш жасақталды.

 

Ауэлбекова Г.У.
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.